Жалпы сүт бездеріне тоқтала кетсек,сүт бездері дегеніміз адамдарда сондай-ақ жануарларда сүт түзуге қатысатын қос без болып саналады.Адамдарда сүтбездері он бес пен жиырма аралығында безді бөліктерден құралады.Сәйкесінше осы аталған бөліктерде ана сүті түзіледі екен. Сут бездерінін өсіпжетілуі ішкі секреция бездерінің атап өтсек,гипофиз сондай-ақ қалқанша без тағы басқаларынан бөліп шығаратын гормондарына байланысты болатынын айта аламыз.Бұл аталған кезең қыздарда жасөспірімдік кезеңдерде,он-он екі жаста байкалады.Ал,толықтай қалыптасу кезені он сегіз-жиырма жасқа таман баикалады. Жалпы аталған бездердің орналасуы: әйелдерде сүт безінің скелетотопиялық орналасуы тігінен-үшінші және жетіңші қабырғааралығында,сонмен қатар,көлденеңінен-төс маңы сызығы m.parasternalis және қолтық алды сызығы maxillaris anterior аралығында орналасқан болып келеді. Әйелдерде сүт безі күрделі құрылысты,яғни,альвеолярлы болады. Без атап өткеніміздей 15-20 бөліктен тұрады.Бөліктер арасы өз кезегінде беткей фасцияның f.superficalis перделермен бөлінеді.Без бөліктері үрпіге қарай радиалды бағыт алған,олардың шығарушы өзектері қосыла отырып,осы жерде бір түтік түзейді. Сүт бездерінің негізгі қызметі сүт шығару болып келеді. Жалпы осы процесс мишықтын алдынғы бөлімінде шығарылатынгормондар мысалы:пролактин мамотеген т.б аркылы баскарылады. Баланы ана сүтімен ұзақ мезгіл емізү пролактинжәне эстроген гормондарынын қызметіне баилансты болып табылады. Сүт бездерінің анатомиясына тоқтала кетер болсақ,сүт жолдары альвеоладан басталып түтік түрінде емшек ұшына дейін барады. Жалпы емшек сіңір қабығымен және май қабатымен қоршалған. Сіңір қабатынан сіңір талшықтары шығып әр қуысты бірбірінен ажыратып тұрады, әрі емшекті кеудеге бекітіп ұстап тұрады, мұны Купер байланыстары деп атайды.