1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


ВНЖ жіктелуі, бөлімдері және олардың топографиясы



бет102/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

107. ВНЖ жіктелуі, бөлімдері және олардың топографиясы.100
Бәріміз білетіндей вегетативті нерв жүйесінің әрекеті біздің санамызға бағынбайды, бұл нерв жүйесі бірыңғай салалы бұлшықеттерді және бездерді иннервациялайды, яғни бірыңғай салалы бұлшықеттер жүректе, ішкі ағзаларда, тамырларда болатыны бізге мәлім. Сонымен қоса вегетативті нерв жүйесі қоректену, зәр шығары, тыныс алу, көбею, сұйықтардың айналысы маңызыд қызметтерді іске асыруға қатысады. Барлық ағзаларды басқарып ғана қоймай, сонымен қоса трофикалық және адаптациялық қызметтерді орындауға қауқарлы болып кееледі.
Топографиялық тұрғыдан қарар болсақ, вегетативті нерв жүйесінің екі бөлігін ажыратамыз:
• Орталық бөлігі ми мен жұлында орналасады. Осы жерде маңызды ескерер жағдай бар, ия орталық бөлімі ми мен жұлында орналасқан, алайда тек белгілі бір бөліктерінде ошақ түрінде ғана.
• Шеткі бөлігі барлық ағзалар мен тіндерге өтетін, таралу аймағы кең түрде, яғни сегменттік құрылысы жоқ болып келеді.
Орталық бөлігінде сегмент үсті аппараты және сегменттік аппараты деген 2 бөлімі бар. Сегмент үсті аппаратына үлкен жарты шар қыртысы, гипоталамус, ретикулярлық формация, мишық, лимбиялық жүйе , жолақты дене жатса, ал сегменттік аппаратына III, YI, IX, X жұп нервілерінің парасимпатикалық ядролары, жұлынның сегізкөз сегменттеріндегі парасимпатикалық ядролар, жұлынның торако - люмбалдық сегменттеріндегі симпатикалық ядролар кіреді. Ендігі кезекте сегмент үсті аппаратының құрылымдарына тоқталып, сипаттап өтетін болсам, ретикулярлык формация қыртыс және кыртысасты орталықтарды ұдайы белсендіріп отырады. Егер де ретикулярлық формацияның бұзылар болса, вегето - тамырлық бұрылыстар туындайды. Гипоталамус болса вегетативтік қызметтердің реттелуінің негізгі қыртыс асты орталыгы болып саналады, заттек алмасу деңгейін, аппетитті және температураны реттеп отырады. Ал мишык қимылды реттеуге қатысып, анималды қызметтерді әсерлермен қамтамасыз етеді де, сәйкес орталықтар аркылы бұлшықеттердің тамырларын кеңейтіп отырады. Лимбиялык жүйе вегетативтік, соматикалық және психо - эмоциялық реакцияларды интеграциялайды. Жолақты дене вегетативтік қызметтердің шартсыз - рефлекстік реттелуіне қамтамасыз етіп отырады. Және соңғысы ми қыртысы вегетативтік және соматикалық қызметтердің реттелуін бақылап отырады.
Сегмент үсті аппаратының құрылымдарын айтып болдым, енді сегменттік аппарат орталықтарына тоқталар болсам, жоғарыда айтып өткенімдей бұл бөлімге ми мен жұлында орналасқан ядролар жатады. Соны 4 бөлікке бөліп қарастырғаны бойынша айтып өтетін болсам,
• Мезенцефалдык бөлігіне көз қимылдатқыш нерв ядросының жанындағы қосымша парасимпатикалык ( Якубович ) ядро жатады.
• Бульбарлық бөлікке көпір мен сопақша мидағы YII , IX , X жұп ми нервілерінің парасимпатикалық ядролары кіреді.
• Тораколюмбалдык бөлікке жұлынның торако - люмбалдык сегменттеріндегі қаптал аралык симпатикалық ядроларды жатқызамыз.
• Сакралдык бөлікке жұлынның сегізкөз сегменттеріндегі қаптал аралыұ парасимпатикалык ядролар жатады.
Вегетативтік нерв жүйесінің шеткі бөлігіне жататын құрылымдар: түйін алдылык талшықтар (rami preganglionares), вегетативтік түйіндер (ganglia), түйін артқылық талшықтар (rami postganglionares), вегетативтік өрімдер, вегетативтік нерв ұштары.
Негізінен вегетативті нерв жүйесі арнаулы түрде жұмыс атқаратын ағзалардың функциясын әлсіретіп не болмаса, күшейтіп отырады. Яғни вегегтативті нерв жүйесі организмнің тонусын өзгертуге қабілетті болып келеді. Алайда бір нерв т алшығы тек бір бағытта ғана әрекет етеді, сол себепті бір уақытта тонусты көтеріп, одан әрі төмен түсіре алмайды. Міне осыған байланысты вегетативті нерв жүйесі парасимпатикалық және симпатикалық деген бөлімге ажыратылады. Мысалыға, егерде симпатикалық бөлім жұмысының белсенділігі артатын болса, көз қарашығы үлкейеді, тамырлар тарылады, бездер секрециясы төмендейді, керісінше жүрек соғуы жиілесе, ал ішек қиымылы тежеліп, қысқыштар жиырылады. Парасимпатикалық бөлім жұмысы күшейсе , симпатикалық бөліміне қарама қарсы әсерлері туындайды, олай деп айту себебім жүрек соғысы баяулайды, ішек қимылы күшейеді, қысқыштар босайды және бездер секрециясы артады. Дегенменде бұл жоғарыда айтылған симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің қарама-қарсы әсерлерін , екі бөлім қызметтерінің қарама қайшылығы деп түсінунге болмайды. Керісінше, парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдер бірге синергиялы түрде қызмте атқарады. Екі бөлімнің арақатынасы динамикалы түрде кейбір ағзалардың әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп, антагонистті және үйлесімді әрекет етіп жатады. Осындай вегетативті нерв жүйесінің 2 бөлімінің үйлесімді қызметі нәтижесінде біздің ағзамыздың қалыпты қызметі сақталып, қамтамасыз етіліп отыр. Қосымша түрде айтып өтер болсам, симпатикалық бөлім өзінің негізгі қызметі жағынан трофикалық болып табылса, ал парасимпатикалық бөлімнің рөлі қорғаныштық болып табылады.
Симпатикалық бөлімнің орталығы жұлынның бүйір мүйіздерінде 8 ші мойын және арқа мен 3ші бел жұлын сегменттері деңгейінде, substantia intermedia lateralis құрамында орналасқан. Шеткі бөлімі болса бүкіл омыртқа бағанасын бойлай отыра, оның екі бүйірінде бассүйек негізінен басталып, құйымшаққа дейін созылып барып екі симметриялық сабаудан (trunci sympathici dexter et sinister) түзіледі.
Парасимпатикалық бөлімнің орталық бөлімі, яғни оған жататын ядроларды атйар болсам: ми сабауында орналасқан III, VII, IX, X –шы жұп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары және жұлынның II және IV сегізкөз сегменттері деңгейінде орналасқан сұр затының бүйір мүйізіндегі сегізкөз парасимпатикалық ядролар (nuclei parasympathici sacrales). Ал шеткі бөлігін құрайтын құрылымдар,а келер болсам, олларға ағзасыртқылық және ағзаішілік түйіндер, сонымен қатар түйінге дейінгі преганглилік талшықтары бар нервтер жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет