Дерма өзінің терең қабаттарында еш шекарасыз теріасты шеліне ауысады, tela subcutanea,
ол коллагендік және эластикалық дәнекертін талшыктарынан кұралып, кең ілмекті тор
түзеді; оның ілмектері ішінде көп мөлшердегі май жасушалары бар борпылдақ тінге толы
болады. Соңғылары май бөліктеріне топталады, бұлардың ірі жинақтары теріасты май
қабатын түзеді, panniculus adiposus. Бөліктерді қоршай орналасатын дәнекертін
шоғырлары терінің ұстап тұратын байламдары, retinacula cutis, деп аталады. Онда
тамырлар мен нервтер өтеді.
Теріасты негізі (tela subcutanea) – май клеткаларының жиынтығынан тұратын және
терең жатқан ағзаларды жауып жататын борпылдақ дәнекер тінді құрылым, оны теріасты
майы немесе шелмай қабаты немесе шелді қабат (
гиподерма
) деп атайды. Шелмай
қабаты ағзалар үшін оқшаулағыш қабат, “төсеніш” қызметін атқарады және қоректік
заттар мен энергияға қойма болып есептелінеді және майлы қосылыстар көп болады.
Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады.
Терінің
гиподерма
қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық
әсерлерінен қорғайды, яғни шелмай жылу реттелу функциясын атқарады. Өйткені,
шелмай жылуды нашар өткізеді, сондықтан суық аймақтарда тіршілік ететін жануарларда
жақсы жетілген.
• Теріасты май қабатының түзілу дәрежесі, яғни аз, орташа және көп (семіз) болуы
организмдегі зат алмасу жағдайына, эндокрин бездерінің және нерв жүйесінің
жұмысына, тамақтану ерекшеліктеріне ж.т.б байланысты болады.
• Сонымен қатар, теріасты шелмайдың қалыптасуына механикалық факторлардың да
маңызы бар: мысалы, тұрған кезде табанға, отырғанда бөксеге салмақ түседі, яғни
осы жерлерде теріасты май қабаты, әсіресе серпінді төсеніш ретінде жақсы
дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: