Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
114. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі, жалпы сипаттамасы. Уник 100 Біріншіден вегетативтік нерв жүйесі дегеніміз не? Вегетативтік нерв жүйесі ол біздің санамызға байланыссыз жиырылатын, яғни жазық бір салалы бұлшықеттерді (ішкі ағзаларды, жүректі, тамырларды) және бездерді иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Қызметіне байланысты ол өз кезегінде 2 бөлінеді: 1) Симпатикалық 2) Парасимпатикалық Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлімі, мидың маңында орналасқан - III, VII, IX және X жұп бассүйек нервтерінің парасимпатикалық ядроларынан және 2-4 сегізкөз сегменттері деңгейінде орналасқан жұлынның сұр затының бүйір мүйізшелерінде жататын сегізкөз парасимпатикалық ядроларынан (nuclei parasympathici sacrales) тұрады. Парасимпатикалық нерв жүйесіне интрамуралды нерв жүйесі деп аталып та жатады. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі өз кезегінде 2 бөлімге бөлінеді: 1) Краниалды 2) Сакралды Краниалдының ортаңғы бөлігі ортаңғы мида (мезэнцефалдық бөлік) және ромбтәрізді мида - көпір мен сопақша ми (бульбарлық бөлік) жайғасқан орталықтардан тұрады. 1. Мезенцэфалдық бөлікті nucleus accessories n. oculomotorii мен ортанғы сыңар ядро құрайды, олар арқылы көз бұлшықеттері m. sphincter pupillae мен m. ciliaris нервтендіріледі. 2. Бульбарлық бөлікті nucleus salivatorius superior n. facialis (дәлірек n. intermedius), nucleus salivatorius inferior n. glossopharyngei мен nucleus dorsalis n. vagi кұрайды. Парасимпатикалық жүйенің краниалды бөлімінің шеткі бөлігін құрайтындар: 1) бассүйек нервтерінің III, VII, IX және Х жүптары кұрамындағы (I және IX жұптар құрамында да болуы мүмкін) түйінге дейінгі талшықтар; 2) мүшелер жанында орналасқан терминалды түйіндер, атап айтқанда: ganglion ciliare, pterigopalatinum, submandibulare, oticum және 3) түйіннен кейінгі талшықтар, олардың дербес жолы болады, мысалы, ganglion ciliare-ден шығатын, nn, ciliares breves сияқты немесе олар қайсыбір нервтердің құрамында жүреді, мысалы ganglion oticum-нен шығып, п. auriculotemporalis-тің құрамында жүретін түйіннен кейінгі талшықтар.. Кейбір авторлар парасимпатикалық талшықтар жұлынның басқа сегменттерінен де шығып, алдыңғы түбіршіктер арқылы тұлға мен қол-аяқтарға кетеді деп көрсетеді. Сакралды ортаңғы бөлік жұлында, II-IV сегізкөз сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздің substantia intermeialateralis-те жатады. Сакралды бөлімінің шеткі бөлігі II-IV сегізкөз нервтерінің алдыңғы түбіршіктері, одан әрі олардың алдыңғы тармақтары құрамында кіші жамбас астауына кіріп plexus sacralis-ты (анималды өрім) түзетін талшықтардан тұрады. Олар бұл жерде өрімнен бөлініп, nn. splanchnci pelvini plexus hypoglastricus inferior-ға барып, сонымен бірге жамбас астау қуысындағы: colon sigmoideum мен тік ішекті, несепқуығын, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін нервтендіреді. Nn. splanchnici pelvini тітіркендіруінен тік ішек пен несеп қуығы - m. detrusor vesicae - жиырылып, олардың қыспақтары босаңсиды. Симпатикалық кұрсақтылығы өрім талшықтары бұл мүшелердің босауын тежейді; олар жатырдың жиырылуын қоздырады да, ал nn. splanchnici pelvini оны тежейді. N n. splanchnici pelvini құрамында тамыр кеңейткіш талшықтар (пп. erigentes) болалы. Олар corpora cavernosa penis et clitoridis-тің эрекциясын қамтамасыз етеді. Жұлынның сакралды бөлімінен шығатын парасимпатикалық талшыктар nn, erigentes пен nn. splanchnici pelvini құрамында ғана емес, сонымен бірге nervus pudendus да жамбас астау өріміне барады (ганглилік талшықтар), жыныстық нерв күрделі нерв болып табылады, оның құрамында анималды талшықтардан басқа төменгі құрсақасты өріміне кіретін вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) талшықтар да болады. Симпатикалык сабаудың сегізкөз бөлімі түйіндерінен түйіннен кейінгі талшықтар түрінде шығатын симпатикалық талшықтар кіші жамбас астауы қуысында жыныс нервіне қосылып, төменгі құрсақасты өрімі арқылы жамбас астауы ағзаларына өтеді. Бірқатар қуысты ағзалардың қабырғаларында нерв өрімдері орналасады, олардың құрамында ганглиозды жасушалар мен миелинсіз талшықтар бар ұсақ түйіндер (терминалды) жатады; бұлар ганглиозды- торлы немесе итрамуралды жүйені түзеді. Интрамуралды жүйе өте-мөте ас қорыту жолында айқын білінеді, бұл жерде ол бірнеше өрімнен тұрады 1. Бұлшықет-ішек өрімі - plexus myentericus - ас қорыту түтігінің бойлық және сақиналық бұлшықеттері арасында орналасады. 2. Шырышастылық өрім - plexus submucosus - шырышасты негізде жатады. Ол бездер мен бүрлер өріміне ауысады. Аталған өрімдердің сыртында диффузды нерв торы орналасады. Өрімдерге симпатикалық және парасимпатикалық жүйелерден нерв талшықтары келеді. Интрамуралды өрімдерде парасимпатикалык жүйенің түйінге дейінгі талпықтары түйіннен кейінгі талшықтарға ауысады. Интрамуралды өрімдер тұлға қуыстарының экстраағзалық өрімдері сияқты құрамы жағынан аралас болып келеді. Соңғы кезде ас қорыту жолы интрамуралды өрімдерінде симпатикалық текті жасушалар да табылған.