1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет1/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы.
Жүрек-қантамырлар жүйесі – құрамында қоректік заттар, биологиялық белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар қанның бүкіл организм бойымен таралуын қамтамасыз ететін ағзалардың жиынтығы
болып табылады. Былайша айтқанда,бұл жүйе адамның барлық ағзаларының тіршілігін қамтамасыз етеді.Осы жүйе қанды денеге таратушы қантамырлар мен сол қанды айдайтын аппараттан,яғни жүректен тұрады.
Жүрек-қантамырлар жүйесіне: жүрек, қан және лимфа тамырларын жатқызамыз.
Жүрек-қантамырлар жүйесі қанды ағзаларға жеткізу мен үлестіру, қантолуды реттеу, қан мен тіндер арасындағы заталмасуды реттеу және т.б. маңызды қызметтерді іске асырады. Жүрек-қантамырлар жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметінің бұзылыстары кезінде күрделі ақаулар пайда болады. Оларға жүрек ақаулары, миокард инфарктісі, атеросклероз, гипертоникалық ауруларды атап өтсек болады.
Жүректің бұлшықет тіні ерекше жасушалар–
кардиомициттерден тұрады. Кез келген қабатты ағза секілді, жүрек қабырғасы да қабықшалардан тұрады: ішкі қабықша немесе эндокард, ортаңғы қабықша немесе миокард, сыртқы қабықша немесе эпикард.

Қан тамырлар дегеніміз диаметрі әр-түрлі тұйықталған түтікшелер. Олар тасымалдау қызметін атқарады, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін, қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттейді.
Қантамырлары:

  • Артериялар;

  • Микроциркуляторлы арна тамырлары;

  • - Веналар.

Қантамырлардың құрылысы гемодинамикалық жағдайларға (қанағысының жылдамдығына, қан қысымына) байланысты болады.
Қан тамырының дамуы.Қан тамырлары мезенхимадан қалыптасады да, біріншілік және екіншілік ангиогенезге немесе васкулогенезге жіктеледі. Алғашқы бастамасы біріншілік ангиогенез ұрықтық дамудың 3-ші аптаның басында пайда болады.Ұрықтан тыс мүше саруыз қабының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл мезенхима алдымен қан аралшықтарын түзеді.Аралшықтағы жасушалар 2 топқа бөлінеді:
-Гематогенді- қан жасушалары дамитын топ
-Ангиогенді- біріншілік эндотелиоциттердің бастамасын беретін тобы,олар бір-бірімен байланысып алғашқы қан тамырының қабырғасын түзеді.
Келесі екіншілік ангиогенезде пайда болған қан тамырының қуысының қалыптасуы.
-Интраэндотелиальды механизм-жасуша цитоплазмасында вакуольдер пайда болып,бір-бірімен қосылып,жасуша ішінде саңылау қалыптастырады.
- Интраэндотелиальды (жасуша аралық) ттүрі-эндотелиоциттер бір-бірімен байланысып,қан тамырының алғашқы қуысын түзеді.
3-ші апта соңына қарай қан тамыры қабырғасындағы ет жіне дәнекер тінді қабықтары дами бастайды.

Қантамырлардың қабырғасы 3 қабықшадан тұрады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет