Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
6. Жүрекқаптың құрылысерекшеліктері, оның топографиясы. Уник 97 Жүрекқап немесе перикард, pericardium, пішіні қиғаш кесілген конус тәрізді, көкетте орналасқан, төменгі негізі бар және ұшымен төс бұрышы деңгейіне жетеді. Оның ені оңға қарағанда сол жаққа көп жайылған . Жүрекқаптың алдыңғы, төсқабырғалық бөлігін, артқы-төменгі, көкеттік бөлігін және екі оң және сол бүйір, көкірекаралық бөліктерін ажыратады. Жүрекқаптың төс-қабырғалық бөлігі алдыңғы кеуде қабырғасына қараған және төс денесіне, V-VI қабырға шеміршектеріне, қабырғааралыққа және семсер тэрізді өсіндінің сол бөлігіне сәйкес орналасады. Жүрекқаптың төс қабырғалық бөлігінің бүйір жерлері көкірекаралық өкпеқаптың сол және оң табақтарымен жабылған. Жүрекқаптың төс-қабырғалық бөлігінің ортасы - екі үшбұрыш пішінді кеңістік түріндегі бос бөлігі; жоғарғы, кішкентай айырша безге сәйкес және төменгі, үлкен өзінің негізімен жоғары (төс мойындырығына) және төмен (көкетке) қараған жүрекқапқа сәйкес. Жүрекқаптың төс-қабырғалық бөлігі. Жоғарғы үшбұрышы аймағында жүрекқаптың төс-қабырғалық бөлігі төстен борпылдақ дәнекер және майлы тінмен бөлінген, ол жерде балаларда айырша без орналасқан. Осы клетчатканың тығыздалған бөлігі жоғарғы төс-жүрекқап байламын, lig. sternopericardiacum superius, түзеді, ол жүрекқаптың алдыңғы қабырғасын төс тұтқасына бекітеді. Төменгі үшбұрыш аймағында жүрекқап төстен борпылдақ клетчаткамен бөлінген, оның тығыздалған бөлігі төменгі төсжүрекқап байламын, lig sternopericardiacum inferius, түзеді, ол жүрекқаптың төменгі бөлігін төске бекітеді. Жүрекқаптың көкеттік бөлігінде артқы көкірекаралықтың алдыңғы шекарасын құрауға қатысатын жоғарғы бөлімін және көкетті жабатын төменгі бөлімін ажыратады. Жоғарғы бөлімі өңешке, қолқаның кеуделік бөлігі мен сыңар венаға жанасады, борпылдақ дәнекер тінмен, және жіңішке шандыр қабықтың табанымен бөлінген. Жүрекқаптың төменгі бөлімі, оның негізі болып табылады, көкеттің сіңірлі opталығымен тығыз бітіседі және бұлшықеттік бөліктің алдыңғы-солбөлігіне таралып, онымен борпылдақ клетчаткамен байланысады. Жүрекқаптың оң және сол көкірекаралық бөлігі көкірекаралық өкпеқапқа жанасады; соңғысы жүрекқаппен, борпылдақ дәнекер тінмен байланысады. Жүрекқапты көкірекаралық өкпеқаппен байланыстыратын борпылдақ клетчатканың қалыңдығында көкеттік нерв, п. phrenicus, және онымен ере жүретін көкетжүрекқапмаңы тамырлары, vasapericardiacophrenica, өтеді. Жүрекқап екі бөліктен - ішкі, сірлі- сірлі жүрекқап, pericardium serosum, және сыртқы, талшықты жүрекқап, pericardium fibrosum, тұрады. Сірлі жүрекқап бір-бірінің ішіне салынған сияқты екі сірлі қаптан - сыртқы, жүректі еркін қоршайтын - жүрекқаптың меншікті сірлі қабы, және ішкі-эпикардтан түрады. Жүрекқаптың сірлі жамылғысы қабырғалық табақша, lamina parietalis, ал жүректің сірлі жамылғысы - эпикард, lamina visceralis (epicardium) деп аталады. Талшықты жүрекқап, әсіресе жүрекқаптың алдыңғы қабырғасында жақсы көрсетілген, жүрекқапты көкетке, ірі тамыр қабырғаларына және байлама арқылы кеуде сүйектерінің ішкі бетіне фиксациялайды. Эпикард жүрек негізінде,ірітамырлардың құйылу, қуыс жэне өкпе веналары, қолқа мен өкпе сабауының шығу аймактарында жүрекқапқа өтеді. Эпикард пен жүрекқаптың арасында саңылау пішінді кеңістік-жүрекқап қуысы, cavum pericardii, орналасады. Қуыста жүрекқаптың сірлі беттерін ылғалдайтын және жүрек жиырылғанда бір сірлі табақшаның екіншісімен жылжуына қамтамасыз ететін кішкене мөлшерде жүрекқап сұйықтығы болады. Жоғарыда айтылғандай, сірлі жүрекқаптың қабырғалық табақшасы эпикардқа (ірі тамырлардың) жүректен шығатын және кіретін жерлерінде өтеді. Эиикардтың сірлі жүрекқаптың қабырғалық табақшасына жеткен жерінде әртүрлі пішінді және көлемді бірнеше қойнаулар түзіледі. Олардың ең ірісі болып көлденең жэне қиғаш қойнау саналады. Жүрекқаптың көлденең қойнауы, sinus transversus pericardii. Өкпе сабауы мен қолқаның бастапқы бөлімдері бір-біріне жанасып, эпикардтың жалпы табақшасымен жабылған; олардың артында жүрекшелер жэне оң жақ қасында жоғарғы қуыс вена орналасады. Эпикард қолқа мен өкпе сабауының бастапқы бөлімінің артқы қабырғасы жағынан, оның артында орналасқан жүрекшелерге жоғарыдан және арттан, ол соңғыларынан қарыншалар негізі мен осы тамырлар түбіне төменнен және алға өтеді. Сонымен алдынан қолқа мен өкпе сабауы түптері мен артынан жүрекшелер арасында өтіс-қойнау пайда болады, ол қолқа мен өкпе сабауын алға, ал жоғарғы куыс венасын артқа тартса жақсы көрінеді. Бұл қойнау жоғарыдан жүрекқаппен, артынан жоғарғы қуыс вена мен жүрекшелердің алдыңғы бетімен, алдынан - қолқа мен өкпе сабауымен шектелген; оңнан жэне солдан көлденең қойнау ашық. Жүрекқаптың қиғаш қойнауы, sinus obliquus pericardii. Ол жүректің артында және астында орналасқан кеңістік түрінде, алдынан сол жүрекшенің артқы бетін жабатын эпикардпен, артынан - жүрекқаптың артқы, көкірекаралық бөлігімен, оңынан - төменгі қуыс венамен, солынан - эпикардпен жабылғaн өкпе веналарымен шектелген.