1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет71/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Г) Іш бөлігінің тармақтары: 
-өңештің қабырғасындағы түзілген кезбе нервтің өрімі асқазанға да жалғасып, онда 
алдыңғы және артқы сабауларды (truncivagales-ті) түзеді; 
-ескеретін жағдай, truncivagales-тің әрқайсысының құрамында, екі кезбе нервтің 
парасимпатикалық талшықтарымен бірге, симпатикалық және афференттіканималық нерв 
талшықтарының болатындығы;
-өңештің алдыңғы қабырғасынан асқазанның алдыңғы жағына қарай төмен 
бағытталған солжақ кезбе нервтің жалғасы негізінен асқазанның кіші иінінің бойында 
орналасатын асқазанның алдыңғы өрімін түзеді (plexusgastricusanterior)түзеді, ал одан 
симпатикалық тармақтармен араласа асқазанның алдыңғы қабырғасына (бұлшықеттерге, 
бездерге, сілемейлі қабыққа) асқазанның алдыңғы тармақтары (ramigastricianteriores
беріледі; сонымен қатар plexusgastricusanterior-дың кейбір талшықтары кіші шарбы 
арқылы бауырға да баратындығын ескерген жөн; 
 
-оңжақn.vagusасқазанның артқы қабырғасында, негізінен асқазанның кіші иіні 
аймағында асқазанның артқы өрімін (plexusgastricusposterior) түзеді, ал одан асқазанның 
артқы тармақтары (ramigastriciposteriors) тармақталады; 
-сонымен қатар, plexusgastricusposterior талшықтарының көп бөлігі құрсақтық 
тармақтарға (ramicoeliaci-ге) жалғасады да, асқазанның солжақ артериясының 
(a.gastricasinistra)бойымен құрсақтық түйінге (ganglioncoeliacum-ге) барады; 
-ganglioncoeliacum-нен басталатын тармақтар, қан тамырларының тармақтарын 
бойлай отырып, симпатикалық талшықтармен (өріммен) бірге бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, 
бүйрек, жіңішке ішек және жуан ішектің сигма тәрізді бөлігіне дейін тармақталады; 
Қорыта айтқанда, n.vagusбарлық ішкі ағзаларды сигма тәрізді ішекке дейін 
иннервациялайды. 


Кезбе нервтің (n.vagus) функциясы: 
-афференттік жалпы сезімталдықты өткізетін ағзалары: бассүйек қуысының 
артқы шұңқырындағы мидың қатты қабығы, сыртқы есту жолы мен құлақ қалқанының 
терісі, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, кеңірдек, өңеш, асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы 
безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, көкбауыр, жіңішке ішек және жуан 
ішектің сигматәрізді ішегіне дейін; сонымен қатар жұмсақ таңдай және көмей үстілік 
шеміршек аймағынан дәм сезу импульстарын өткізеді; 
-қозғалтқыш талшықтарының нервтендіретін ағзалары: жұмсақ таңдай, 
жұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар (өкпелер), жүрек перикардымен, айырша без, өңеш, 
асқазан, бауыр өт жолдарымен, ұйқы безі, бүйректер, несепағардың құрсақтық бөлігі, 
көкбауыр, жіңішке ішек және жуан ішек сигматәрізді ішекке дейін; аталған ағзалардың 
жазық немесе бір салалы бұлшықеттерін жиырылтады (өт қапшығының, несепағардың, 
асқазан мен ішектердің перистальтикасы күшейеді) және олардың қысқыштарын 
(сфинктерлерін) босатады, яғни қуысты ағзалар ішіндегі заттардан босайды; ескеретін 
жағдай, n.vagus бронхтар мен брохиоллалардыжиырылтыпброхспазмға әкеледі, жүректің 
соғысын бәсеңдетеді және оның тәждік артерияларын тарылтады (n.vagus-тың ұзақ уақыт 
әсер етуі брадикардияға, жүректің инфарктына және өкпелерден ауаның сыртқа 
шығуының қиындауына әкелуі мүмкін); 
-парасимпатикалық секреттік әсері: n.vagus-тың нервтендіретін жоғарыда 
аталған барлық ағзаларының қан тамырларын кеңейтеді және бездерінің (сілемейлі, 
асқазан мен ішектердің сөлін бөлетін ж.т.б) секрециясын күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет