1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


) Ішкі мықын артериясы оның париеталдық және висцералдық тармақтары



бет16/21
Дата19.04.2023
өлшемі62,14 Kb.
#84328
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
30) Ішкі мықын артериясы оның париеталдық және висцералдық тармақтары
Ішкі мықын артериясы, a. iliaca interna, жалпы мықын артериясынан тармақталып, кіші жамбас астауына төмен бағытталып, сегізкөз-мықын буыны сызығында жатады. Үлкен шонданай тесіктің жоғарғы жиегінде алдыңғы және артқы сабауларға бөлінеді. Осы сабаулардан тармақталатын тармақтар кіші жамбас астауы мен қабырғасына бағытталады, сондықтан олар қабырғалық (париеталді) және ішкіағзалық (висцералді) деп бөлінеді.
Ағзалық тармақтары:
1. Кіндік артериясы, a. umbilicalis, ішкі мықын артериясының эмбрионалдық кезеңдегі ең бір ірі тармағы. Ол ішкі мықын артериясының алдыңғы сабауынан тармақталып, жамбастың бүйір қабырғасына алға бағытталады. Несепқуықтың бүйір қабы рғасында, кейін ішастар астында жатып, кіндік аймағына іш қуысының алдыңғы қабырғасының артқы бетімен жоғары көтеріледі. Осы тұста кіндік артериясы қарама-қарсы жақтағы аттас тамырмен бірге кіндік өзекшесінің құрамына кіреді. Туғаннан кейін артериясының көп бөлігі бітеліп, lig umbilicale laterale-ге айналады. Тамырдың бастапқы бөлігінің қызметі өмір бойы сақталады. Кіндік артериясынан екі-төрт мөлшерде жоғарғы несепқуық артериялары, aa. vesicales superiores, тармақталып, несепқуықтың жоғарғыбөлімі мен несепағардың дисталді бөлігіне бағытталады.
2. Шәует шығаратын түтік артериясы, а. ductus defferentis, ішкі мықын артериясының ал- дыңғы сабауынан басталып, алға күреді және шәует шығаратын түтікке жеткен соң, түтік бойымен жүретін екі тармаққа бөлінеді. Екеуінің біреуі түтікпен қоса шәует шылбырының құрамына кіріп, a. testicularisбен анастомозданады. Артерия шәует шылбырымен шап өзегі арқылы өтіп, атабез қосалқысына жетеді. Екінші тармағы шәует шығаратын түтікпен бірге шәует қуықшаларына барады.
Қынап тармағы қынаптың алдыңғы-бүйір қабырғасымен жүріп, оған тармақтар береді және қарама-қарсы жақтағы аттас тармақтармен анастомоз түзеді. Жатыр артериясы жа- тырдың бүйір қабырғасымен оның бұрышына көтеріліп, анабез артериясымен, a. ovarica, анастомоз түзіп, жатыр түтігіне түтіктік тармақтар, rr. tubarii, және анабезге анабездік тармақтар, rr. ovarici, береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет