1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық)



Pdf көрінісі
бет8/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   119
10.Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталық) және ағзалық (висцералық) 
тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары. 
Кеуделік қолқа, aorta thoracica 4 –ші кеуде омыртқа тұсынан көкеттің аорталық саңылауы. 
7-ші кеуде омыртқа тұсына дейін, ортаңғы жазықтықтың сол жағында орналасқан. 
Қолқаның алдыңғы жағында солжақ өкпенің түбірі жатады және 8 немесе9-шы кеуде 
омыртқалар деңгейінде өңеш өтеді.


Кеуделік аортаның кеуде қуысы қабырғасын қанмен қамтамасыз ететін 
тармақтары:
Париеталық тармақтар Артқы қабырға аралық артериялар (arteriae intercostales 
posteriores) оң және сол жақ III-XI қабырға аралыққа сегментті түрде тармақталады.Соңғы 
артерия XII қабырғаның астында жүретін қабырға аты артерия (arteria subcostalis).Бұл 
артериялар қабырғаны,қабырға аралық бұлшықеттерді қанмен қамтамаыз етіп,арқаның 
бұлшықеттері мен терісін, омыртқа бағанасын қанмен қамтамасыз ететін артқы тармақ 
(ramus dorsalis) және жұлындық тармақ (ramus spinalis) береді. Көкеттің жоғарғы 
артериялары (arteria phrenicae superiores) көкеттің аорталық тесігінде тармақталатын жұп 
тамыр, көкеттің белдің бөлігінде тармақталып, оны және өкпеқапты қанмен қамтамасыз 
етеді. 
Висцералық тармақтар Бронхтық тармақтар (rami bronchiales) сол жақ өкпе түбірі 
деңгейінде 2-3 тармақ түрінде басталып, сол жақ бронх бойымен тармақталып,бронхтар 
мен өкпелерді қанмен қамтамасыз етеді.Оң жақ өкпеге бронхтық тармақтар көбінесе оң 
жақ артқы қабырға аралық артериялардан және өңештік тармақтардан кетеді. Өңештік 
тармақтар (rami esophageales) 4-5 тармақ түрінде аортаның өңешке жанасқан жерінен 
басталатын жұп тармақ. Көкірек орталық тармақтар r(rami mediastinalis) көкірек орт аның 
шелмайы мен лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз етеді. Перикардтық тармақтар(rami 
pericariaci) перикардтың артқы бетіне баратын жұп тармақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет