83.Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі секрецияның реттелуі.
Ұйкы безi 2 түрлі тіннен:
а) ас қорыту сөлін бөлетін ацинус
б) қанға гормондар бөліп шығаратын А және В жасуларынын кұрылған шашыранды Лангерганс аралшықтарынан тұрады.
Ацинус тiнiнiң сөлі түтікше аркылы 12 елі ішекке құйылады. Бұл ұйкы безiнiц сырткы секрециялық қызметі. Лангерганс аралшыктарында түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды. Демек ұйкы безі ішкі секрециялы без.
Ұйкы безі латынша панкреас деп, осыған орай оның ас қорыту сөлі панкреас сөлі деп аталады.
Ұйқы безінен сөл алу. Ұйқы безінің сөл шығару қызметін, оның кұрамын білу үшін иттің панкреас түтігіне фистула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын ұйқы безінің түтігі ашылған жерінен ромба тәрізді етіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімен бірге сыртка шығарылады (И.П. Павлов, 1879). Ұйкы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас корыту үрдісі бұзылмайды. Сыртка шығарылған түтіктін аузына зонд кіргізіп, ас қорыту кезінде ұйкы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің құрамын, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге болады. Адамнын ұйкы безінен таза сөл алу киын. Сондықтан адамға жіңішке зонд (резенке түтік) жұтқызып, оны қарыннан ішекке өткізіп одан сөл (таза болмаса да) жинауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |