1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары



бет35/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116
26.Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Уник 94
I. Жоғарғы шажыркай артериясы, a. mesenterica superior деп аталады.
Ол қолқаның алдыңғы бетінен, кұрсақтық сабаудан сәл төмен (1-3 см), үйқыбездің артында басталатын ірі тамыр.Жоғарғы шажырқай артериясы бездің төменгі жиегінен шыққан сон, төмен және он багытталады. Ол өзінен он жататын жоғарғы шажырқай венасымен бірге он екі елі іішектн горизонталді бөлігінің алдыңгы бетінде орналасып, flexura duodenojejimalis-тен оң, оны көлденең кияды.
Жіңішке ішек шажырқайының түбіне жеткен соң, шажырқай табақшаларының арасына кіріп, солға шығыңқыраган доға түзеді және оң мықын шүңқырына жетеді.
Ол Мына тармақтарды береді:
• жіңішке ішекке
• Соқыр ішекке құрт тәрізді өсіндісімен
• жогарылаган жиек ішектің
• жартылай көлденең жиек ішекке.
Келесі артериялар тармақталады:
1. Төменгі ұйқыбез - он екі елі ішек артериясы,a. pancreaticoduodenalis inferior.
Жоғарғы шажырқай артериясының бастапқы учаскесінің оң жиегінен басталады да ұйқыбездің алдыңғы бетімен төмен және оң бағытталады. Төменгі ұйқыбез он екі елі ішек артериясы ұйқыбезге және он екі елі ішекке тармақтар береді
a. gastroduodenalis тармағы - жоғарғы ұйқыбез - он екі елі ішек артериясымен, a. pancreaticoduodenalis superior, анастомозданады.
2. Ішектік артериялар, aa. intestinales,
жоғарғы шажырқай артериясы доғасының шығыңқы бөлігінен рет-ретпен тармақталатын 15 мөлшерінде басталатын тамырлар. Ішектік артериялар àащы және мықын ішектер ілмегі шажырқайының табақшаларының арасына бағытталып, ащы ішек және мысық
ішек артерияларына, aa. jejunales et aa. ilei,бөлінеді.
Жалпы айтатын болсам Әрбір тармақ өз жолында екі сабауға бөлінеді, олар көршілес ішектік артериялардың бөлуінен түзілген сондай-ақ сабаулармен анастомозданып, доғалар түзеді. Доғалардан жаңа тармақтар таралып, олар қайта бөлініп, көлемі аз екінші қатар доғалар түзеді. Екінші қатар доғалардан тағыда артериялар тармақталады. Олар қайта бөлініп, үшінші қатар доғалар
және т. б. түзеді. Ең соңғы дисталді доғалардан жіңішке ішек ілмектері қабырғасына тікелей
тік тармақтар таралады. Сонымен қатар доғалар шажырқай лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз ететін тармақтар береді.
3. Мықын - жиек артериясы, a. Iliocolica
Басталады:жоғарғы шажырқай артериясының краниалді жартысынан, жіңішке ішек шажырқайы түбінен оң . Ол іштің артқы қабырғасының париеталді ішастардың астымен оң және сол төмен бағытталады.
Қанмен қамтамасыз етеді:соқыр ішекті жиек ішектің бастапқы бөлігін мықын ішектің соңғы бөлімін..
a) Алдыңғы және артқы соқыр ішек артериялары(aa. caecales anterior et posterior) соқыр ішектің сәйкес бетіне бағытталатын.
б) Мықын ішек тармағы, a. iliocolica-ның жалғасы, төмен мықын-соқыр ішек бұрышына бағытталып, aa. ilei - соңғы тармақтарымен байланысып, доға түзеді, доғадан мықын ішектің соңғы бөліміне тармақтар таралады.
b) Жиек ішек тармағы, жоғарылатын жиек ішекке оңға бағытталады. Осы ішектің медиалді жиегіне жетпей, артерия екі тармаққа бөлінеді:
жоғарылаған артерия, a. ascendens, жоғарылаған жиек ішектің медиалді жиегімен көтеріліп, a. colica dextra - мен анастомоз түзеді;
екінші тармақ жиек ішектің медиалді жиегімен төмен түсіп, a. iliocolica – мен анастомозданады.
Аталмыш доғадан жоғарылаған жиек ішекті, соқыр ішекке тармақтар және құрттәрізді
өсіндігіге - құрттәрізді өсінді артериясы, а.appendicularis, тармақталады.
4. Оң жиектік артерия, a. colica dextra,
жоғарғы шажырқай артериясының оң жағынан, жоғарғы үшінен, көлденең жиек ішек шажырқайы түбі деңгейінде тармақталып, оңға көлденең жоғарылаған жиек ішектің медиалді жиегіне бағытталады. Оң жиектік артерия жиек ішектің жоғарылаған бөлігінен қашықтықта жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді
. Төмендеген тармағы, a. iliocolica-ның тармағымен байланысады, ал жоғарылаған тармағы a. colica media-ның оң тармағымен анастомозданады. Осы анастомоздар, түзілген доғалар жоғарылаған жиек ішек қабырғасына, жиек ішектің оң иіліміне, flexura coli dextra, және көлденең жиек ішекке тармақтар береді.
5. Ортаңғы жиектік артерия, a. colica media, жоғарғы шажырқай артериясының бастапқыбөлімінен тармақталып, көлденең жиек ішек шажырқайы табақтарының арасына оң және алға бағытталады және оң, сол тармақтарға бөлінеді.
Оң тармақ a. colica dextra-ның жоғарылаған тармағымен, ал сол көлденең жиек ішектің
шажырқайлық жиегімен жүріп, a. colica sinistraның жоғарылаған тармағыме анастомозданады.
Сонымен ортаңғы жиектік артерия көршілес артериялардың тармақтарымен байланысып
доға (олардың ең ірісі сол доға немесе Риолан доғасы) түзеді.
Аталмыш доға тармақтарынан екінші, үшінші қатар доғалар түзіледі, олардан көлденең жиек ішектің қабырғасына, жиек ішектің оң және сол иілімдеріне, flexura coli dextra et sinistra, тік тармақтар кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет