41. Жоғарғы қуыс венасы жүйесі, пайда болуының қайнар көздері және
топографиясы.
Жоғарғы қуыс вена, vena cava superior, алдыңғы көкірекаралықта, оң I қабырға
шеміршегінің артында, оң және сол иық-бас веналарының, vv. brachiocephalicae dextra et
sinistra, бірігуінен түзіледі. Жоғарғы қуыс вена төмен бағытталып, II қабырға тұсында
жүрекқап қуысына кіреді, ал кішкене төменірек, оң III қабырға шеміршегінің төске
бекіген деңгейінде оң жүрекшеге алмасады. Жоғарғы қуыс венаның алдында тимус және
өкпеқаптың табақшаларынан ажыратылған оң өкпе орналасады. Венаның оң айналымы оң
өкпенің көкірекаралық өкпеқабына, pleura mediastinalis, және оң көкеттік нервке, п.
phrenicus dexter, сол - жоғарылаған қолқаға, aorta ascendens, жанасады. Венаның артқы
беті төменгі бөлімінде оң өкпе түбінің алдыңғы бетіне жанасады. Жоғарғы қуыс венаның
қақпақтары жоқ. Жоғарғы қуыс венаға көкірекаралық веналар, vv. mediastinales',
жүрекқаптық веналар, vv. pericardiacae', оң бронхтың жоғарғы жиегі деңгейінде,
жүрекқапқа кірген жерінде, артынан сыңар вена, v. azygos, ашылады.
42.Ішкі мойындырық венасы. Ішкі мойындырық венаның бассүйек ішкі және
бассүйек сыртқы құйылымдары. Бас пен мойын веналарының веналық қойнаулар
мен фасциялармен байланысының практикалық маңызы.
Ішкі мойындырық вена, v. jugularis іnterna , бас сүйектің мойындырық тесігінен
басталады. Венаның бастапқы бөлігі кішкене кеңейген, ішкі мойындырық венаның
жоғарғы буылтығы, bulbus V. jugularis superior, атауын алады. Ішкі мойындырық венаның
негізгі сабауы буылтықтан төмен жүріп, алғашында ішкі ұйқы артериямен және кезбе
нервпен, п. vagus, бірге мойынның терең бұлшықеттерінде, m. sternocleidomastoideus,
артында, дәнекер тінді қынапта орналасып, мойынның кан тамыр нерв будасын құрайды,
қынапта v. jugularis interna - латералді, a. carotis communis-медиальді және n.vagus -
олардың ортасында және артта орналасады. Ішкі мойындырық венаның төменгі шетінде,
бұғанаасты венасымен қосылмай тұрып, төс-бұғана буыны тұсынан жоғары венаның
екінші кеңейген жері — ішкі мойындырық венаның төменгі буылтығы, bulbus V. jugularis
inferior, орналасады. Бұл буылтықтың жоғарғы бөлімінде қакпақтары бар. Ішкі
мойындырық вена төс-бұғана буынының артында, бұғанаасты венасымен қосылып, иық-
бас венасын, v. brachiocephalica, түзеді. Оң ішкі мойындырық вена солға қарағанда көбіне
жақсы дамыған. Ішкі мойындырык венаның құйылымдары бассүйек ішкі және бассүйек
сыртқы болып бөлінеді.
Бассүйек ішкі құйылымдары
Ішкі мойындырық венаның бассүйек ішкі құйылымдарына:
1. Мидың катты қабығының қойнаулары, sinus durae matris.
Мидың қатты қабығының қойнаулары, sinus durae matris , қабырғалары катты ми
қабығының табақшаларынан түзілген өзгеше (өзіне тән) веналық тамырлар болып
есептеледі.
2. Көз веналары, vv. ophtalmicae ;
Жоғарғы көз венасы, v. ophthalmica superior, көздің медиалді бұрышынан көзұяның ішкі
қабырғасымен артқа жүріп, көзұяның жоғаргы қабырғасының медиалдіге өткен
деңгейінде аттас артериямен бірге орналасады. Вена көзұясының медиалді қабырғасының
ортасында сыртқа бұрылып, көз алмасының жоғарғы тік бұлшықетінің, т. rectus superior
oculi, үстімен жүреді, кейін артқа иіліп, көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы бассүйек
қуысына енеді, сол жерде үңгірлі қойнауға құйылады.
Төменгі көз венасы, v. ophthalmica inferior, көзұясының алдыңғы бөлімінің төменгі-
медиалді бұрышында көзжас қабы мен бұлшықеттік веналардан түзіледі. Сол жерден
көзұясының төменгі қабырғасымен, көзалмасының төменгі тік бұлшықеті, т. rectus inferior
oculi, бойында жүріп, жоғарғы көз венасымен, v. ophthalmica superior, анастомоз түзеді.
3. Лабиринт веналары , vv. labyrinthi;
лабиринт веналары, vv. labyrinthi, веналық қанды ұлудан жинап, пирамидадан meatus
acusticus internus және apertura externa canaliculi cochleae арқылы шығып, төменгі тастық
қойнауға құйылады.
4. Диплоелық веналар vv. diploicae\
Диплоелық веналар, vv. diploicae, қақпақтары жоқ. Олар диплоеның (кемік заттың)
өзектерінде орналасып, өзара байланысып, бассүйек негізіне бағытталады. VV. diploicae-
ның бір бөлігі бассүйек сүйектерінің ішкі табақтарының тесіктері арқылы өтіп, мидың
қатты қабығының қойнауларына; басқа бөлігі - шығаратын веналар, vv. emissariae, арқылы
өтіп, бастың сыртқы жамылғысы веналарымен байланысады. Сонымен, vv. diploicae,
бастың сыртқы жамылғысы және мидың қатты қабығының қойнаулары өзара
байланысады.
5. Ми веналары vv. cerebri.
Ми веналары, vv. cerebri, беткей және терең болып бөлінеді. Беткей ми және мишық
веналары. Мидың беткей веналары қанды үлкен мидың жоғарғы бүйір, медиалді және
төменгі беттерінен жинайды.
Терең ми веналары қанды ми жарты шарының ақ затынан, базалді ядролардан,
қарыншалар қабырғасынан және мидың торлы өрімінен жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |