Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
112. Симпатикалық сабаудың бел бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендірілетін аймақтар. Уник 100 Симпатикалық сабау( truncus sympathicus) – омыртқа бағанасын бойлай оның екі бүйірінде жұп орналасқан түйіндердің( ganglia trunci sympathici) тізбегінен және оларды байланыстыратын талшықтардан тұрады. Симпатикалық сабаудың талшықтары 1.Ганглиаралық (түйінаралық) тармақтар (rami interganglionares) – нерв түйіндерін ір-бірімен байланыстырады, нәтижесінде симпатикалық сабау түзіледі. 2. Сұр байланыстырушы тармақ(ramus communicans gruseus) – симпатикалық сабау түйінін жұлын нервінің сабауымен байланыстыратын тармақ және құрамында түйін арттқылық талшықтар болады. 3. Висцералді тармақтар( rami visceralis)– олар тікелей ағзаларға барады , олардың маңында ағзадан тыс өрімдер түзеді. Симпатиқалық сабаудың 4 бөлімін ажыртамыз. Олар: мойын,кеуде,бел жән сегізкөз Симпатикалық сабаудың бел бөлімі үлкен бел бұлшық етінің медиалды жиегінде орналасқан 3-5 бел түйіндерінен тұрады. - құрамында түйіін алдылық талшықтар бар, ақ дәнекер тармақтардан - ramii communicantes albi тұрады. - ramii communicantes albi тек 2-3 бел жұлын нервтерінде ғана болады. - сонымен қатар симпатикалық сабаудың бел бөлімінің бүкіл өн бойынан көптеген тармақтар шығады, олар nervus splanchinus maior et minor және кезбе нервтердің іш бөлімдерімен бірге ең үлкен сыңар құрсақ өрімін plexus coelicus- ты түзеді. Бел бөлімінен шығатын тармақтар мен нервтер: 1. Түйінаралық тармақтар- ramii interganglionares- бел түйіндерін бір-бірімен кеуде және сегізкөз түйіндерімен байланыстырушы талшықтар; құрамында пре және постганглилік талшықтар болады. 2. Сұр дәнекер тармақтар - ramii communicantes grisei- бел түйіндерін бел өрімі нервтерімен байланыстырушы. Құрамында постганглилық талшықтар және де вазомоторлық , трофикалық үрдістерді қамтамасыз етеді. 3. Ішкі ағзалық бел нервтері - nervi splanchnici lumbales- құрсақ -plexus coeliacus- іш аорталық- plexus aorticus abdominalis - жоғарғы шажырқайлық -plexus mesentericus sup -шажырқай аралық және төменгі шажырқайлық- plexus mesentericus inf өрімдерді түзуге қатынасады.