1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Қақпа венасы, оның құйылымдары, құрсақ қуысы ағзаларынан веналық



Pdf көрінісі
бет33/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

47. Қақпа венасы, оның құйылымдары, құрсақ қуысы ағзаларынан веналық 
қанның ағу жолдары. 
Қақпа венасы, v.portae, қанды іш қуысының тақ ағзаларынан жинайды. Ол ұйқыбез 
басының артында, үш венаның бірігуінен түзіледі: төменгі шажырқай венасы, v. 
mesenterica inferior, жоғарғы шажырқай венасы, v. mesenterica superior, және көкбауыр 
венасы, v.lienalis. 
Қақпа венасы өзінің түзілген жерінен жоғары және оң бағытталып, он екі елі ішектің 
жоғарғы бөлігінін артымен жүріп, бауыр он екі елі ішек жалғамасының құрамында бауыр 
кақпағына кіреді. Аталмыш жалғаманың қалыңдығында жалпы от түтігімен және жалпы 
бауыр артериясымен бірге жатады, яғни түтік оң, одан сол жалпы ұйқы артериясы, ал 
олардың арасында және тереңінде қақпа венасы орналасады. 
V. portae бауыр қақпасында бауырдың оң және сол үлестеріне сәйкес сол және он екі 
тармаққа, ramii sinister et dexter, бөлінеді. 
Қақпа венасының оң тармағы солға қарағанда кең, ол бауыр қақпасы арқылы бауырдың оң 
үлесі қалыңдығына өтіп, алдыңғы және артқы тармақтарға, rаmіі anterior et posterior, 
бөлінеді. 
Сол тармақ оңнан ұзын;бауыр қақпасының сол бөлігіне бағытталып, көлденең тармақ, 
ramus transversus, құйрықты үлеске - rr. caudatii, бауырдың сол үлесі паренхимасына - 
бүйір және медиалді тармақтар, rami laterales et mediales, береді. 
V. portae түзілетін үш вена: жоғарғы шажырқай венасы, v. mesenterica superior, төменгі 
шажырқай венасы, v. mesenterica inferior және көкбауыр венасы, v. lienalis, қақпа 
венасының түбірі деп аталады; қақпа венасы сол және оң асқазан веналарын, vv. gastricae 
sinistra et dextra, қақпа алды венасын, v. prepylorica, ұйқыбез веналарын, vv. pancreaticae, 
қабылдайды. 
1. Төменгі шажырқай венасы, v. mesenterica inferior, қанды тікішектің жоғарғы бөлігі, 
сигматәрізді жиек және төмендеген жиек ішектер қабырғаларынан жинайды, өзінің 
тармақтарымен төменгі шажырқай артериясының барлық тармақтарына сәйкес келеді. 


Ол кіші жамбас астауында жоғарғы тік ішек веналары атауымен, v. rectalis superior, 
басталады, ол өзінің тармақтарымен тікішек қабырғасында тікішектік веналық 
өріммен,plexus venosus rectalis, байланысқан. Жоғарғы тік ішек венасы жоғары көтеріліп, 
мықын тамырларын, vasa iliaca, алдынан кесіп өтеді, сол сегізкөз-мықын буыны 
деңгейінде сигматәрізді веналарды,vv. sigmoideae, қабылдайды. 
Төменгі шажырқай венасы ішастар артында орналасып, жоғары бағытталып, 
шығыңқысымен солға қараған кішкене доға түзеді. 
Төменгі шажырқай венасы сол жиектік венаны, v.colica sinistra, қабылдап, оңға бұрылады 
және ұйқыбез астымен flexura duodenojejunalisian сол жүріп, жиі көкбауыр венасымен 
қосылады. Кейде төменгі шажырқай вена тікелей қақпа венаға құйылады. 
2. Жоғарғы шажырқай венасы, v. mesenterica superior, жіңішке ішектен және оның 
шажырқайынан, соқыр ішектен, құрттәрізді өсіндіден, жоғарылаған және көлденең жиек 
ішектерден және осы аймақтың шажырқайлық лимфа түйіндерінен қанды жинайды. 
Жоғарғы шажырқай вена сабауы аттас артериядан оң орналасады және өзінің 
тармақтарымен қосарлана жүреді. 
Жоғарғы шажырқай венасы мықын-жиек бұрышы аймағында басталып, мықын- жиектік 
веналар атауын алады. 
Мықын-жиектік вена, v. ileocolica, мықын ішектің соңғы бөлімінен, құрттәрізді өсіндіден 
және соқыр ішектен қанды жинайды. Мықын-жиектік вена жоғары және солға 
бағытталып, тікелей жоғарғы шажырқай венасына жалғасады. 
Жоғарғы шажырқай венасы жіңішке ішек шажырқайының түбірінде орналасып, 
шығыңқысымен сол және төмен қараған бірнеше қатар веналар қабылдайтын доға түзеді. 
а) Аш және мықын ішектің веналары, vv. intestinales jejunales et ilei, 16-20 мөлшерінде 
жіңішке ішек шажырқайында жүріп, өзінің тармақтарымен, aa. intestinales тармақтарымен 
қосарлана жүреді. 
Ішектік тармақтар жоғарғы шажырқай венасына сол жақтан ашылады. 
б) Оң жиектік веналар, vv. colicae dextrae, ішастар артында жоғарылаған жиек ішекпен 
жүріп, мықын-жиектік және ортаңғы жиектік веналармен анастомоз түзеді. 
в) Ортаңғы жиектік вена, v. colica media, көлденең жиек ішек шажырқайы 
жапырақшаларының арасында орналасып, қанды flexura hepatica және colon transversiim-
нан жинайды. Ортаңғы жиектік ncua flexura coli sinistraаймагындасолжиекгіквенамен,v.co 
lica sinistra, анастомозданып, үлкен арқада түзеді. 
г) Оң асқазан шарбы венасы, v. gastroepiploica dextra, асқазанның үлкен иінінде аттас 
артериямен қосарлана жүреді; оған қан асқазаннан - асқазан веналары, vv. gastricae, үлкен 
шарбыдан шарбы веналары, vv. epiploicae, арқылы құйылады; қақпалық бөлімі тұсында 
жоғарғы шажырақай венаға құйылады. 
Ол құйылмай тұрып ұйқыбезден және он екі елі ішектен қанды жинайтын ұйқыбез он екі 
елі ішек веналарын, vv.pancreaticoduodenolis, қабылдайды. 


3. Көкбауыр венасы, v. lienalis, қанды көкбауырдан, асқазаннан, ұйқыбезден және үлкен 
шарбыдан жинайды. Ол көкбауыр затынан шығатын көптеген vv lienales-тен көкбауыр 
қақпасы аймағында түзіледі. Бұл жерде көкбауыр венасы аттас артериямен қосарлана 
жүретін және асқазаннан, үлкен шарбыдан қанды жинайтын сол асқазан-шарбы венасын, 
V. gastroepiploica sinistra, асқазан түбінен қанды жинайтын қысқа асқазан веналарын, w. 
gastricae breves, қабылдайды. 
Көкбауыр венасы көкбауыр қақпасынан ұйқыбездің артқы-жоғарғы жиегі бойымен оңға 
бағытталып, аттас артерияның астында жатады. Ол жоғарғы шажырқай венасының 
үстінде қолқаның алдыңғы бетін кесіп өтіп, жоғарғы шажырқай венасымен бірігіп, қақпа 
венасын құрайды. 
Көкбауыр венасы ұйқыбез веналарын, vv. pancreaticae, және бездің басы аймағында он екі 
елі ішек веналарын қабылдайды. 
Қақпа венасын түзетін аталмыш веналардан басқа келесі веналар құйылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет