Құрастырған: Мадалим Еркежан
Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М
ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР СОҒЫСТАРЫ
&1-2. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының басталуы
• Тәуке хан билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығының жағдайы: саяси тұрақтылық орнады, ішкі
алауыздық азайды
• Тәуке ханның мұрагері: Қайып хан
• Тәуке ханнан кейін қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмаған: Қайып
• Сұлтандардың аймақтық сепаратизмі күшейген кезең: Қайып хан тұсында
• Кіші жүздің ханы: Әбілқайыр
• Орта жүздің ханы: Болат
• Ұлы жүздің ханы: Жолбарыс
• Қазақ мемлекеті іштей ыдырай бастаған уақыт: XVIII ғасырдың бас кезі
• Қазақстан мен Орта Азияға назарын күшейткен мемлекет: Ресей
• Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне мүдделі
болған елдер: Қытай мен Ресей
• XVIII ғасыр басында Қазақстан аумағына қауіп төндіріп тұрғандар:
Еділ қалмақтары
Жоңғарлар
Башқұрттар
Орал казактары
Сібір казактары
• Жоңғар хандығы құрылған уақыт: 1635 жыл
• Жоңғар хандығының негізін қалаушы: Батыр қонтайшы
• 1640 жылы жоңғарлар шығарған жинақ: «Далалық жарғы»
• «Олар мылтықтарын аттан түсіп ататын» деп жазған: XVIII ғасырдың басындағы неміс
ғалымы И. Георги
• Жоңғарларда білтелі мылтық пайда болған уақыт: XVII ғасыр аяғы
• Зеңбірек құюды жоңғарларға үйреткен: тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат
• Қазақ хандығына жоңғар шапқыншылықтарының себептері:
Жоңғарларда сауда жолы торабына бақылау орнатуға тырысуы
Еділ қалмақтарымен байланыс орнату
Алым-салық төлейтін тәуелді халықтың санын ұлғайту
Жергілікті тұрғындард тәуелділікте ұстау
Достарыңызбен бөлісу: |