1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Симпатикалық сабаудың сегізкөз бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендірілетін аймақтар



бет108/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

113. Симпатикалық сабаудың сегізкөз бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендірілетін аймақтар.
Уник 100
Симпатикалық сабаудың жамбас бөлімі 4 сегізкөздік түйіндерден тұрады. Сакральды ягни сегізкөздік түйіндер - ganglia sacrаlia, шпиндель тәрізді, әрқайсысының өлшемі шамамен 5 мм, түйінаралық тармактармен байланысқан. Бұл түйіндер сакрумның жамбас бетінде жамбас саңылауларынан медиальды түрде орналасады. Төменгі оң және сол жақ симпатикалық діңгектер бір-біріне жақындайды және I кұйымшақтық омыртқаның алдыңғы бетінде орналасқан ganglion impar түйінінде аяқталады. Бел аймағындағы сияқты, оң және сол жақтардың симпатикалық сабауның түйіндері арасында көлденең қосылыстар бар. тармактар сакральды түйіндерден шығады:
1) дәнекер тармак – rami communicantes соматикалық сакральды нервтер тармақталатын жерлерде тамырларды, бездерді, мүшелер мен тіндерді иннервациялау үшін жіберілетін сакральды жұлын нервтеріне өтеді
2) сакральды ішкі тармактар rami viscerales - ішкі нервтер, nervi splanchnici sacrales, симпатикалык сабаудың симпатикалык түйіндерінің медиалды жиегінен тармакталып кіші жамбас астауы өрімдері құрамындагы қуыстагы агзаларға жетеді
Симпатикалық сабаудың сегізкөз бөлімі түйіндерінен төменгі шажырқайлық өрімнен белінетін тармактармен қосылатын бірқатар тармақтар шығып, сегізкөзден несепқуығына дейін созылатын табақша түзеді бұл төменгі кұрсақасты немесе жамбас астауы өрімі - plexus hypogastricus inferiores s. plexus pelvinus – деп аталады. өрімнің өз түйіншелерi, ganglia pelvinа бар өрімде бірнеше бөлімді аяжыратамыз:

1) алдыңғы - төменгі бөлім, онда несепкуығын - plexus vesicalis нервтендіретін жоғарғы бөлікті және еркектерде куықасты бетін - plexus prostaticus сонымен катар шәует көпіршіктері мен шәует шығаратын түтікті - plexis deferentialis ж/е кеуекті денені -
n.cavernosi penis жабдықтайтын төменігі бөлікті ажыратамыз;
2 ) өрімнің артқы бөлімі тік ішекті - plexus rесаlеѕ mеdii et inferiores-ты жабдықтайды . әйелдерде тағы ортаңғы бөлімді бөліп көрсетеді, оның төменгі бөлігі жатыр мен қынапқа - plexus uterovaginalis, деліткінің кеуекті денелеріне – nn. cavernosi clitоridis, ал жоғарғы бөлігі жатыр мен аналық бездерге тармақтар шығарады.
Симпатикалық сабаудың сегізкөз бөлімінен аякты нервтендіретін жұлын нервтеріне қосылатын , дәнекер тармактар - гаmi communicantes шығады. Бұл дәнекер тармақтар вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің аяқтарды нервтендіретін сомалық бөлігін курайды. Бұл түйiннен кейінгі талшыктар тамырларда, бездерде және тері түктері бұлшыкеттерінде, сондай - ақ қаңқа бұлшықетінде таралып , оның трофикасы мен тонусын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет