1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Тәжірибе жасады (Л. Лючнани, XIX ғасыр)



бет28/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Тәжірибе жасады (Л. Лючнани, XIX ғасыр) белгілі бір жануардың мишығың жартылай не түгелдей алып тастаса, дененің қимыләрекеті әжептәуір бұзылатыны айқын көзге түседі. Адамның мишығына кенеттен қан құйылса да осылай болады. Иттің мишығын мүлде алып тастаса атаксияға (жүріс-тұрыстың бүлінуі) ұшырайды: ол жүрген кезде тәлтіректейді, теңселеді (мас адам сиякты) сирақтарын адуындап алшақ басады . Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында, соңында еріксіз және керексіз қимылдар(астазия) жасайды -- теңселіп, шайқалады. Дене еттері солғын тартып күшінен (астения), табиғи тонусынан айырылады (атония),дәлірек айтсақ дистония туады, яғни ет топтары тонусының біркелкілігі, осыған орай қимылдың да біркелкілігі (дәлдігі) бұзылады (дисметрия) және дененің екі жағындағы бірыңғай еттер қимылының біркелкілігі бұзылады (асинергия). Әсіресе өте тез орындаудықалайтын мақсатқа сайкес қимыл-әрекеттері орындалмайды (адиадохокинез). Мишығы зақымдалған адам әдеттегідей желдіріп та биғи екпінмен сөйлей алмайды: біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлейді, оның дауысы бірде қатты, бірде ақырын шығады (дизартрия).

Мишықтың бір жақ жартысын алып тасталса, сол жақтың ғана қимылы өзгереді. Өйткені жұлынға барар жолда мишықтың жүйке талшықтары екі жерде, яғни қызыл ядродан жоғары және одан төмен жерде (Форель түсійпесінде) айқасып мишықтың бір жағынан екінші жағына өтеді.

Денесінің бір жағы ғана гипотонияға ұшырауына байланысты жануар зақымданған жағына карай айнала береді. Өйткені сау жағында адымы әдеттегіден әлдеқайда ұзарыңқы болады. Җоғарыда келтірілген мысалдар мишық өте нәзік шебер қимылдар жасап, олардың дәл орындалуын қамтамасыз ететінін көрсетеді. Мишық қыртысында дененің әрбір етімен байланысқан зоналар бар.Бұлар қызметі жағынан ми қыртысының дәл осындай қимыл (моторлық) зонасымен тығыз байланысқан. Мишық жұлынмен торлы құрылым, қызыл ядро, Дейтерс ядролары арқылы байланысқан.

Мишықтың көзбен, құлақпен байланысқан ядролары да бар.Академик Орбели мишықтың вегетативтік қызметтерді реттеуге де катысатынын көрсетті. Оның кейбір бөліктерін электр тогыментітіркендірсе, ішек жиырылуы, сөл шығару, қоректік заттардың ішектен қанға сіңуі, қандағы қант деңгейі, тер шығуы өзгереді.Мишық сондай-ақ сопақша мидағы вестибулярлық ядролармен де детығыз байланысты. Маймылға тәжірибе жасап, оның мишығын  алып тастаса, дене тепе-теңдігі бұзылады (дисэквилибирация).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет