Дәнекер тармақтар екеу, олардың біреуі жұлынның бүйір мүйіздері жасушаларынан
басталатын преганглионорлык (миелинді) талшықтар, түсі бойынша ақ, сондыктан ақ
дәнекер тармақ, (бұл тармақтар сегізінші мойыннан (С8), екінші, үшінші бел ( L3) жұлын
нервтерінде бар) атауын алады. Екіншісі симпатикалык сабау түйіндерінен жұлын
нервтеріне постганглионорлык (миелинсіз) талшықтарды апарады; ол қоңыр, сондықтан
коңыр дәнекер тармақ
, ramus communicans griseus, атауын алады.
Жұлын нервтері жұлынның катты қабығына менингеалдық тармақ, r.meningeus,
шығады, оның құрамында, сонымен бірге, симпатикалық талшықтарда бар. Ramus
meningeus сонымен қатар қайырылма нерв, n.recurrens, атауын алады, себебі ол
омыртқааралық тесік арқылы омыртқалық өзекке кейін кайтады. Осы жерде нерв екіге
болінеді: біреуі ірілеу, өзектің алдыңғы қабырғасымен краниалді бағытталады және
екіншісі ұсақтау каудалді бағытта жүреді; олардың әрбіреуі көршілес менингеалдык
тармақтармен және қарама-қарсы жақтағы тармақтармен қосылады.
Соның нәтижесінде алдыңғы менингеалдық өрім, plexus meningeus anterior, түзіледі.
Омыртқалық өзектің артқы қабырғасында да артқы менингеалдык өрім, plexus meningeus
posterior, түзіледі. Бұл өрімдер сүйек қабығына, жұлынның қабықтарына, веналык
омыртқалық өрімдерге, омыртқалык өзек артерияларына тармақтар беріледі. Жұлын
нервтері мойын аймағында омыртқа артериясы, a. vertebralis, аймағында жұлын
өрімдерінің, plexus vertebralis, түзілуіне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: