Қан айналысының кiшi шеңберіоң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан (truncus pulmonalis) басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмiр қышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпiршiктерiне карай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетедi, осы сәтте қандагы көмiр қышқыл газ өкпеге, ал оттегi керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанга айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады. Сонымен қан айналысының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен аякталады. Адамда жүректен шыккан қан қан айналысының үлкен-кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30 секунд ішінде кайтып оралады.