1 Жоғары оқу орындарының пайда болу мен дамуына қысқаша шолу?


Педагогикалық міндеттерді шешудегі мұғалімнің шығармашылығы?



бет3/6
Дата04.10.2022
өлшемі28,09 Kb.
#41198
1   2   3   4   5   6
6.Педагогикалық міндеттерді шешудегі мұғалімнің шығармашылығы?
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
7 Педагогикалық тәжірибе және мұғалім шығармашылығы?
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. 22 Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің ісәрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
8 Педагогикалық міндеттерді шешудегі мұғалім шығармашығы
Шығармашылықты үйрену?

Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында Мақсаттылық, Процессуалдық, Тұлғалық – әрекеттік және тағыда басқа арқылы дамытылады
Педагог тұлғаның шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік тәжірибиесі психологиялық, педагогикалық және пәндік білім қоры дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар іскерлік пен дағдылары жаңа формалар мен әдістер кезінде қалыптасады.
9 Педагогикалық іс- әрекет: мәні, мақсаты, мазмұны.
Педагогикалық мәдениет мазмұны өзіндік жоспарға ие: білімді тарату, оқыту, мәжбүрлеу т.б. Педагог жұмысы – кәсіп емес, оны таңдаған адамның өмірлік бейнесі, ал өзге адамдар көзқарасында ол әлеуметтік жетілудің рухани бейнесін елестетеді. Оны оқушы әлемге деген көзқарасына, әрекет ету стиліне, өміріне, әрбір құбылысқа қатынасына қарай қабылдайды.
Талантты мұғалімнің оқушысы өзіне ұқсайды. Педагогикалық кәсіби мәдениет – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту.Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету.Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету арқылы мәндік сипаттамлар жоғарғы деңгейдегі мұғалімге тән қасиет.
Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктерінің бір бөлігі – мақсат. іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет