Істерді хаттау



Дата31.01.2023
өлшемі293,5 Kb.
#64157
түріЛекция
Байланысты:
2944633195066 ДО1 08.06.20 каз


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жоғары Колледж


Пән: Балалар әдебиеті


Тақырыбы: Тыныс алу, үн реңкі, орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы рөлі.


Лекция
Оқытушы: Набиева Ш.Қ.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
2020 ж.
Тыныс алу, үн реңкі, орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы рөлі.

1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Мәнерлеп оқу — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.


Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Ал мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.
Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:
– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;
– Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;
– Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;
2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
1960-1970 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде және Қаз.ССР ағарту Министрлігінде оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын дамытып, жаңа оқу-әдістемелік құралдар шығарып, дидактикалық материалдар жасалды. Республика ғалымдары ауылдық жердегі балабақшаларда адамгершілік, еңбекке баулу, ана тілін (қазақ тілі) оқыту, сөздіктер пайдалану, ерте жастан оқыту мәселелерін зерттеді. “Мектепке дейінгі балаларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеу” бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие секторының ғылыми қызметкерлері В.И.Андросова мен Б.Б.Баймұратовтың монографиясы негізінде жарыққа шықты.Бала тәрбиесінде үлкен орын алатын мәселенің бірі – балалардың тілін дамыту. Ы.Алтынсарин атындағы институтта мектепке дейінгі тәрбие бөлімі сөйлеу мәдениетінің мазмұны мен әдісі, дұрыс сөйлеудің грамматикалық түрлері, тілдік байланыстарды дамыту бағыттарында жұмыс істеді. Сондай-ақ өлең оқыту, сөйлей білуді меңгерту әдістері де зерттелді. Республикадағы тіл дамыту сабақтарын ерте жастағы топтарда ауыл балаларын қала балаларымен қатар бірдей дәрежеде меңгерту зерттеле бастады. Бұл мәселеде республикаға еңбек сіңірген мұғалім, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Б.Б.Баймұратова үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол өз еңбегінде, әсіресе, қазақ балаларының тілін дамыту, ана тілін оқытуды ұйымдастыру әдісі, қазақ балабақшаларында көркем сөйлеуге баулу мәселесін қарастырған. “Бағдарламаның” қазақ тілінде шығуына байланысты, 1964 жылы Б.Баймұратовтың “Біздің кітап” деген тәрбиешілерге арналған оқу құралы жарық көрді. 1974 жылы бірінші “Біздің кітап” 2–4 жастағы балаларға арналған 1978 жылы “Балалар әдебиетінің хрестоматиясы” жарық көреді. Бұл кітаптарда халық шығармалары, қазақтың классик және совет жазушыларының, ақындарының шығармалары балалардың ана тілін меңгере отырып, тіл дамытуы үшін пайдаланылды.
Ана тілін (қазақ) әр жастағы балалалар топтарында Х.Қожахметованың “Мәнерлеп оқу” оқулығы үлкен қызығушылықпен қолданылды. Бұл “Бағдарламада” (1971) балабақшада ана тілін мәнерлеп оқу әдісін кең қолдану көрсетілген болатын. 1970-1980 жылдар аяғында республикада алты жасар балаларды мектепке дайындаудың эксперимент (сынақ) жұмыстары жүргізілді. Бұл – оқулықтар мен бағдарламаларды дайындауға деген ынтызарлықты туғызды. Б.Б.Баймұратованың жетекшілігімен ғылыми зерттеу институттында мектепке дейінгі тәрбие ісіне арнап бірнеше оқулықтар жазылды. Сонымен 1960-1970 жылдары балабақша тәрбиесінде жаңа бағдарламалар жасалып, балалардың жан-жақты дамуына қатысты көптеген іс-шаралар атқарылды. Республика көлемінде бағдарлама бөлімдерінде көрсеткендей ұлттық шығармаларды оқыту (қазақ халық ертегілері, халық қолөнері, ұлттық ойындар, ән, би т.с.) балаларды оқытып, тәрбиелеуде айтарлықтай жақсы нәтижелер беріп, интернационалдық тәрбиенің дамуына әсер етті. Республикада (Б.Баймұратова, Л.А.Давиденко, Р.Жумагожина, М.Т.Турскелдина және т.б.) қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, денешынықтыру пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдар ұлттық балабақшалардағы тәрбиешілерге көмекші құрал болды. Мұның бәрі республикадағы балабақшалардағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы жағынан жақсы дәрежеге көтерілгенін көрсетеді. Болашақта мектепке дейінгі педагогиканы дамыту, кенжелеп қалған ғылым саласына үлес қосу болашақ жас ғалымдардың үлесі дей тұрғанмен де, балабақшалар бүгінгі таңға дейінгі жарияланған ғылыми-әдістемелік еңбектерді басшылыққа ала отырып, өздерінің алға қойған мақсат-міндеттерін айқындап, құқықтарын, қызметтерін жетілдіру үстінде. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беру жүйесін шығармашылық тұрғыдан жаңартуға көңіл бөлінуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты мен оқу-әдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес «Мектепалды даярлығы» бағдарламасы 1999 жылы жарық көрді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес мектепалды даярлығына арналған оқу-әдістемелік кешендер «Алматы кітап» баспасында даярланды. Әмина Әмірова министрліктің тапсырысын орындауға атсалысқан авторлардың бірі. Ғалымның міндетті мектепалды даярлыңына арнап жазған «Сауат ашу» №1, 2, дәптерлері, «Сауат ашудан» әдістемелік нұсқауы, хрестоматиясы, дидактикалық ойындары 2004 жылы баспадан жарық көріп, бүгінде республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдары мен мектеп жасындағы даярлық сыныптарында қолданылып келеді. Бұл оқу-әдістемелік кешендердің жоғары орындарымен арнаулы кәсіптік білім беру мекемелерінде болашақ мамандарды даярлауда «Тіл дамыту мен мәнерлеп оқу әдістемесі» пәнінде толық талқылануы, ертеңгі маманның мүмкіндігіне, онымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.
Зерттеуші С.Желдербаеваның «Мәнерлеп оқу» деген кітабында балаларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмыстарының түрлері келтіріледі. Атап айтсақ:
- мұғалім әңгімелесу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады;
- сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру. Ол үшін мұғалім әрине, сөйлеу техникасына нелер жататынын білуі тиіс. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.
Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершілікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту – оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ пәндік құзыреттілікке қол жеткізгеніміз.
3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – көркемсөз өнерінің бір тармағы. Көркем сөз оқу өнері мен мәнерлеп оқудың ұқсастығы екеуінің де шығарманың тақырыбына, айтайын деген ойына көңіл бөліп, автордың көзқарасын тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізе білу. Яғни шығарманың толық мазмұнын ұғындыру. Бұлардың айырмашылығы: көркем сөз оқу өнерінің мақсаты - сахнада көркем сөз оқитын артист даярлау болса, мәнерлеп оқудың мақсаты-жас бїлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру құралы болып қызмет атқару.
Жалпы көркем сөз оқу 3 бағытта дамып келеді:
1. Халық ауыз әдебиеті арқылы;
2. Жазушылардың, ақындардың өз шығармаларын көпшілікке
оқып беру арқылы; 
3. Көркем шығарманы өнер адамдарының орындауы арқылы.
Мәнерлеп оқу - әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.
Мақсаты: оқушылардың көркем шығарманы эмоциялық- эстетикалық жағынан әсерін сезіндіру, жан беру,сөз бояуларын нақышына келтіріп, сезе білу.Бұл өлеңде де ,әр сөзіне мән беру,ұға оқу, ақын сезімін түсіну, сөздерді дұрыс қолдана білу, оның қуатын, сұлулығын сезіне білуге жетелейді. Мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың тіл ұстарту қабілетін арттырып, әдеби тілде дұрыс сөйлеуге машықтандыру, шешендік өнерге баулу. Сөз сөйлеу құдіретіне ие болу-адамның жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрінен де жоғары екендігін танытатын қабілеттерінің бірі. Сөз адамдар арасындағы қатынас құралы. Осы орайда мәнерлеп оқу пәнінің балаларға тигізер пайдасы өте зор. Өз ойын жүйелі, анық, нақты жеткізе білуге үйретеді.
Міндеттері. Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар ментеорияларды талдай білуге дағдыландыру.
4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
Қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан тұрады:
1.Сауат ашу және тіл дамыту:
2. Оқу және тіл дамыту:
3. Фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
Көріп отырғандай, тіл дамыту осылардың бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады.Яғни мәнерлеп оқу тіл дамытусыз жүрмейді.Ал «тіл» немесе «тіл дамыту» — ол лигвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
Мектепке дейінгі балалардың мәнерлеп оқуын дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша белгіленген. Алайда әлі оқи,жаза білмейтін балалрға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса,тәрбишілер тіл дамыту сабағын жоспарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті.Сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріледі.
Болашақ тәрбиеші мұғалімдерге мәнерлеп оқу мен тіл дамыту пәнің байланыстыра отыра оқытып,қалай жақсы нәтижеге жетуге болады?
1.Балаларды(дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру;
2.балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сөздердің мағыналарын салыстыру ;
3.бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру;
4.балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу;
5.сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
6.балалардың сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. 7.Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді түзеп, грамматикалық мағыналарын түсіндіру.
8.Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету, сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонацияның жекеленген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру.
Сондықтан мәнерлеп оқу мен тіл дамыту пәнін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығынада байланыстыра отырып оқытудың маңызы зор.
5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
Мәнерлеп оқудың негізгі мазмұны, ерекшелігі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Соның ішінде ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.
Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті болады. Балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:
- байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог);
- тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;
- сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.
6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі-кідіріс (пауза). Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады. 
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі-сөйлеу қарқыны (темп). Сөйлеу қарқыны дегеніміз- шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс күші де басты роль атқарады.
Дауыс күші дегеніміз - дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әректін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдерінің бірі - сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі – сөйлеу нақышы (тембр). Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы дейді. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болуы мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.
7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
Бала тілі ересек адамдардың сөйлеуі әсерінен қалыптасады және үлкен дәрежеде бала өмірінің алғашқы күнінен бастап сөйлеу тәжірибесінің жеткілікті болуына, қоршағандардың қалыпты сөйлеуіне және тәрбиелеу мен оқытуғ атәуелді.
Сөйлеу туа пайда болған қабілет болып табылады, ол онтогенез үрдісінде баланың физикалық және ақыл –ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады. Бала мен анна тілін меңгеруі қатал заңдылықтармен өтеді және барлық балаларға жалпы бір қатар белгілермен сипатталады. Сөйлеу тілі патологиясын түсіну үшін қалыпты балаларды сөйлеу тілі дамуының барлық реттік жолын нақты елестету керек, осы үрдістің заңдылықтарын және шарттарын білу қажет, осыдан оның жақсы дамуы тәуелді.
Бұдан басқа, осы үрдісте бұл немесе басқа ауытқушылықтарды уақытында байқау үшін бала тілі дамуының әр кезеңін нақты елестету керек. Мысалы: 1 жыл 4 айдағы бала әлі сөйлемейді. Бұл қалыпты жағдайма, жоқ па екенін шешу үшін педагог қалыпты дамыған кезде бірінш ісөздер қай уақытта пайда болу керек екенін білу қажет.
Балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеруі үшін қажет. Осылайшы, кейбір мамандар 3 жастағы балаларды дыбыстарды айту кезіндегі ауытқушылықтарды жою үшін логопедке жібереді. Олдұрыс па? Жоқ. Өйткені сөйлеу тілінің қалыпты дамуында да осы жастағы балаларға кейбірдыбыстарды дұрыс емес айтуы тиісті болады. Физиологиялық тіл мүкістігі деп аталатын бұл көрініс толығы мен заңға сыйымды және артикуляциялық аппараттың әлі толығымен қалыптаспауы мен шартталады.
8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
Дем алудың түрлері; тыныс алу,(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару,)дауыс, жатады.Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Тексті мәнерлеп оқушы,әңгімелуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып,дағдылануы тиіс.Сонда ғана дикциясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
Дауыс.Сөз сөйлеуге дауыс қатысады. Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады.Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шығады.Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы)ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі,басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады. Егер айналадағылардың сөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз, дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз. Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп,бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып, сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді. Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше, қатал, салқын үні нақышталады.
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.
9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талдап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған,дағдыланбаған адам коркем шығарма мәтінін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізе алмайды.Сөйлеу техникасын игеру тәсілін музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе,орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз естіледі.Демек,мәтінді оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.Сөйлеу техникасына тыныс алу(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару),дауыс,дикция(үн реңкі) жатады.Мәтінді мәнерлеп оқушы сөйлеу техникасына үздіксіз жаттығып дағдылануы тиіс.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айырықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ,сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтардан қарау қажет.
Мәтінді мәнерлеп оқушы,әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып дағдылануы тиіс.Сонда ғана дикцясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу апаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі
кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Орфоэпиялық және орфографиялық қателер. Сөздердің әдеби тілдегі дұрыс айтылу және жазылу нормасын бұзушылық оқушылар жұмыстарында көп кездеседі. Орфографиясы қиын сөздерді қате жазу өз алдына, оның үстіне, көп сөздерді орфоэпиясы бойынша жазып қояды (көзғарас, шегара, гиограф, алалмадым т.б.). Ал ауызекі тілде сөздердің естілу әуен-ырғағының дұрыс болуына мән бермей, жазылу бойынша айта салады.
Төменгі сыныпта орфоэпиялық және орфографиялық қателердің бірқатары сөз мағынасын түсінбегендіктен туады. Кейде шала-шарпы естілуі бойынша, мағынасына ой жібермей жаза салған сөздерінде жоғарыдағы екі түрлі қате қосарланып жүреді. Мысалы: тес пергенде (дес бергенде), кескіріскен (кескілескен), әлеумент (әлеумет) т.б. мұндай дыбыстардың өзгеруі арқылы пайда болатын қателер оқушылардың жұмыстарында білетін, қиын емес сөздерде де кездесіп отырады. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету - әдеби тілді меңгертудің бір жолы.
Дауыс ырғағы – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Дауыс ырғығы — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі.
Дауыс ырғағы— ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Дыбыстау ырғағы, ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айырықша ерекшеленуі айқындалады.
Дауыстың жоғары ,орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып , өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыру керек.
Мәтінді оқып беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше ,қатал, салқын үні нақышталады.
11 Сөйлеу мүшелері,оның жұмыс жасау ерекшелігі. Адамның сөйлеу мүшелері – артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат. Олар, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері болып табылады. Сөйлеу мүшелері: а) дыбыс жасауға қажетті ауа ағынын тудыратын және өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); ә) дыбыс жасауға тікелей қатысатын сөйлеу мүшелері болып екі топқа бөлінеді
Адамның сөйлеу аппараты I – мұрын қуысы; II – ауыз қуысы; III – дауыс түтігі; IV – тамақ (кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы); V - өңеш (тамақ жүретін жол). 1 – тістер; 2 – еріндер; 3 – қатты таңдай; 4 – жұмсақ таңдай; 5 – тілшік (увула); 6 – жұтқыншақ; 7 – тіл (a – тіл алды, б– тіл ортасы, в – тіл арты, г– тіл түбі).
a – бойлық қиық: 1 – жұтқыншақ; 2 – жалған дауыс шымылдығы; 3 – қалқан шеміршек; 4 – нағыз дауыс шымылдығы; 5 – дауыс саңлауы; 6 – кеңірдек шеміршегі. б – көлденең кесік: 7 – желбезек шеміршек., 8 - сақина шеміршек. Сөйлеу мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке – дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланыста болады. Сөйлеу мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам,дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша,мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізі алмақ емес.Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді.Демек,тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
Қандай да болсын көркем шығарманы түсініп қабылдау балаларға бірден қиындық келтіреді. Алғашқы күннен бастап, баланы оқылған шығармаларды дұрыс таңдай білуге үйрету қажет. Сондай-ақ көркем шығарма әрі танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәнін түсіндіру. Соған сай әр топта оқылатын көркем шығармалардың өзіндік мақсаты бар. Мысалы, 2-кішкентайлар тобындағы ертегі, шағын әңгіме, өлең жаңылтпаш бойынша жұмыстар жүргізіледі және осы топтардан бастап шығарма жанрын ажырата білуге үйрету керек. Осы топтағы тәрбиеші ертегі немесе әңгімені ауызша баяндап бергені тиімді. Ал шығарма үлкен болса шығарманы бөлікке бөліп баяндау қажет. Баяндап болған соң сұрақ-жауап арқылы бала түсінігі тексеріледі. Өлеңмен таныстыруда әрбір сөздің дыбысына орфоэпиялық ережеге көңіл бөлу керек. Оқылған шығарманың мазмұны жағынан бала түсінігіне сай өмірде сол тақырыпқа ұқсас бала таныс оқиғаға сәйкес келсе сұрақ арқылы сол оқиғамен шығарма мазмұнын салыстыру керек. Тәрбиешінің ескерткені оқылған шығармадағы жаңа сөз мазмұнын түсіндіру, сөйтіп тәрбиеші көркем әдебиетпен таныстыра отырып, бала тілінің жан-жақты жетілуіне байланысты, яғни дыбыстық мәдениетімен сөздік қорына, грамматикалық құрылысына әсер етеді. Ал естиярлар тобында көркем әдебиетпен таныстыру күрделене түседі. Бұл топта тәрбиеші оқылған шығармалардың жанырын айтудан бастайды. Сонымен бірге шығарма тіліндегі теңеу, салыстыру сөздерді сол сөзбен мағыналас, балаларға бұрыннан таныс синоним арқылы түсіндіруге болады. Ал өлеңді оқығанда өлеңнің әрбір тармағына, ұйқасқа көңіл бөлу қажет. Бұл топта сөздік қорды дамыту жұмысы одан әрі жалғасады.
Ересек топта поэзия мен прозаны ажырата алады. Сонымен қатар бұл топта кейіпкер ерекшеліктерін талдау, олардың іс-әрекетін бір - бірімен салыстыру жұмысы жүргізіледі. Мысалы, бір ертегіні оқып болған соң, қандай ертегі оқылды? Неге ертегі деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қоюға болады. Бұл топта сөздік жұмыс жүйелі жүргізілуі тиіс. Жаңа сөздерді еске түсіру мен даярлық топта бала кейіпкерлердің жақсы іс-әректіне сүйеніп, жаманнан жиреніп, өз ана тілінің байлығына көңіл бөлетіндей дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан бұл топта шығарманы бір рет оқығанда бала оның жалпы мазмұнына көңіл бөлсе, ІІ рет оқығанда көркемдік жағынан яғни теңеу, салыстыру, анықтауыш, антоним, синоним, әрине бұл топтағы балаларды көркем шығарманы барлық жағынан түсінеді деп айту қиын. Бірақ мәнерліліктің шығарма тілінің көркем құрылысының алғашқы элементімен танысады. Бұл топта да балаларға логикалық анықтама, ереже, терминдер айтылмайды. Тек қана сөз мағыналары балаларға түсінікті тілмен, қарапайым тілмен жеткізіледі. Мысалы, шығармадағы құбылысты қандай сөзбен сипатталған, сөзді пайдалану, өз ойыңнан сөйлем құра деген тапсырма орындатуға болады. Бұл топта балалар әңгіме мазмұнын ойша жалғастырып, ерегі, әңгіме құрастыруға дағдыланады. Сөйтіп өз бетімен шығармашылық әңгіме құрастыруға үйренеді. Жыл аяғында қорытындылау әңгіме ұйымдастыруға болады. Мұндай әңгімелесу кезінде жыл бойына оқыған әңгімені бала есінде қалдырып, ұнағаны таңдалып алынады және сол шығарманың кейіпкерінің іс-әрекетіне талдау жасалынады. Кейіпкердің жағымды қасиетіне өз бағасын беруі тиіс. Бағдарламаға енген әдеби шығармалардың тақырыбы, мазмұны қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту принциптері іріктелген бағдарламалық шығармалардың барлығы қоғамдық, ғылыми техника жетістігіне, еңбек түрлерімен тығыз байланыста алынған. Олар балалардың ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын кеңейтіп, тілін жетілдіреді. Ауыз әдебиетіне кейін қаз-қаз, бесік жыры сияқты өлеңдер баланы тазалыққа, жақсы әдепке үйреніп, өкпелегіш, қиқарлық сияқты жаман әдеттен жирендіреді.
13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
Сөйлеу ырғағы дегенімізшығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу.
Cөйлеу қарқыны да сөздің нақышты шығуының әсерлі тәсілінің бірі. Дауыс қарқының түрлі реңктерін пайдалану сөзге ерекше бір өріс, ойнақылық, нақыш береді. Егер сөз бір қалыпты солғын үнмен қарқынсыз сөйленсе, ол өңі қашып сүреңсіз шықпақ. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс күші де басты роль атқарады.
Дауыс қарқынын пайдалану ережесі мынадай:
Тексті баяу қарқынмен оқу (бұл оқу МЖД балаларға ,қабылдауы кіші балаларға тиімді).Шығарма бау қарқынмен орындалса, оның түрлі реңктері ерекше айқындалып, сөз мәнерлі шығады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
 Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті
14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде пайдаланылатын шығарма түрлері:әңгіме, ертегі, мысал, өлең-тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел, санамақ және басқалар.
Балдырғандар көркем шығарма оқиғасын шынайы өз мағынасында түсінеді. Психологтардың пайымдауы бойынша балалар көркем шығармадағы іс-әрекетті, оқиғаны тура мәнінде қабылдайтын көрінеді. Бұл әңгіме, ертегі естілгеннен кейінгі алған әсерін олардың іс жүзіне асыруға ұмтылуынан байқалған.
Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-әрекеттері балдырғандарға қатты әсер етеді. Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінде көрсетеді. Кейіпкерлерге еліктеу олар үшін өмір шындығын сезініп, тану мектебі іспетті. Есейген сайын мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі айналадағы заттарды түсіну негізінде молаяды. Балалар енді айтылған сөзді көбірек түсінеді. Оларды оқытуда ертегі, әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады. Баланың айтқан сөзді ұғынуы ой-түйсігінің дамуын ілгерілетеді. Сөйлеу кезінде грамматикалық құрылымды ұғуды, байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды қалыптастыру кез келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
5-6 жастағы бала жеңіл өлеңді, контекстегі кейбір образды тіркестерді айыра алады, мағынасын түсіндіре біледі, сөйлеу сазының кейбір түрін ұғынып алады. Арнайы зерттеулер бойынша жасалған қорытындыларға қарағанда, 5-6 жастағы балалар сөйлеу сазын тек ұғынып қана қоймай (интонациясының барлық компонентінің жиынтығын), оны өзінің сөзінде белгі ишарамен(имитация арқылы) қайталайтыны да мәлім көрінеді.
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді, өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні дыбыс әуені, мәні, бүкіл бітім, табиғаты ауызекі естілгенде ғана сыр-сымбатты жарқырап шықпақ тереңірек танылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай – «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» деген. Өлең сөздің құдіретті, күшті қасиетін бала бойына ерте бастан, сіңіру, зердесіне жеткізу, құлағын қандыру көзделеді.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса , оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.
Қазақ өлеңдерінің құрылысы жөнінде бірталай елеулі еңбектер болғанмен, өлең оқу техникасы жөнінде бір-ер методикалық нұсқау мен мақаладан басқа үлгі-нұсқа болатын қомақты еңбек жоқ. Сондықтан өлең жыр, тақпақ, сюжетті шығармаларды мән-мәнеріне келтіріп оқуды, ауызша жатқа айту үлгісін тәжірибе қорытындысынан мысалдармен ұсынамыз.
Қазақ өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа айтуда, оқуда өлең құрылысына, тілдің дыбыстық жүйесіндегі үндестік заңы ықпал заңдарына мұқият назар аудару, сондай-ақ дыбыстық үйлесімдер алитерация мен ассонанстың дыбысталу сазын үнмен үйлестіру – негізгі шарттың бірі.
Қазақ өлеңдерінің ерекшелігі жайында ритмикалық паузада (өлең сөз кідірісінде) тоқталғанбыз. Өлең сөз ритм, ырғақ, ұйқас, бунақ, шумақ кідірістері- қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда ,жатқа айтқанда арнайы көңіл бөлетін жәйт екенін ескерткенбіз. Сондай-ақ, қазақ өлеңінің құрылымы ерекшеліктеріне арнайы тоқталып, буын санына қарай ритмін, ырғағын ерекшелеу, ұйқасын үнмен мән-мәнеріне келтіріп оқу мен жатқа айту тағы бір шарты екенін айтқанбыз. Тармақ, шумақтардың сан мөлшерін де көрсеттік. Мұндағы мақсат – тармақ, шумақ, кідірістері кейде өлең жолындағы айтылған ой түйінін білдіру мақсатында қойылатын логикалық кідіріс не шумақтан кейінгі автордың астарлы ой қорытындысын шешуге меңзейтін психологиялық кідірістерді өлең сөздің кідірістерімен астастырылып қоя білуге назар айдарту-ды.
15. Ертегі оқу.Ерекшелігі
Балабақшада балаларды ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешінің басты міндеті болып саналады. Балабақшаға арналған оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында тіл дамыту сабағында ауыз әдебиетінің үлгілерін оқытуға баса назар аударған. Оқылған әрбір ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ерекше мән берген. Халық ауыз әдебиетінің басты саласының бірі - ертегілер. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті саласының бірі. Ертегілер өте ерте заманда тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген адамдар әр нәрсені қиял еткен. Өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жағын қарастырған.
Ертегілер мазмұны мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып
2. Хайуанаттар
3. Шыншыл
Қиялғажайып ертегілеріне жататын ертегілер ескі заманда туған. Ертегі адамдар өздерімен алысқан жаулары жайында, сол жауларды жеңу туралы қиялдап етегілер шығарған. Қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі малшы, бақташылар жайындағылар да оқушыны, тыңдаушыны бірден баурап алады. Сондай ертегілердің бірі "Күн астындағы Күнекей қыз" туралы ертегі. Бұл ертегіде қарапайым бақташы шаруаның ғажайып ерліктері суреттелген. Ертегінің басты кейіпкері қойшы бала мал бағуды кәсіп еткен шаруа өкілі болып көрінеді. Ол өзінің үй-ішін, туған-туысқандарын адал еңбегімен асырайды. Одан кейінгі бөлімде ханды сынау мақсатында алтын мүйізді киікті ғана оған сыйға тартады. Хан оған ризашылық білдірмей оны неше түрлі қиын-қыстау жұмыстарға жұмсайды. Ертегінің соңында алтын мүйізді киікті, алтын мен алтын ағашты және күн астындағы күнекей қызды алған қойшы бала мақсат мұратына жетеді.
Қиял-ғажайып ертегілеріне "Ұшқыш кілем", "Ағаш ат", "Үш өнерпаз", "Жеті өнерпаз" және т.с.с. ертегілер жатады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін жануарларды пайдалану, қолға үйрету, асырау жайында түрлі ертегілерді ойлап шығарған. Хайуанаттар туралы ертегілердің көпшілігінде адамдар хайуанаттарды жаратушы, жарылқаушы керемет күш бейнесінде алып, соларға табынған. Мысалы, оларға мынадай ертегілерді жатқызуға болады, "Ақ қасқыр", "Жігіт пен қасқыр", "Сиқыршы" т.б
"Ақ қасқыр" ертегісінде адамдар қасқырды бір жарылқаушы күш деп түсінген, яғни қасқырдың адам баласына істеген жақсылықтарын суреттеген. Басында жылқысын іздеп шыққан жігіт көкжал қасқырдың қызына үйленеді. Қырық күндей үңгірде тұрады. Жігіт өзінің қасқыр енесінің көмегімен ханның барлық бұйрықтарын орындап, өлімнен құтылып мақсат мұратына жетеді. Осындай қызық оқиғаға құрылған "Ақ қасқыр" ертегісі адамдарды қасқырды жарылқаушы ие деп көрсетеді.
Ертегілердің келесі түрі - шыншыл ертегі.
Бұл ертегілердің өзіндік ерекшелігі кейіпкерлері халық өкілдері болып келеді және бұл ертегілерде таптың сипаты басым болады. Оған "Аяз би", "Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек", "Ұр тоқпақ" ертегілері жатады. Шыншыл және тұрмыс-салт ертегілерінің басты тақырыбы еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Қарапайым адамдар өздерінің ақылдылығымен хандар мен байларды жеңіп отырады. Сондай ертегілердің бірі "Аяз би" ертегісі. Ертегінің негізгі идеясы шаруа адамның ісі мен ақылын көрсету. Ертегінің негізгі оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынған және мәні зор тартыстардың төңірегінде құрылған. Яғни қанаушылық пен езілген адамдардың арасындағы таптық қарым-қатынастар, тартыстар терең суреттелген. Хандар мен уәзірлердің жауыздығын халық, ертегінің кейіпкері "Аяз би" арқылы әшкере етеді. Халықтың ойынша енді озбыр хандар емес қарапайым халықтың жағдайы жақсарады дейді.
Ертегілердің көншілігі, "ерте, ерте, ерте екен",-деген сөздер арқылы тыңдаушыға жұмбақ оқиғамен басталады және ертегілер көбінесе қарасөзбен айтылады. Араларында өлең, ырғаққа құрылған үзінділер де кездеседі. Балабақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс кезде де жүргізіледі. Сәбилер тобында көлемі шағын ертегілер ауызша әңгімелеп беру тәсілі арқылы таныстырылады. Ал, ересектер тобында оқығанда тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Ертегіні бастамас бұрын тәрбиеші ертегі оқып беретіндігін, не үшін ертегі деп аталатындығын балаларға түсіндіру керек. Содан соң ертегінің тақырыбы айтылып, мазмұн баяндалады. Күннің 2-жартысында айтылған ертегінің мазмұнын балалар қалай түсінгендерін байқау үшін сұрақ-жауап әдісін пайдаланады немесе ертегілерді кейіпкерлендіру жұмысын жүргізуге болады.
16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.ж.д.б драмалаудың ерекшеліктері
Драмалық шығармаларды оқығанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер‑қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл‑күйі, қимыл‑қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси‑әлеуметтік, тарихи‑ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.
Драмалық шығармаларды өтерде тәрбиеші балаларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:
- тәрбиеші алдымен өзі оқып көрсетеді;
-балалар рөлдерге бөліп оқиды;
- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;
-басты кейіпкерлерге мінездеме береді;
- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.
Көркем шығарманы драмалау - баланың сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, - деген болатын әдебиет зерттеуші - ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Бала көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - баланың өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын бала қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Баладағы осы сезімді ояту - тәрбиешінің қолында, яғни, балаға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін тәрбиеші әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет.Ең басты жұмыстардың біріне балалардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни тәрбиеші осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Баланың көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде
койылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.
Олар:
а) логикалық кідірістер;
ә) психологиялық кідірістер;
б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.
Кідіріс дегеніміз - сұрату жасалғаннан бастап оның орындалуына дейінгі өткен уақыт, процестің тоқтап тұру уақыты, программалау тілдерінде келдесі оператордың орындалуын тоқтата тұру үшін қолданылатын процедура.Мысал, Паскаль тілінде ДЕЛАҮ(н) процедурасы п миллисекундқа тоқтатады.
Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Мұғалімін үлгі тұтқан шәкірт, оған еліктейтінін мектеп тәжірибесі жиі дәлелдеп келеді.
Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.»Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Психологиялық кідіріс. Мәтіннің мазмұн-мағынсына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінге дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне іс-әрекетіне қарай жасалады.
Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.
Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі
жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.
18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
Мысал дегеніміз не?
Мысал - шағын көлмеді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарманы мысал дейді. Көбіне аң,хайуанат, жәндік туралы жазылады,сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.Идеясы астарсыз, ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады.
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», -деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен бақа» мысал өлеңі
Мысал көбіне өлең түрінде жазылатын сюжетті шағын жанр. Мысалда мінез-құлық, қасиеттер ажуа етіліп,, астарлы сынға алынады, дидактикалық өсиет айтылады.
Мысал жанрында қолданылатын көркем тәсілдің бастысы аллегория (пернелеу). Мысалдың құрылысы әдетте екі бөліктен құралады: бейнелі әңгіме, оқиға-сурет және дидактикалық өсиет.
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалын 36 жол өлең түрінде И.Крыловтан аударған. Қазақ әдебиетінде алғаш мысал жанрында жазған Абай «Өгіз бен бақаны» 40 жол өлең түрінде аударған. Екі аударманың да тықырыптық, идеялық мазмұны жақын. Автор «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінде адам бойындағы көрсеқызарлық, күншілдік сынға алынады. Мысалда күншіл бақаның әрекеті екінші кейіпкер (жолдасының) тарапынан да сынға алынады. Өлеңнің жеті шумағында көл басындағы өгізді күндеген бақаның іс-әркетін оқиға желісінде өрбітіп, соңғы екі шумақта автор оқырманына қорытынды ғибраттық ой түйеді.
19. Көркем сөз өнерінің мәні.
Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөздің кадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар ("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз тапқанға қолқа жок", "Сөз тұземегенді тез түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", т.б.). Ұлы ақын Абай: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас" деп, Көркем сөз кұдіретін жоғары бағалаған. Акын-жазушылар асыл сөздің сол сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың коркемдігін арттырады, тіл байлығын молайтып отырады. Олар осы бейнелеу құралының дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңдігіне, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ тіліне "Көркем сөз" терминін А.Байтұрсынұлы енгізген. 20 ғасырдың 20- жылдарындағы шығармалар қазақ үлттық Көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылып жүр. Бұл кездегі С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Төреқұлов, М. Дулатов, С. Садуақасов, С. Қожанов, С. Мұқанов, т.б. қаламгерлер жазған Көркем сөз үлгілерінен замана тынысы, көзқарас кайшылығы, айтыс-тартыс бағыты айқын көрінеді. Көркем сөз жанрлары - кезеңдік жанрлар, яғни өз кезеңінің өзекжарды мәселелерін арқау ететін, ұрымтал, елгезек жанрлар.
Көркем сөз оқу өнері-искусствоның күрделі де қиын түрі. Көркем сөз орындаушы- конферансье де, сахнаға шығатын артист те емес. Бұл- бір өзі бүтіндей бір шығарманы ешбір декорациясыз, костюмсіз, қимылсыз тек қана сөзбен, дауыс нақышымен көрермендерге жеткізуші. Оның бар құралы-үні мен сөзі. Ол өзі орындап тұрған туынды мазмұнын әсерлі мақамымен соншалықты жанды картина іспетті тыңдаушылардың көз алдына елестетеді. Сөз өнері қазақ топырағында ертеден қанат жайғаны халқымыздың әдебиет, мәдениет тарихында мәлім. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің алуан түрлерін жыраулар, ертегішілер арттағыға қалдырып отырған. Ауыз әдебиетінің шығармаларын, эпостық жырларды мән-мәнерімен нақышына келтіріп орындау дәстүрі «сахнада» көркем сөз оқу өнерінің алғашқы көрінісі. «Бізде дайын халықтық репертуарды орындау өнері де үлкен орын алған. Орындаушылар қатарына ірі эпостық дастандарды жаттап айтқан жыраулар да қосылады. «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбайлар айтқан, «Қырымның қырық батырын» Мұрын жырау, «Манасты» Саяқбай жырлағанды. Бұл орындаушылар ұлы актерлер қатарында аталулары керек. Жыраулар ғажайып дастандарды кейінгі ұрпаққа жеткізе отырып, орындау өнерінің де классикалық үлгілерін жасаушылар, эпостағы хикаяны әңгімелегенде, ондағы толып жатқан адам мінездерін де қоса ойнаған. Олар бірге диалогпен сөйлесе, бірде монологтарды соғып кетеді».Осының бәріне лайықты үн сазын, келісті ырғағын, дауыс нақышын да тапқан нағыз табиғатынан дарынды болып туған көркем сөз орындаушылары десек те болады. Бүгіндегі көркем сөз оқу өнері театрдың туып, дамуымен тамырлас.
20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
Кез-келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны шығарманың мазмұнына сай болуы қажет. Ал негізгі дауыс сарыны дегеніміз – көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне байланысты болады. Яғни оқылған шығарма өлең түрінде жазылған ба немесе қара сөз түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріне байланысты негізгі дауыс қарқынын құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет. Әдеби шығармалар ауызекі оқу барысында, негізгі дауыс сарыны, мақамы шығарманың түрі мен мазмұнына лайықты шығады. Мысалы, оқылатын әдеби шығармалар:күлдіргі әңгіме, лирикалық өлең, сатиралық мысал және басқа түрлері де болып келуі ықтимал. Сондықтан әдеби тексті оқитын не әңгімелеп беретін орындаушының дауыс мақамы шығарманың мазмұнына орай түзеліп не қоңыржай, не салтанатты көтеріңкі, не сатиралық ащы мысқыл, не сайқымазақ күлдіргі, не мұңды болып келе береді.
Негізгі дауыс сарыны дегеніміз көркем шығарманың ауызша естілу әуезі. Мұны орындаушы көркем туындының кейбір суреттемелерін, оқиғасын, қаһармандарын тыңдаушыға үн мәнерімен сипаттап жеткізудің фоны ретінде пайдаланады. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне қарай түзіледі. Әдеби материалдың тақырыбына, идеялық мазмұнына, стиліне орай негізгі оқылу мақамы айқындалады. Айталық, ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы ғасырлар бойы қиын-қыстау қиыншылықты, кескілескен қан майдан-«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» жеңіп, бүгінге жеткен қазақтың өміршеңдігін, қайсарлығын, ерлігін паш етеді де, қазірде азаматтықтың асқар беліне көтерілген елдігін суреттейді.
Интонация(лат.інтоно)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
МелодияРитмТемпҚарқындылықТембрФразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні. Интонация - ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Түрлері
Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы.
Интонация сұлбасы (фр.contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.б. кіреді.
Интонация - маңызды тіл құралы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әр түрлі мағына береді. Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашылықтарын береді; сөйлеушілердің көңілкүйін, олардың әңгіменің тақырыбына, бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді.
Интонация арқылы негізгі қатынастық мағыналар: байлам, сұрақ, таңдану, ынталану білдіріледі. Интонация ауызша сөзді жазба сөзден ерекшелендіреді, оны байытып, әсерлендіріп, оған қайталанбас дербес сипат береді.
Ауызша тілде интонация:
-фразаның соңын;
-оның аяқталғанын, не аяқталмағанын;
-сөйлемнің қай түрге жататындығын (хабарлы, сұраулы, лепті) білдіреді.
Жазба тілде интонацияны оқушы тыныс белгілері арқылы біледі.Интонацияның ауызша тілді жазба тілден ерекшелендіретіндігі туралы тіл ғалымы А.Б. Шагіиро былай дейді. «-ауызша тілде біз көп кідіріс жасаймыз, тонын көтеріп, не төмендетеміз, сөз екпінін баяулатып, не жылдамдатамыз, т.б. Олар еш уаңытта жазба тілде белгіленбейді және белгіленуі де мүмкін емес, себебі ол үшін қаншама көп әр түрлі белгілер керек болар еді, шамамен алғанда музыкалың мәтіндерге ңажет белгілерден көп болмаса, аз емес».
21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін - сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Сөйлеген сөз не оқылатын текстегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс толас болады.
Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелер беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқыңанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол – әдеби текстің мән-мағанасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді.
1. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөз тактілерін бөліп тұрады.
2. Ал орташа кідірісті – логикалық кідіріс дейді.ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, бір ойды аяқтап екінші ойға көшу немесе бүтін текстің бір бөлімнен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді.
3. психолоогиялық кідіріс – сөйлеушінің толғаныс-тебіреністерімен байоанысты келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне , сөз астарына байланысты болады. Мұндай кідірістер текстің басында, ортасында, аяғында келе беруі ықтимал. Өйткені ол текстің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Сөйлеу қарқыны да сөздің нақышты шығуының әсерлі тәсілінің бірі. Дауыс қарқынының түрлі реңктерін пайдалану сөзге ерекшк бір өріс, ойнақылық, нақыш береді. Егер сөз бір қалыпты солғын үнмен қарқынсыз сқйленсе, ол өңі қашып сүреңсіз шықпақ. Мәнерлегіш тәсілдердің басқалары сияқты сөйлеу қарқына да шығарма мазмұнына байланысты шықпақ. Ол орындаушының айтқысы келген оймен тығыз байланысты болады. Қысқа текстің өзінде де дауыс қарқыны өзгеріп отырады, бірақ олар бір-бірінен жігі бөлінбей үйлесіп, бірегей болып естілмек. Шығарманығ мазмұнына қарай сөйлеу қарқынының әр түрлі реңтерде пйдалану дауысқа ерекше дыбысталу, үн, нақыш береді. Бәрақ текстің мазмұнына байланыссыз қарқынды түрлендіре беру сөздің табилығын бұзады. Сондай-ақ ешбір реңсіз бірсыдырғы өарқын сөзді жансыз етежі де тыңдаушыларын жалықтырып жібереді.
Дауыс күші
Көркем оқу мен әңгімелеп беру тәсілінің біріне дауыс күші де жатады. Дауыс күші оның қатты шығуы емес. Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтылығы, тазалығы, оны игере біліц, яғни ақырын да, орташа да, қатты да сөйлеп, қаттыдан ақырынға , керісінше ақырыннан қатты сөйлеуге көше білу. Жалпы дауыстап оқу, әңгіме айту орташа қоңыржай дауыспен орындалады. Текістің мазмұнына байланысты дауысты берде көтеріп, бірде төмендетіп отырады. Сөйлеу темпі тәріздес, дауыс күші де интонацияның бір элементі. Дауыс күші көркем сөз орындаушыға кейіпкерлер образын жанды етіп көрсетуге, олардың іс-әрекетін , мінез-құлқын сипаттауға көмектеседі.
22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы — әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, сұлулыққа,көркем сөйлеуге тәрбиелеу, көркемсөз оқыту арқылы шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Көркемсөз оқуға баулу көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі.
Мәнерлеп оқудың кезінде :
•оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін
сезіндіру;
•көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз
бояуларының нақышын сезе білу;
•көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне
болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етілсе, көркемсөз оқуда оқушының тіл тазалығы, дикциясы, мақамы және психологиялық болмысы есепке алынады. Көркемсөз оқу мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету қажет.Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіп отыру да қажет.
23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
Сөйлеу техникасы - бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларынын кешені.
Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармақтарымен тамаққа одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді. Жұтқыншақ қуысына келген ауа одан әрі не ауыз қуысы, не мұрын қуысы арқылы өтеді. Өкпе 2 таран қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады және өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда демеп отырады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсына орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты роль атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстармен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп, діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы – тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты роль атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б, П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О, Ө, Ұ, Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – таңдай.
Тандай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі қүрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбыстау мүшесінің бірі – иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді. Ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе ауыз қуысы тарылады да қысаң дауысты пайда болады. Осы дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы меңгергеннен кейін сөйлеу техникасының төселу жолдарына көңіл бөлу керек. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:
1. дұрыс тыныс ала білу
2. дауысты жаттықтыру
3. үн реңкін қалыптастыру
Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет /диафрагма/ төмен түседі.
24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.[1][2]Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен с-йлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.
Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б.) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды]—[қолқойды] емес, [кәсібодақ]—[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан.
25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
Балабақшаларда тәрбиелеу және білім беру жұмыстарының негізгі түрі – ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті. Ол жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген балалар тобында тәрбиешінің басшылығымен өткізіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдай жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, ҰОІӘ түрлерін (ойын- ҰОІӘ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету, т.б) белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.
Бағдарламада бұл жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халық ауыз әдебиеті, балалар жазушыларының шығармалары, туысқан халықтар әдебиеті ұсынылады.
2-3 жастағы балаларға ертегілерді аузекі әңгімелеп, 2-3 рет қайталайды. Соңынан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін жаттығу жүргізіледі. Ертегі оқудан бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Мысалы: «Лақтар мен қасқырлар» ертегісі оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау (қайтті? қандай? не істеді?), т.б. қимыл-қозғалыс жасау. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланелеграфта орын ауыстырып көрсету, балаларға түзеттіріп, дұрыс орналастыру.
Сәбилердің бірінші тобында бір ҰОІӘ – де ойната оқылатын әр түрлі тақпақ оқып, тыңдауға болады.
Екінші сәбилер тобы: Бұл топқа оқу жоспарына сәйкес күніне 2 ҰОІӘ – нен аптасына 10 ҰОІӘ өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет оқу жұмыстарына аптасына 1-3 сағат беріледі. Аталған ҰОІӘ – нің түрлері бір-бірімен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені тіл дамыту, сөз қорын молайту, әдебиет пен айналадағы өмір шындығына негізделеді.
Оқу жылы бойында балалар жеке басына қажетті бұйымдар (киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ) жөнінде толық мағлұмат алып, оларды сөзбен дұрыс айтуға тиісті. Сондай-ақ балаға бұрыннан танымал заттардың айрықша белгілері, ұқсас жақтары жайындаа атап айту, көрсету, түсіндіру қажет. Бала өзі білетін түрлі заттарды көлемі жағынан (үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, жалпақ-жіңішке) салыстыра айтуға, кейбір қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге тиісті. Күнде кездесетін, өздері қарым-қатынас жасайтын кейбір табиғи заттардың сапалық өзгешілігі жөнінде ұғымдарын қалыптастырады. Мысалы: Құм құрғақ, сусып тез төгіледі. Құрылыс тек дымқыл құмнан жасалады. Су суық және жылы болады. Жеңіл заттар суда қалқып, жүзіп жүреді. Түрлі заттарды суға салып, көрсете отырып сұрау. Тәрбиеші сәбилерге таңертең, күндіз, кеш, түн, мұнда, онда, жоғары, төмен, алыс, жақын, алға - артқа, оңға-солға сөздерін; заттың көлемін (кішкене, орташа, үлкен, санын – артық - кем, тепе – тең, қанша, сонша, бірден, біреуден т.б. түсіндіріп, балалардың білім дағдыларын біртіндеп кеңейтеді.
Ораңғы балалар тобы: Бұл топтағы ҰОІӘ-нің мақсат –мазмұны біршама күрделенеді. Әр ҰОІӘ-те балалар дербес орындайтын жаттығу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Олардың ойлау, қабылдау, таным әрекеттерін дамыта отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау көзделеді. Әрбір ҰОІӘ –те қолданылатын әдістемелік, көрнекі және техникалық құралдар, логикалық жаттығу жұмыстары, балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарыеа қажетті материалдар, әдеби шығармалар, суреттер дайындайды. Көрнекі құралдар бағдарламада көрсетіліп тіл дамыту ҰОІӘ-не сәйкес жұпталады. Тағы бір ерекшелігі- олар өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескекрмейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы – тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады.
Әңгімелеп беруге үйрету: Бұл балалар үшін ҰОІӘ –нің ең күрделі түрі. Сондықтан ортаңғы тобында өтілетін әңгімелесу ҰОІӘ – нде көрнекілік әдісі басты рөл атқарады. Адамгершілік, қарапайымдылық дағдыларын жетілдіру шешуші рөл атқарады. Бақылау жұмыстарында ҰОІӘ мазмұнына лайықты көркем шығарма оқу, бала ұғымына орай жеңіл жұмбақтар шештіру, өлең мазмұнын бақылаған объектімен салыстыра айтқызу (өлеңде не туралы айтылған, балалар көбелекті не істейді?, т.б.) қажет. Мұндайда мысалы, Т.Молдағалиевтің: «Қызыл – жасыл көбелек» деген өлеңінен үзінді оқылады:
Ұстасамда өзіңді
Қинамаймын ұрмаймын.
Шығармаймын көзіңді,
Қанатыңды жұлмаймын.
Баланың көбелекке деген аяушылығын, қамқорлығын білдіретін өлең шумақтарын ҰОІӘ мазмұнына дөп келетіндей оқып түсіндіру, өлеңдегі баланың іс-әрекетін балалардан сұрап, олардың көзқарасын айтқызу.
Көркем әдебиет оқу: Ересек балалар тобында оқуға, әңгімелеуге, жаттап айтуға, мәнерлеп оқуға арналған шығармалар бағдарламада оқу тоқсандарына бөлініп, бас – басына талдап көрсетіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеудің пәрмен – құралы көркем әдебиет. Сол себепті ересек балалар тобында көркем шығарма оқуға баса назар аударылып, шығарма оқуға қойылатын талаптар бағдарламада атап көрсетіліп, айқындала берілген. Ол міндеттер мыналар: шығарманың көркемдік мазмұнын сезініп, айрықша көңіл күймен қабылдай білуге, оқиғаның баяндалу ерекшелігін түсініп, түйсіне білуге үйрету: a) салтанатты, қуанышты сезіммен орындалатын, байсалды баяу үнмен оқылатын, әзіл сықақ түріндегі шығармалар Адам әрекетіне тән міңез-құлық сипаттары бейнеленетін фантастикалық ертегілердің басталуы мен аяқталуы, өлеңмен және қайталама сөз тіркестерімен беріліп, өлең араласатын ( «Бес ешкі», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» т.б. ) ерекше мақтаныш сезіммен орындалатын шығармалар.
Көркем әдебиет шығармаларын оқу процесінде қолданылатын негізгі әдістер: бұрын оқылған кітап, жеке шығарма жөнінде сұрап әңгімелесу. Әңгімелеп айтқызу. Балалардың таңдауы бойынша оқу, балалармен әңгімелесу барысында олардан қандай ертегі, әңгіме білетіндерін сұрап, не себепті? Деген сұрақтар қою арқылы анықтау. Ол ертегі, әңгімеде Кім? Не? Жайында баяндалатынын әңгімедегі кейіпкелердің іс – әрекеті, қауіп төндіретін жағдайлар, не күлкілі – сықақ тудыратын жерін есіне түсіріп, айтып беруін талап етіп, өздігіне ой қорытындысын жасауға үйрету.
Табиғатпен таныстырғанда І.Жансүгіровтың « Жазғытұры», Абайдың «Жазда» (үзінділерін оқу), Т. Молдағалиевтің « Көл», М.Жұмабаевтың «Жайлауда», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Мақтаншақ қоян», Қ. Сапарбаевтың « Туған жердің ыстығы – ай», жан –жануарлар дүниесіне, туған өлкеге, сүйіспенщілікке, адамгершілік жылы сезісге баулу ісіне негіз болады.
Тақпақ жаттауда қолданылатын ұтымды әдістер: жаққа бөліп оқыту, драматизациялау, кейіптендіру, т.б., сөзге баяу балалармен жиірек сөйлесу.
Көркем әдебиет шығармаларын мәнерлеп оқуға үйрету жұмысында сұрақ-жауап (диалог) түрінде жазылған «Түйе – түйе – түйелер», «Қара өрік пен сары өрік», «Көйлекті маған кім берді» т.б. шығармалармен мақал-мәтелдер, өлең-тақпақ оқып беріп, жатқа айтуға үйрету өте тиімді болады.
26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән — мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже — қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген.
Шығарманың белгілі бір жанр аясында болуы – жай ғана нәрсе емес. Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік болмысын айқындайды. Бір сюжет бірнеше жанрда әр түрлі шығарма береді. Ол шығармалардың көркемдік сипаты, эмоционалдық күш-қуаты жанрдың қасиеттеріне байланысты.
Мысал ретінде:Мен әжемді өте жақсы көремін. Әжемнің болғаны қандай тамаша! Менің әжем 8 наурыз мерекесін ерекше жақсы көріп, асыға күтеді. Менде бұл мерекені жақсы көремін. Сол күні әжемнің балалары, немерелері бәріміз әжемді барып мерекесімен құттықтаймыз.Әжем біздің келгенімізге қатты қуанады. Біз ән айтамыз, би билейміз, тақпақ айтамыз және әжемізге шағын сыйлықтарымызды ұсынамыз. Ол кісі бізге өте риза болып көңілденеді. Осындай әжемнің барын мақтан тұтамын. Әжеміз ортамызда ұзақ жасап жүре беріңіз!
Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклоры балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логикалық, жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.
27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
Дикция дегеніміз әр сөзді дрыс айту. Дикция екінші сәбилер тобынан басталады.
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі – балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші – педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.
Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалылығына, кей дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмектеседі.
Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады.
28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
Сөйлеген сөз не оқылатын мәтіндегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс, толас болады. Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасау жай ғана кідіріс емес. Ол- әдеби мәтіннің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөздерді бөліп тұрады. Ал орташа толасты – логикалық кідіріс дейді. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, екінші сөзбен айтқанда, бір ойды аяқтап, екінші ойға көшу, немесе бүтін мәтіннің бір бөлімінен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Кейде жазба тілде мәтіннің мұндай бөліктерін абзацтан бастайды. Алайда сөз түйіні үзілістің ұзақтығында ғана емес, мазмұнына байланысты болады. Кейде ұзақ толас психологиялық кідіріске айналып кетеді де, көркем сөйлеудің мәнерлі тәсілі ретінде сөз мағынасын күшейтеді. Станиславский: «психологиялық кідіріс – ойды үнсіз емеурінмен тап басып дәл жеткізу тәсілі. Үнсіз толас жасаудың өзінде салмақты мән жатыр, өйткені ол сөзді көзқарастың түрлі өзгерісімен, пішіннің құбылуымен; сондай-ақ қарым-қатынас жасауды өзінен-өзі не әдейі қолданылатын болар-болмас қимыл әрекеттерімен толықтырады», - дегнді.
Сөйтіп, логикалық кідірісті мәтіннің мағыналық түйінін меңзеуге, ойды ұштауға қолдансақ, психологиялық кідірісті тыңдаушылардың көңіл күйіне әсер ету үшін пайдаланымыз.
Психологялық кідіріс сөйлеушінің толғаныс-тебіреністерімен байланысты келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне,сөз астарына байланысты болады. Сөйтеп бұл жайт оның творчествалық жұмысын сипаттайды. Мұндай кідірістер мәтіннің басында, ортасында, соңында келе беруі ықтимал. Ол тыныс белгілерімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін.Өйткені ол мәтіннің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Мәтінді оқуға не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық кідірісті алдын ала белгілеп алу керек.
29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады.Дауыс - сөйлеген адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін, тыңдаушыға бағыттап отырады. Дауыстың естілуі - физиологияльщ әрекеттің нәтижесі. Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Ортақ табиғи дауыспан қатар әр адамда қосымша дауыс сарыны мен обертондар болады. Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап, қайталанып сөйлеу әуенін түзейді. Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп, байқап, фонетикалық, дыбыстық, буындық жаттығулар жасап, сөзге сөз тіркестеріне қойылатын екпінді ажырата білу міндет. Жаттығу кезінде неғізгі бірнеше шарттарды тиянақты орындау керек:
1) жаттығу бөлмесінің ыңғайлылығы, таза, кең, жарық, құрғақ, орта қалыптағы жылықта болуы;(20с-24с)
2) Уақытқа бөлу, уақытты дұрыс пайдалану;
3) Жаттығу кезінде ойды бөлмеу, нақты бағыттау;
4) Киімнің, аяқ киімнің қозғалысқа ыңғайлы болуы; (спорттық үлгідегі болғаны дүрыс);
5) Маңдайға, самайға, бетке түсіп, алаңдатпас үшін шаштың жинақы болуы;
6) Қажетті деген құралдардың болуы (қол айна, қол орамал, скакалка, сақина і (обруч), ұзын таяқша (1 -120 м), орындық.
Сөз сөйлеуге дауыс қатысады. Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты. Адам сөйлеуге ыңғайланғанда, ең алдымен ауа жұтады, одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады.Әркімнің өз даусы (дауыс нақышы) болады. Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады.Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шығады. Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы) ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда,дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады. Егер айналадағылардыңсөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз,дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз. Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп, бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып,сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді. Дауыстың жоғары,орташа,төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы,нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап,диапазонын анықтап,ширақ шығуын жаттықтыруы керек. Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше,қатал,салқын үні нақышталады.
30.Дикция (үн реңі).
Дикция (латынша) – айтылу, айту деген мағына.
Дикция- мақам яғни сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуы.
Дикция сөз сөйлеудің, айтудың анықтығы, тазалығы. Әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп, дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Тағы да бір ескеретін мәселе, айтылған сөздің мағынасына мән беру. Айтылатын ойдың нақты, анық болуы үшін орфоэпиялық сауаттылық пен сөз байлығы, логикалық ойлау кеңістігінің жан-жақтылығы, философиясы болу керек.
Талаптар:
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі-балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді,кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып,өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыруы керек. Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады,яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап,бір қалыпты қозғалуы мен поэициясы жағдайында ұстау.Бұл жаттығулар еріннің қимылына,жақтың жылдам ашылуына,тілдің жылжымалығына,кей дыбыстарды (р,ш,с ) дұрыс айтуға дағдыландырады,тез сөйлегенде,созып сөйлегенде т.б.кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді. Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де,кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып,сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде,өз беттерінше шұғылданады.
Мәнерлеп оқудағы дикцияны қалыптастыру – айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы. Мұғалім оқушылардың дикциясын қалыптастыруда бірден–бір жол шығармаларды, өлеңдерді мәнерлеп оқыту үшін ережелерін үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады.
«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.Дикция дегеніміз-дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) жетілуі. Әсіресе бір типті дауысты дыбысардың (а, ө, ұ, и, у, ы, е, о) анық айтылуына көп көңіл бөлген дұрыс, бұл бір типті дауысты дыбыстардың бірыңғай құрылуы дауыстардың жақсы шығу жағына, себепкер болады. Шығарма желісінде дауыссыз дыбытардың (қ, к, ш, г, д, ) жеңіл, анық болуына көңіл аудару керек.
31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
Дыбыстардың құрамы
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
Дауысты дыбыстар— дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у, ұ, ы. т.б.
Жіңішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, ү, і. т.б.
Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде. "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. 
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады: - дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы; - дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады; - дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады; - дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады; - дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады; - дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады. 
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы,і. Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D1%8B%D0%B7" \o "Ауыз" Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у).
Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі(Ассимиляция согласных звуков, звуковая ассимиляция)Ассимиляция – латын тілінен «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин. (латинский термин, который означает «уподобление»).
1. Толық ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатады.(Полная ассимиляция – один звук полностью уподобляет себе другой звук). Мысалы: жазса, сүзсе сөздерінде -с- дыбысы –з- дыбысын өзіне толық ұқсатып, айтуда жасса, сүссе болады (жұмысшы-жұмышшы, сөзшең-сөшшең)
2.Жартылай ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне ұқсатпай, бір жақты, жартылай ғана ұқсатады, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбыстың, қатаң дыбыс болса, қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. (Неполная ассимиляция – один звук уподобляет себе другой звук неполностью.То есть, звонкая согласная требует присоединения звонкого согласного, а глухая согласная –глухого). Мысалы: жаз+да, тас+қа, ас+тық, оқулық+та, қазақ+тар т.б.
Бұл құбылыс сөз тіркестерінде де, біріккен сөздерде де байқалады. (Это явление наблюдается и в словосочетаниях, и в слитных словах). Мысалы: ақ бала, ақ ешкі тіркестері айтылуда ақ пала, ағ ешкі ; біріккен сөздер - шекара –(шегара), Сәтбаев – (Сәтпаев) болып айтылады, бірақ жазылмайды.
32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.
Логикалық екпінді дұрыс түсіру кез келген сөзді, не тіпті көп сөзді, айрықшалап айтуды білдірмейді. Оны дұрыс істеу үшін тек қажетті сөздерге екпін түсіріп, айрықшалап айту керек. Егер екпін керек емес сөздерге түсетін болса, тыңдаушылар сенің не айтқаныңды түсінбей, ойлары басқа жаққа ауып кетуі мүмкін. Материал жақсы болғанымен де, егер логикалық екпін дұрыс түсірілмесе, тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру қиын болады.
Логикалық екпінді әр түрлі тәсілмен түсіруге болады және олар көбінесе қабаттаса қолданылады: мысалы, дауысты күшейтуге, ерекше сезіммен айтуға, баяу және айқынырақ сөйлеуге, назар аударылатын сөздердің алдында немесе кейін (не айтқанға дейін де, кейін де) кідіріс жасауға және ым-ишаратпен білдіруге болады. Кейбір тілдерде сөздерді дауыс сарынын жоғарылату не төмендету арқылы айрықшалауға болады. Бұл тәсілдердің қайсысы тиімді болатыны сөйлейтін сөзіңнің мазмұны мен қандай жағдайда айтылатынына байланысты.
Қай сөзді айрықшалап көрсету керектігін шешерде, келесі жайттарды ескер:
1) Сөйлемде қай сөздерге екпін түсіру керектігін анықтау үшін сөйлемді ғана емес, мәнмәтінді де қарау керек.
2) Жаңа ой басталған жерге екпін түсіруге болады. Бұл, мысалы, негізгі бөлімдердің бірі немесе ойдың жаңа бағытта дамитынын көрсететін сөздер болуы мүмкін. Сонымен қатар логикалық екпінмен бір ойдың аяқталғанын да көрсетуге болады.
3) Логикалық екпінді қолдану арқылы баяндамашы талқылап жатқан сұраққа өзінің қалай қарайтынын көрсетуіне болады.
4) Логикалық екпінді баяндаманың негізгі ойларына көңіл бұру үшін де қолдануға болады.
Осындай жолдармен логикалық екпінді дұрыс түсіру үшін, баяндамашы немесе дауыстап оқушы өз материалын жете түсініп, оны тыңдаушыларына жеткізуге деген шын ықыласы болу керек. Езраның заманында нұсқаулар қалай берілгені туралы Нехемия 8:8-де былай деп жазылған: “Кітаптан Құдайдың заңдарын анықтап оқыды, әрі мағынасын түсіндіріп отырды, сондықтан халық оқылған нәрселерді түсінді”. Бұл жерден Құдайдың заңын оқып, оны түсіндіргендер халықтың айтылғандардың мәнін ұғып, өмірде қолданғандары маңызды екенін түсінгенін анық көруге болады.
Логикалық екпінді дұрыс түсіре білуге көмектесетін тағы бір нәрсе — тыңдаушыларыңа жеткізгің келген негізгі ойларды нақты білуің керек. 
33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
Мәнерлеп оқу — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер. Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құралы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері. Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады,сүйіндіреді,таңдантады,күйіндіреді,жылатады,күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:
– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;
– Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;
– Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде койылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру. Олар: а) логикалық кідірістер; ә) психологиялық кідірістер; б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.
Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Мұғалімін үлгі тұтқан шәкірт, оған еліктейтінін мектеп тәжірибесі жиі дәлелдеп келеді.
Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.
34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады. Музыкада - дауыс төмен (жуан), жоғары (жіңішке) және "қойылған", "қалыпқа түскен" (арнайы маманданған кәсіпқой әншінің дауысы, сахна сөзі), сондай-ақ "қалыпқа түспеген" (арнаулы білім алмаған әуесқой әншінің дауысы, тұрмыстағы әдеткі сөйлеу, тілдесу) болып бөлінеді. 
«Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеліс қозғалысының қарқындылық кеңдігі.
Сөйлеу аппараты.
Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері; өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, (кішкене тіл) тіс, ерін, иек т.б.
Дауыс.
Сөз сөйлеуге дауыс қатысады.Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі.Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады.Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады.Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады.Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады.Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады.Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ.Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ,үні таза шығады.
Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы)ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда,дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі,басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.
Егер айналадағылардыңсөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз,дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз.Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп,бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып,сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді.
Дауыстың жоғары,орташа,төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді.Көркем сөз орындаушы,нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап,диапазонын анықтап,ширақ шығуын жаттықтыруы керек.
Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн,сонда ғана оның жұмсақ,жылы лебі немесе керісінше,қатал,салқын үні нақышталады.
35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
Тіл дыбыстары -сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады. 
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. 
Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, балаларға мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ,сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтан қарап балаларға лайықты етіп түсіндірген жөн..Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. HYPERLINK "http://www.netref.ru/739-oni-668-i-aza-tilinde-71-i.html" Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі бала өз тәрбиешісіне еліктейді. Балалардың алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сез тіркестерінен тұратын сейлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын тұсініп оқуына жетелейді. Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.
Бала тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін кішкентай кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түседі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, тіл дыбыстарының анық шығуы мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті. 
36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
Әдеби сөйлеудіңдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби сөйлеудің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби сөйлеу деп нені түсінеміз?
Әдеби сөйлеу деп – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидаларын айтады; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әдеби сөйлеумен қатар,сөйлеу әдебіде бар. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Әдеби сөйлеу деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, сол шеңберде ғана қарап, әдеби тілді жазба тілмен тану, екінші жағынан, әдеби тіл тарихын халықтың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып қарау.
Тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбыстық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы керек. Ол талап тәрбиешіге көркем әдебиетті балаларға мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады. Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы интонациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де сақтамайды. Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қарауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар күшін салуы керек.
Тілдің әдеби болуы үшін төмендегідей талаптары мен ережелері бар:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек."Тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі";
4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.
Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.
37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.Яғни,бала санасына көркем әсер қалдыру үшін,осы пәннің маңыздылығы зор. Бұл пәннің маңыздылығы -болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып,мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төсілдіру,үйрету,жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу , дикция(үн сазы) т.б. дауыс сапасын дамыту жолын көрсету. Мәнерлеп оқу пәнінде студенттерге мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің ерекшелігі, және бөбектерге арналған кітаптарды ,әдеби шығармаларды таңдау , сұрыптау , пайдалану баса айтылады .
Балаларға шығарма оқу бөлімінде әңгімелеу, тәрбиешінің әңгіме айтып беруі , оның ерекшелігі , әңгіменің түрлері, тәрбиешінің творчестволық әңгіме құруы , оның методикасы, әңгімені нақышына келтіріп орындау, тәрбиешінің үлгі-әңгімесі, ойыншықты сипаттау, картинаға,суретке қарап әңгіме құрау,көркем шығарманы әңгімелеу, кейіпкерлерді сипаттау, олардың үнін дауыспен келтіру деген сияқты көптеген әдіс – тәсілдерді үйретеді.
Мәнерлеп оқу пәні арқылы балалардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, балалардың өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетеді.
38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер.Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құралы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді. Халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. «Сөздің көркі – мақал» деп халық бекер айтпаса керек. Балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді. Мысалы, «Отан- отбасынан басталады», «Өнер – бұлақ, білім- шырақ» т.б.сияқты мақал-мәтелдеріміз балаларға терең ой салып, көркем сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытса, жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой – қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін,тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпашпен мақал –мәтелдер. Балалар осылар арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді. Мысалы, «Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді», «Бала бал арасын қуалады, Бал арасы баланы қуалады» т.б.
«Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам» -деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды .Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады.
Қорытындылай келе, бала тілін дамытуда, ой – өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар.Осыдан үлгі өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай,мына жаһандану заманында құндылығын арттыра берейік.
39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің барлық саласына қызмет ете алатын мейлінше жетілген тілге айналып отыр. Оның сөз байлығы орасан қолайлы, жазуы орнықты. Әр алуан заңдылықтары нормаға айналды. Қазақ тілінің де өзге тілдер сияқты екшеліп тұрақталған заңдылықтары бар. Ол заңдылықтар сөздерді дұрыс таңдау, орнымен жұмсау, яғни лексикалық заңдылықтар. Сонымен қатар сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдер құрастыра білу немесе грамматикалық заңдылықтар, дұрыс айту заңдылықтары: сауатты жазу заңдылықтары секілді бірнеше салаларды қамтиды. Мәнерлеп сөйлеу өнері болашақ тәрбиешіден сөйеу техникасын толық меңгеруді талап етеді.
Сөйлеу техникасы дыбыстау мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам шығарма мәтінін тыңдаушысына мәнерлеп жеткізе алмайды. Мәнерлеп сөйлеп оқи білу үшін тілдің дыбыс шығаратын мүшелерінің қызметін жақсы білу қажет. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция деп атаймыз. Дыбыстау мүшелері немесе сөйлеу аппаратына өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, тіс, ерін, иек жатады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгісі - өкпе. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден баяу шығып, өкпеге бірден тез енеді. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі тамақ. Ол кеңірдектің жоғарғы тұсында орналасқан. Ал, дыбыстар жасауда басты рөлді атқаратын дауыс шымылдығы көмеймен байланысты. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болып, үн шығады. Дауысты дыбыстар осы дауыс шымылдығындағы дірілден жасалады. Ал үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар айтылған кезде дауыс шымылдығы сәл ғана керіліп діріл өте аз болады. Қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды. Сондықтан ол дыбыстардың құрамында үннің ешқандай қатысы жоқ. Ал кейбір дыбыстардың айтылуында ауыз қусымен мұрын қуысы жаңғырық қосады. Сөйтіп кейбір үнді дауыссыз дыбыстар мұрын қуысы арқылы жасалады. Ал дыбыстардың басым көпшілігінде ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі және жылжымалысы тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның ұшының, ортасының, артқы шенінің қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Дыбыс шығаруда астыңғы ерін мен үстіңгі ерін де басты рөл атқарады. Екі еріннің жымдасуынан Б,П дыбыстары пайда болса, астыңғы еріннің тіске қақтығысуынан Ф, В дыбыстары жасалады. Ал еріннің бірде дөңгеленіп, бірде тартылуы арқылы О,Ө,Ұ,Ү дыбыстары жасалады. Келесі дыбыстау мүшелерінің бірі – таңдай.
Таңдай жұмсақ, қатты болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иекпен басталып, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Ал жұмсақ таңдай соңғы тістен басталып, кішкене тілден аяқталады. Келесі дыбысау мүшесінің бірі – иек. Иек төмен түссе ауыз қуысы кеңейеді, ашық дауысты дыбыстар пайда болады. Ал иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыс пайда болады. Сөйлеу техникасына төселу жолдарына мыналар жатады:
Дұрыс тыныс ала білу.
Дауысты жаттықтыру.
Үн реңкін қалыптастыру.
Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек, демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі. Ал көк ет төмен түседі.
Тыныс алудың үш түрі бар:
Көк ет арқылы
Көкірек арқылы
Қабырға арқылы
Ал сөйлеу кезінде тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:
Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс, айқайлап қатты сөйлеуге болмайды.
Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.
Тамақты суықтан сақтау керек.
Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.
Әр адамның өзіндік даусы болады. Соған байланысты әр адамның даусының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.
Тәрбиеші өз сөзін анық, айқын балаға түсінікті болуына көңіл бөлуі тиіс, өйткені тәрбиеші сөзі балаларға басты үлгі болып есептелінеді. Сондықтан тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің тәсілдерін, орфоэпияның ережелерін мұқият білуі керек. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес етіп тұратын белгілердің бірі. Мысалы, алдыңғы сөз А,Е,Ы,І дауысты дыбыстарына аяқталып тұрса, сол сөзбен жалғасып айтылатын келесі сөздің басқы Қ,К дыбыстары айтқан кезде ұяңдап Ғ,Г дыбыстарына айналады. Мысалы, бала кезде, меңді қыз. Ұ,Ү,О,Ө еріндік дауыстылары айтылған кезде өзінен кейінгі буындағы Ы,І,Е дыбыстарын өздеріне икемдейді. Мысалы, үміт-үмүт, үлгі-үлгү, күміс-күмүс, құлын-құлұн


Үйге тапсырма: Берілген дәрісті мүқият оқып шығып , қысқаша конспектілеп және есте сақтау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. –Алматы,РБК. 2012 ж.
2. Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. – Алматы, «Абай атындағы ҚазҰПУ», 2010 ж.
3. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп», 1997 ж.
4. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп», 2014 ж.
5. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру бағдарламалары. – Алматы, «Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА», 2002 ж.
9

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет