2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз



бет1/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

1.Тістерді тазалаудың авторлар бойынша бөлінуіне сипаттама беріңіз.
2.Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз.
Смит-Белл әдісі («физиологиялық»)
Щеткамен тістеу және шайнау кезінде тіс беткейімен өтетін тағамдардың жолын қайталайды. Щетканы шайнау беткейіне қылдары онымен тіке бұрыш түзейтіндей етіп қояды. Щеткамен басын жеңіл басып және айналдыра отырып, шайнау беткейімен жүргізеді, әрі қарай (вертикальды бағытта) – вестибулярлы беткеймен қызылиек жиегіне жүреді.
Әдістің артықшылығы: физиологиялығы.
Әдістің кемшілігі: техникалық күрделілігі, қызылиек жарақаттану қаупі.
Рейте әдісі
Вестибулярлы және оральды беткейлерді сыпырушы қозғалыстармен, ал шайнау беткейлерін – горизонтальды қозғалыстармен тазалайды. Вестибулярлы және оральды беткейлерде қылдар тағам өтетін жолмен кері бағытта өтеді: қызылиек жиегінен шайнау беткейіне. Алдымен қылдарды тістердің вертикаль осіне параллель орналастырады, бұл кезде қылдар ұштары қызылиекке жанасады және жолдың соңында қылдар тістің осімен тік бұрыш түзейді.
Әдістің артықшылығы: қызылиек жарақатының аз мүмкіндігі, қылдардың тісаралық кеңістіктерге енуі.
Әдістің кемшілігі: техникалық күрделілігі.
Леонард әдісі
Вестибулярлы және оральды беткейлерді вертикальды қозғалыстармен тазартады, ал шайнау беткейлері – горизонтальды қозғалыстармен тазартады. Рейтте әдісінен өзгешелігі вестибулярлы беткейлер тістер жымдасқан кезде тазартылады, ал қылдар әрқашан тістер беткейлеріне перпендикуляр.
Щетка қозғалысы:
а) төмен қарай: жоғарғы тістердің мойындарынан олардың шайнау беткейіне (күш салып), төменгі тістердің шайнау беткейлерінен олардың мойындарына (күш салусыз);
б) жоғары қарай: төменгі тістердің мойындарынан олардың шайнау беткейіне (күш салып), жоғарғы тістердің шайнау беткейлерінен – олардың мойындарына (күш салусыз).
Әдістің артықшылығы: қозғалыстардың үнемділігі, қызылиекті жарақаттау қауіпі аз.
Әдістің кемшілігі: жоғары техникалық күрделілік.

Фонес әдісі
Тек қана айналмалы қозғалыстармен орындалады. Вестибулярлы беткейлерді тазарту үшін тістерді жымдастырады. Щетканы С1-ге қояды, қылдар тазартылатын беткейге перпендикулярлы. Щеткамен басы екі жақтың тістерін бір уақытта ала отырып және оған жанасатын қызылиек жиегінде шеңберлер жасайды. Оральды беткейлерді тазарту үшін де осындай қозғалыстар орындалады (жоғарғы және төменгі жақтар әрқайсысы бөлек). Шайнау беткейлерін де осы айналмалы қозғалыстармен тазартады.
Әдістің артықшылығы: қозғалыстардың бір түрі әдісті меңгеруді жеңілдетеді, қызылиек массажы жасалады.
Әдістің кемшілігі: контактты беткейлердің жеткіліксіз тазалануы, ауру периодонттың механикалық жарақаты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет