1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


-n.glossopharyngeus-тың мида орналасатын жері



Pdf көрінісі
бет67/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

 
-n.glossopharyngeus-тың мида орналасатын жері: 
-n.glossopharyngeus сопақша мидан артқы латералді жүлге (sulcusposterolateralis) 
арқылы шығады. 
-n. glossopharyngeus-тың бассүйектегі орны: 
-бас сүйектен мойындырық тесік (foramenjugulare) арқылы шығады; 
 
-тармақтары және нервтендіретін ағзалары
 
1.Дабыл нерві (n.tympanicus),n.glossopharyngeus-тың төменгі сезімтал түйінінен 
(ganglioninferius-тен) шығып, дабыл қуысына (cavitastympani-ға) өтіп, сол жерде дабыл 
өрімін (plexustympanicus) түзеді, яғни дабыл қуысынан және есту түтігінен жалпы 
сезімталдық импульстарды өткізеді Дабыл өріміне ішкі ұйқы артериясының да 
тармақтары келеді. Дабыл нерві (n.tympanicus) әрі қарай кіші тастақтық нервке 
(n.petrosusminor-ға) 
жалғасып, 
кіші 
тастақтық 
нерв 
каналының 
саңылауы 
(hiatuscanalisn.petrosiminoris) арқылы самай сүйектің пирамидасының алдыңғы бетіне 
шығады да, өзіне аттас жүлгемен (sulcusn.petrosiminoris-пен) жүріп, құлақ түйініне 
(ganglionoticum-ге) келіп жалғасады, яғни ganglionoticum-ге парасимпатикалық 
секреттікимпульстарды жеткізеді. 
Қорыта айтқанда, дабыл нерві (n.tympanicus) – аралас нерв, оның құрамында 
сезімтал және вегетативтік парасимпатикалық секреттік талшықтар болады: 
а)n.tympanicus-тың сезімтал талшықтары, оларn.glossophayngeus-тың төменгі 
сезімтал түйіні (ganglioninferius) нейрондарының шеткі өсінділері болып табылады, ал 
түйіннің орталық өсінділеріn.glossopharyngeus-тың құрамымен миға кіріп тіл-жұтқыншақ 
нервтің сезімтал дара жол ядросында(nucleustractussolitarii-де) аяқталады, осы ядродан әрі 
қарай дабыл қуысы мен есту түтігінен шыққан жалпы сезім импульстарын аралық мида 
орналасқан қыртысасты орталыққа (таламусқа) содан соң сезімтал қыртыс орталығына 
(орталықалды қатпарға) өткізеді; 
б)n.tympanicus-тың вегетативтік талшықтарыn.glossopharyngeus-тың вегетативтік 
парасимпатикалық ядросы төменгі сілекей бөлетін ядросынан (nucleussalivatoriusinferior-
дан) басталатын преганглилік талшықтар, яғни парасимпатикалық секреттікимпульстарды 
вегетативтік құлақ түйініне (ganglionoticum) өткізеді; ganglionoticum-нан постганглилік 
нерв талшықтары басталып, құлақ-самай нервісінің (n.auriculotemporalis) құрамымен 
шықшыт безіне келіп, оны парасимпатикалық нервтендіреді (бездің қан тамырларын 
кеңейтеді және секрециясын күшейтеді).
2.Біз-жұтқыншақ нервінің тармағы (ramusn.stylopharyngei) – аттас бұлшықетті 
нервтендіреді. 
3.Бадамшалық тармақтар (ramitonsillares) – таңдай бадамшаларын және жұмсақ 
таңдай доғашықтарыниннервациялайды. 
4.Жұтқыншақтық тармақтар (ramipharyngei) – жұтқыншақ маңында жұтқыншақ 
өрімін түзеуге қатынасады, яғни жұтқыншақты нервтендіреді; 


5.Тіл тармақтары (ramilinguales), аралас нерв, тіл-жұтқыншақ нервінің 
(n.glossopharyngeus-тың) соңғы тармақтары: 
-тілдің артқы 1/3 бөлігін нервтендіреді, яғни осы аймақтан жалпы сезіталдықты 
өткізеді және құрамында papillaevalatae-дан дәм сезу импульстарын өткізетін нерв
талшықтары болады; 
-papillaevalatae-дан шыққан дәм сезу талшықтары n.glossopharyngeus-тың 
құрамымен жүріп, оның сезімтал төменгі түйініне, кейіннен сезімтал дара жол 
ядросына(nucleustractussolitarii) барып, әрі қарай дәм сезудің қыртысасты орталығы 
таламусқа жетеді, содан соң дәм сезудің қыртыс орталығы ілмекте аяқталады; осылай 
тілдің артқы 1/3 бөлігінен (papillaevalatae-дан)n.glossopharyngeus-пен дәм сезіледі. 
6.Ұйқы қойнаулық тармақ (r.sinuscarotici), сезімтал нерв – ұйқы қойнауын 
(sinuscaroticus-ты немесе glomuscaroticum-ды) нервтендіреді Қорыта 
айтқанда,n.glossopharyngeus дабыл қуысын, есту түтігін, тілді, жұтқыншақты, 
бадамшаларды және құлақ маңы (шықшыт) сілекей бездерін иннервациялайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет