1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



бет1/21
Дата19.04.2023
өлшемі62,14 Kb.
#84328
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
анат сессия


1.Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы.
Жүрек, cor- үлкен және кіші қанайналымды жүзеге асыратын орталық ағза. Пішіні конус тәрізді, бұлшықет қабырғалары жақсы дамыған. Артериялық және веналық бағаналардан дамитын 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше, 2 қарынша.
Жүректің дамуы ұрықтың алғашқы 3 аптаның басында мезенхималық жасушалардың жұп жиынтығы ретінде мезодерманың вицералдық жапырақшаларының астында пайда бола бастайды. Мезенхималық жасушалардан алғаш 2 жұп түтікше түзіледі. Кейін түтікшелер қосылып эндокард түзеді. Түтікшелерге жақын мезодерманың вицералды жапырақшалары орналасқан. Осы жапырақшалардың ішкі бөлігін миокард, сыртқы бөлігінен эпикард дамиды. Дамудың 2-ші айының соңында өткізуші жүйенің қалыптасу белгілері пайда болады. 4-ші айда өткізуші жүйенің түгел бөлімдерінің дамуы аяқталады.
Топографиялық орналасуы бойынша жүрек кеуде қуысында алдыңғы көкірекаралықта орналасқан. 2/3 бөлігі орталық сызықтан сол, қалған 1/3 бөлігі оң жатады. Жүрек өкпемен алдымен және бүйірінен, төс пен қабырға шеміршектеріне аз бөлікті алдынан жанасады.
Жүрек шекаралары:
1. Жүрек ұшы-сол ортаңғы бүғанааралық сызықтан 1, 5 -2 см медиальды, V қабырғааралықта.
2. Жоғарғы шекарасы (негізі)- III жұп қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегі, 3. Сол жақ шекара- жоғарыдан төмен доға тәрізді сызықпен III сол қабырға шеміршегінен басталып, жүрек ұшына дейін.
4. Оң жақ шекара- жоғарыдан төмен IIIоң қабырға шеміршегінен төс сүйегінің оң жақ жиегімен IV оң қабырғааралыққа дейін.
5. Төменгі шекарасы-оңнан солға қарай қиғаш IV оң жақ қабырғааралықтан жүрек ұшына дейін.
Жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы:
1)Үшжармалы қақпақша – солжақ ІV-ші және оңжақ V-ші қабыртқа шеміршектерінің төстік ұштарын қосатын қиғаш сызық бойында, төстің артында проекцияланады;
2)Екіжармалы қақпақша – солжақ ІV-ші қабыртқа шеміршегінің төске бекіген жерінде, төстің солжақ жиегінде проекцияланады;
3)Аорта қақпақшасы – ІІІ-ші қабыртқааралық тұста, төстің артында орналасады;
4)Өкпе сабауының қақпақшасы – солжақ ІІІ-ші қабыртқа шеміршегінің төске бекіген жеріне проекцияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет