1 ЖҰмыс метилметакрилат (мма) немесе стиролдың азоизомайқЫШҚылының динитрилі (АҚД) Қатысындағы массадағы радикалды полимерленуінің кинетикасын дилатометрлік әдіспен зерттеу теориялық материал



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі41,11 Kb.
#122575
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №1 (1)

Жұмысты жүргізу тәртібі
Мономердің 10 мл көлемінде АҚД ерітіндісін дайындайды. Термостаттың температурасын 60°С-қа келтіреді. Капиллярлы воронканың көмегімен дилатометрге (менискісін шариктен кішкене көтеріліп тұратындай етіп) ерітінді құяды. Дилатометрдің ішіндегі ерітіндіні ұзын шыны түтікшенің көмегімен 2-5 минут аргон газымен үрлеп, тығынмен жауып, шкаланы бекітіп, берілген температурада термостатқа орналастырып, 5 минут өткен соң шкала бойынша дилатометрдің ішіндегі ерітіндінің деңгейін бақылайды . Мәні тұрақты болғаннан кейін, өлшемдерді әрбір 5 минут сайын 40-60 минут бойы менискі өзгерісін жазады. Көрсетілген уақыт өткен соң, дилатометрдің ішіндегі полимерді этил спиртінде тұндырады. Полимерді сүзіп алып, тұрақты массаға дейін кептіріп, молекулалық массасын тұтқырлық әдісімен анықтайды.

Жұмыстың орындалуы келтірілген бейнежазба edpuzzle.com парақшасында жүктелген. Бейнежазбаны көру барысында жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беру керек.




Жұмыс бойынша есеп.
Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша әрбір студент жеке есеп тапсырады. Есепте келесі мәліметтер келтіріледі:

  1. Тәжірибені бақылау нәтижелері (1 кесте);

  2. Кинетикалық параметрлерді есептеу (әрбір уақыт кесіндісіне сәйкес түрлену дәрежесі мен полимерленудің жылдамдығы);

  3. Мономердің АҚД қатысындағы радикалды (полимерлену) түрлендіру дәрежесінің уақытқа тәуелділік графигін тұрғызу;

  4. Мономердің АҚД-ның қатысындағы радикалды полимерлену реакциясын сатылап жазу.

  5. Бірнеше өлшемдер үшін полимерлену жылдамдығының орташа мәнін табу.

  6. Жүргізілген жұмыс бойынша қорытынды жазу.



Алынған мәндерді өңдеу
Дилатометрлік әдістің негізінде полимерлену кезіндегі реакциялық ортаның көлемінің уақытқа байланысты өзгеруі жатады. Полимерлер түзілгенде олардың тығыздығы өсіп, соның әсерінен реакциялық ортаның көлемі азаяды.

1 -кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет