Ұйкы безi сөлiнiң құрамы мен кызметi.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі (pH 7,8-8,4). Онын құрамында 1,0% құрғақ зат болады. Ол негізінен белоктантұрады (0,5-1,0%).
Тәулігіне ұйкы безінен 1,5-2 литрдей сөл бөлініп шығады, ондай сөлден 10 грамдай белок жинап алуға болады. Ол негізінен түрлі ферменттерден тұрады. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, эластаза, рибонуклеаза.
Без сөлінде трипсиноген, химотрипсиноген күйінде бөлiнiп шыққан трипсин мен химотрипсин белокты ыдырата алмайды. Ол үшін iшек сөлі құрамындағы ферменттер ішектін шырышты кабығында түзілетін энтерокиназаферментімен әрекеттесуі шарт. 1893 ж. осы ферментті И.П. Павлов iшек сөлінен тауып, оны ферменттердін ферментідеп атады. Энтерокиназа трипсиноген ферментін трипсинге, ал трипсин баска ферменттерді, айталық химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады.
Трипсиноген мен химотрипсиногенді трипсин, химотрипсинге айналдыруын iшек сөлiне Ca² ионын қосу аркылы тездетуге болады. Трипсин мен химотрипсин белок атаулыны амин қышқылдары сатысына дейін ыдыратады. Бұл екі ферменттің әсері жағынан бір-бірінен айырмашылығы олар белок түзетін амин қышқылдарыменпептидтердің арасындағы әртүрлі байланыс тізбектерін бұзады және олардың ыдырату шапшандығы біркелкі емес.
Достарыңызбен бөлісу: |