Байланысты: 1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à
5. Жүрек жұмысы. Жүректің өткізгіш жүйесі, оның практикалық маңызы.87 Жүректің жұмысы 1-ші фаза – жүрекшелердің систоласы , қарыншалардың диастоласы (0,1сек) : жүрекшелер жиырылғанда қанның қысымымен жүрекше - карынша қақпақшалардың жармалары ашылады да, оң жақ жүрекшеден веналық қан оң жақ қарыншаға , сол жақ жүрекшеден артериялық қан сол жақ қарыншаға өтеді. Аорта мен Өкпе сабауының қақпақпалары жабык болады ( қарыншалардың диастола кезеңінде болуынан ) . ІІ - ші фаза – қарыншалардың систоласы , жүрекшелердің диастоласы ( 0,3 сек ) : қарыншалар жиырылғанда қанның қысымымен жүрекше - қарынша қақпақшалардың жармалары бір - бірімен қабысып жабылады ( І - ші дыбыс пайда болады ) , бұл кезде жүректің диаметрі қарыншалар деңгейінде 30-40 % кішірейеді. Емізікшелік бұлшықеттер мен сіңірлі жіпшелер керіледі және олар қақпақша жармаларының жүрекшелер куысына қарай қайырылып кетуінен сақтайды. Қарыншалардың систоласы кезінде аорта мен өкпе сабауының жартыай жапқыштары ашылады , осы кезде қанның ағысынан жартыай какпақшалардың жапқыштары аорта мен өкпе сабауының ішкі қабырғасына қарай қабысады да , қан аорта мен өкпе сабауына өтеді . ІІ - ші фаза – жалпы диастола немесе пауза ( 0,4сек ) : жүрекшелер және қарынша миокарды босаңсиды. Ааорта мен өкпе сабауынан қанның кері ағуынан олардың жартыай жапқыштары жабылады ; жартыай жапкыштары қалта түрінде болғандықтан , кері аққан қанға толады да , олар төмен қарай бұлтияды , осылай ІІ - ші дыбыс пайда болады. Куыс ( веналық қан ) және өкпе ( артериялық қан ) веналарынан қан өздеріне сәйкес жүрекшелерге өтіп , оларды толтырады , толған қанның кысымынан жүрекше - карынша қақпақшалары шамалап ашылып , қан карыншаларға да өте бастайды .
Адам өмірінің барлық кезеңінде жүрек осылай үзіліссіз бірқалыпты ырғақты ( ритмді ) жұмыс атқарады . Жүректің өткізгіштік жүйесі-жүректің жиырылғыш жасушаларына импульсті өткізуші жүйе болып табылады. Жүректің өткізгіш жүйесі оның негізгі функциясы — жиырылу. Ол бірнеше түйіндер мен будалар түзетін кардиомиоциттермен ұсынылған. Кис-Флек түйіні(nodus sinuatrialis) оң жақ жүрекше эпикард астында, жоғарғы қуыс вена тесігі мен оңжақ құлақша аралығында жатады, I-ші реттік ритм жүргізушісі, яғни 70-ке жуық импульс өндіреді. Жүрекшеаралық будасы, Шенберг және Бахман будасы( fasciculus interatrialis) тармақтары оңжақ және солжақ жүрекше миокардтарына тармақталады. Жүрекше-қарыншааралық будалар(Бахман,Венкенбах, Торель), fasciculus interatrioventricularis, Кис-Флек түйінін жүрекше-қарынша түйінімен қосады. Ашева-Товар, жүрекше – қарынша түйіні (nodus atrioventricularis) жүрекшеаралық қалқаның төменгі бөлігінде болады, ол II-ші реттік ритмді жүргізуші және минутына 40-қа жуық импульс өндіреді. Жүрекше-қарынша(Гис) будасы (fasciculus atrioventricularis) қарыншааралық қалқаның жарғақты бөлігіне өтеді. Гис будасының аяқшалары (crus dextrum et crus sinistrum fasciculi atrioventricularis) басында қарыншааралық қалқада өздеріне тиесілі жағымен жүреді де, қарыншалар қабырғасына өтеді. ПУРКИНЬЕ талшықтары – импульсті Гис будасының аяқшаларынан қарыншалардың миокардына, нағыз типтік кардиомиоциттерге өткізеді. Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшеліктері:Әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына 60-80 ритмді өндіретін синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына қарай оның әртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін өрнектейтін автоматия градиенті бар болады. Балалардағы жүрек өткізгіштік жүйесінің ерекшеліктері Жасушаларында жасушааралық нексустардың көп болуы. Бұл құрылымдар импульстің бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып табылады. Нексустар тіпті өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Жүректің Пуркинье талшықтары бастапқы 6 айда өседі және жақсы дамуда болады. Ерте жастағы балалардың өткізгіштік жүйесінің басты бөлігі қарыншааралық жақтаудың бұлшық етінің қалыңдығында орналасады (интрамуральды тип), ал жасөспірімдерде – мембраналық бөлігінде (септальды тип). Өткізгіштік жүйенің гистологиялық құрылысының дамуы тек 14 – 15 жаста аяқталады.