1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы


Өкпенің респираторлы бөлігі – бұл өкпе ацинусы



бет28/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
гисторк2

Өкпенің респираторлы бөлігі – бұл өкпе ацинусы. Ацинус – ӨРБ құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі болып табылады. Ацинус респираторлы бронхиоланың қабырғасында орналасқан альвеолалардан, альвеола жолдары мен альвеола қапшығынан тұрады.
Альвеолалар өкпенің басым бөлігін қалыптастыратын қапшыққа ұқсаған арнайы құрылымдар болып келеді. Олар өкпенің негізгі функциясын –оттегі және көмірқышқыл газдың ауа мен қанның аралығында алмасуын – қамтамасыз ететін басты аймақтары.
Респираторлы бронхиолалар бірқабатты кубты эпителиймен жабылған, бұлшықетті пластинкасы жұқарған, адвентицияның дәнекер тін талшықтары интерстициалды тінге өтеді. Альвеолярлы жолдар мен қапшықтардың қабырғасында бірнеше ондық альвеолалар орналасады. Ересек адамда олардың жалпы саны орташа алғанда 300-400 млн. Альвеолалар жұқа дәнекертінді қабаттармен бөлініп тұрады, олардың құрамында капиллярлар, ретикулярлы және өкпенің эластикалық каркасын түзетін эластикалық талшықтар болады. Терен демді шығарған кезінде де өкпелердің эластикалық керілуіне байланысты альвеолалар түспей тұрады. Альвеолалар аралығында оларды қосып тұратын Кона саңылаулары табылған. Бұл саңылаулар бір альвеоладан басқа альвеолаға ауаның өтуіне мүмкіндік береді және патологиялық процесстер жағдайында альвеолярлы қапшықтардың өзіндік ауа өткізетін жолдары жабылып қалғанда газдардын алмасуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ претерминалды бронхиолаларды альвеолярлы қапшықтармен байланыстыратын Ламперт каналдары болады. Бұл каналдар ауаның коллатералды жолын қамтамасыз етеді және өкпе фиброзы жағдайында ауаөткізу жолдардың бөлігі жабылған кезінде маңызды рөл атқарады.
1 типті респираторлы альвеолоциттер: Респираторлы жас-р альвеола беткейінің 95% алып тұрады. Пішіні дұрыс емес ұзартылған. Жасушаның қалындығы ядро бөлігінде – 5-6 мкм, басқа аймақта – 0,2 мкм. Жасушаның альвеола қуысына қарап жатқан беткейінде ауаның эпителий беткейімен шектесу аланың ұлғайтатын қысқа микробүрілер болады.Респираторлы жасң ядро жоқ аймақтарына жаңасып капиллярлар орналасады. Осы аймақтарда гемокапилляр эндотелийінің базалды мембранасы эпителийдін базалды мембранасына тығыз орналасып шектеседі. Осындай аймақтарда қанмен ауаның аралығында тосқауыл (аэрогематический тосқауыл) өте жұқа – 0,5 мкм болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет