1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


​Кәріжілік-білезік буынының қанмен қамтамасыз етілуі



бет31/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116
22.​Кәріжілік-білезік буынының қанмен қамтамасыз етілуі.
ТЕКСТ.РУ УНИК 89.06
Кәріжілік артериясы a. radialis иық артериясынан шынтақ шұңқыры аймағында таралады. Жалпы кәріжілік артериясы төмен бағытталып , кішкене сыртқа қарай бүгіліп, дөңгелек пронатор бұлшықеттің алдыңғы бетімен жүреді. Кәріжілік артериясы a. radialis білектің төменгірек жағында фасция және терімен жабылып орналасады. Яғни бұл жерде жақсы анықталып кәріжілікке қысуға мүмкін. Кейінірек кәріжілік артериясы өзінің төмендеген жағын бұзбай ,кәріжіліктің біз тәрізді өсіндісінің жанында артқа бұрылады.

Кәріжілік артериясының тармақтары:



1. Кәріжіліктің қайырылма артериясы, recurrens radialis ,кәріжілік артерниясының сыртқы бетінен шынтақ шұңқыры аймағынан басталып , иық және кәріжілік бұлшықеттерінің арасынан сыртқа шығады және көршілес бұлшықеттерге бағытталады. Сонымен бірге латеральды айдаршықта a.profunda brachii тармағы, a.collateralis radialis- пен анастомоз түзіп , шынтақтың буын торы түзілуіне қатысады.



2. Бұлшықеттік тармақтар - rr.musculares, кәріжілік артериясының барлық деңгейінде тармақталып, білектің бұлшықеттеріне барады.



3. Білезіктің алақандық тармағы- r.carpeus palmaris ,кәріжілік артериясынан шаршы пронатор бұлшықеттің төменгі төмен жағынан басталып ,білезіктің шынтақтық жиегінде бағытталады.



4. Беткей алақандық тармақ- r. palmaris superficialis, кәріжілік артериясынан кәріжіліктің бізтәрізді өсіндісінде басталады. Және бұл тармақ тенар аймағының бұлшықеттерімен терісін қанмен қамтамасыз етеді.



5. Білезіктің сыртқы тармағы- r.carpeus dorsalis , кәріжілік артериясының анатомиялық табаркеркадан шыққан жерінен басталады.



6. Басбармақ артериясы- a.princeps pollicis , кәріжілік артериясынан немесе сүйекаралық бұлшықет қалыңдығында немесе оның алақан бетіне шыққан жерінен басталып, саусақтардың үш алақандық меншікті артерияларына aa.digitalles palmares propriae бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет