1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Кіші қанайналым шеңбері тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу



Pdf көрінісі
бет7/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

8. Кіші қанайналым шеңбері тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу 
заңдылықтары. 


Кіші қанайналым шеңбері өкпе сабауымен оң жақ қарыншадан басталады. Өкпе сабауы 
аорта доғасының астында, оң жақ және сол жақ өкпе артерияларға бөлініп, веналық қанды 
өкпелерге өткізеді. Өкпелерде газ алмасу процесі өтеді. Кіші қанайналым шеңбері 4 өкпе 
венасымен солжақ жүрекшеде аяқталады. Қызметі: өкпеде веналық қанды артериялық 
қанға айналдыру. 
Кіші қанайналым шеңберінің қантамырлары: 
1)Өкпе сабауы, truncus pulmonalis веналық қанды оң жақ қарыншадан өкпелерге 
тасымалдайтын қантамыры. Өрлемелі аортаның алдында және сол жақ жағында 
орналасады. Өкпе сабауының қарыншадан басталатын деңгейі-сол жақ 3-ші қабыртқа 
шеміршегінің төске бекитін жері. Осыдан 5-6 см көтерілген кейін, аорта доғасының 
астында, 4-5 кеуде омыртқалар тұсында2 соңғы тармақтарына- оңжақ өкпе артериясы 
және солжақ өкпе артериясына бөлінеді. Олар өздеріне сәйкес өкпеге барады. 
2) Өкпе веналары vv.pulmonales артериялық қанды өкпелерден солжақ жүрекшеге 
тасымалдайтын қантамыр. Әр өкпеден екі-екіден оң және сол жақ 4 өкпе венасы шығады.
Олар көлденең бағытталып,сол жақ жүрекшенің жоғарғы қабырғасына жеке-жеке 
тесіктерімен ашылады, оң жақтағы жүрекшенің оңжақ жоғарғы жиегі, ал солжақтағы- 
солжақ жоғарғы жиегі маңында жалғасады. Өкпе веналарының қақпақшалары болмайды.  
9. Үлкен қанайналым шеңберлерінің тамырлары, жалпы сипаттама, Қолқа, оның 
бөлімдері: өрлемелі, қолқа доғасы, тармақтары. 
Үлкен қанайналым шеңбері солжақ қарыншадан аортадан басталады. Үлкен қанайналым 
шеңбері жоғарғы және төменгі қуыс веналармен оңжақ жүрекшеде аяқталады. Үлкен 
қанайналым шеңбері қызметі: оттегі мен қоректік заттарды тасымалдау, газ және зат 
алмасу процестерінің жүруі, веналық қанды жүрекке әкелу. 
Үлкен қанайналым шеңберінің қантамырлары: 
1) Аорта, aorta жүректің сол қарыншасынан басталып, қанды бүкіл денеге таратады. 3 
бөлікке бөлінеді: 1) өрлемелі аорта, aorta ascendens 2)аорта доғасы, arcus aortae, 3) 
төмендемелі аорта. 
2) Жоғарғы қуыс вена, v.cava.superior өрлемелі аортаның оңжақ жағында және сәл 
артына таман орналасқан. Веналық қанды жинайтын аймақтары- бас, мойын, қол, 
кеуде және іштің бел бөлімі.Жоғарғы қуыс венаның алдыңғы қабырғасы кеуденің 
алдыңғы қабырғасынан оңжақ өкпемен бөлінген. 
3) Төменгі қуыс вена, v.cava inferior. Аяқ, жамбас және іштен веналық қанды 
жинайды.Басталатын бөлімі аортаның оңжақ жағында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет