4 Білім беру институттарының даму тарихы? Білім- ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді.
Білім беру бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда,білім бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді.
Білім беру-міндетті екі субъектісі мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар,ұйымдастырылған процесс.Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге,нақты материалдарға негізделген,мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін.Қазақстан Республикасында жаңа білім заңы 2007 жылы қабылданды. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
5 Педагогикалық шеберлік мазмұны және олардың көріністері? Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.