Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
116. ВНЖ парасимпатикалық бөлігінің талшықтары және түйіндері. Уник 100 Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтар • Түйінге дейінгі преганглионарлы жүйке талшықтары көзқозғалтқыш нервінің қосымша ядроларының нейрондарынан оның сабауы арқылы өтіп, парасимпатикалық түбіршік түрінде бөліне отырып, кірпікшелі түйін жасушасына жетеді. • Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтар бет нервінің парасимпатикалық яроларының нейрондарынан әртүрлі жол арқылы өтеді: талшықтардың біраз бөлігі бет нервінен «үлкен тасты нерв» аймағында бөлініп шығып, қанат-таңдай түйінінің жасушасына барады; басқалары, жоғарғы сілекей бөлетін ядроға тиістілері, бет нервінен оның біз-емізік тесігінен шығар жерінде тармақталып және төменгі жақсүйек асты және тіл асты ганглилердің нейрондардың дабыл ішегінің құрамына дейін жетеді. • Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтар тіл-жұтқыншақ нервінің парасимпатикалық нейрондарымен бассүйек қуысынан шыққанға дейін оның құрамында жүреді, сол жерде талшықтардың біраз бөлігі дабыл нерві құрамында дабыл қуысына кіреді, сол қуыстан кіші тасты нерв ретінде шығады да, тасты-қабыршықты синхондроз арқылы самай асты шұңқырындағы құлақ ганглилеріне дейін жетеді. Басқа парасимпатикалық талшықтар тіл-жұтқыншақ нервінің жұтқыншақ тармақтары құрамына кіреді және кезбе нерв тармақтарының парасимпатикалық талшықтарымен және жұтқыншақ өрімін түзейтін, мойынның симпатикалық түйін тармақтарымен бірге, жұтқыншақтың интрамуралді өрімінің нейрондарына дейін жетеді. Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтардың біраз бөлігі синус тармақтары құрамында (ramus sinus carotici) ұйқы глобусі (glomus caroticum) құрамына кіреді және хромаффинді клеткаларымен қатынасады. • Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтар кезбе нервтің артқы ядросының нейрондарынан оның жолын қайталайды, мойын, кеуде және іштік бөлігі құрамына бөлінеді. Түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтар интрамуралді (түтікті ағзалар) және экстрамуралді (қуысты ағзалар) және жүрек қантамыр жүйесі, тынысалу жүйесі, асқорыту жүйесі ағзаларына дейін жетеді. Түйіндер (ганглилер) және түйіннен кейінгі постганглинарлы талшықтар Парасимпатикалық жүйке жүйесінің бас бөлігінің түйіндерін (ганглилерін) экстрооргандыққа жатады: олардың аксондары постганглионарлы көпполярлық нейрондардан тұрады. Кірпікті түйін (ganglion ciliare) ұзындығы шамамен 4мм, көру нервінің латералды бетінде жатады. Түйінге дәнекер тармақтар оның түбіршектері түрінде келеді: Көзқозғалтқыш түбіршек (radix oculomotoria) – көзқозғалтқыш нервінің төменгі тармағының парасимпатикалық түбіршегі, құрамында түйінге дейінгі преганглионарлы талшықтары болады. Мұрын-кірпіктік түбіршек (radix nasociliaris) – сезімтал түбіршек, мұрын-кірпік нервінің сезімтал тармағы [V1]. Кірпікшелі түйіннің нерв жасушаларынан үшкіл нервтің сезімтал талшықтарымен бірге қысқа кірпікті нервтерді түзейтін түйіннен кейінгі постганглионарлы талшықтар шығады. Түйіннен кейінгі постганглионарлы талшықтар кірпікті бұлшықетті, қарашық қысқышын, ал сезімтал талшықтары – көз алмасының қабығын нервтендіреді.