Ол өз кезегінде мынандай тармақтарға бөлінеді. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coracobrachialis, т. brachialis, т.biceps
brachii, нервтендіреді.
Тоқпан жілік сүйек кабығына жэне шынтақ буынының буындык қабына тармактар.
Білектің терілік латералді нерві, п. cutaneus antebrachii lateralis, бұлшыкет-терілік
нервтің соңғы тармағы.
Осы нервтің жолында дәнекер тармақтар кездеседі: a) кәріжілік нервтің алакандық тармағымен, г. superficialis п.radialis;
b) шынтақ нервтің сыртқы тармағымен, r.dorsalis п. ulnaris;
c) білектің терілік медиалді нервімен, n. cutaneus antebrachii medialis;
Орталык нервтің латералді аякшасы немесе латералді түбіршегі, radix lateralis, алтыншы
жэне жетінші мойын нервтерінен (С6, С7) түзіледі. Ол қолтық артериясынан бөлек
жатады.
108.Бел өрімі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары. Бел өрімі (plexus lumbalis) белдің 1–3 жұлын нервітерінің алдыңғы тармағы, сондай ақ
12ші кеуде нервінің алдыңғы тармағының бір-бірімен байланысуынан пайда болады.
Бел өрімінің тармақтары: Бұлшықеттік тармақтары (rami musculares) белдің үлкен, кіші бұлшықеттерін,
шаршы бұлшықетін, сонымен бірге мықын бұлшықеттерін нервтендіреді.
Мықын-құрсақ асты нерві (nervus iliohypogastricus, Т12–L1) іштің
бұлшықеттерін және терісін нервтендіреді.
Мықын-шап нерві (nervus ilioinguinalis, L1– L4) құрсаққабырғасының
бұлшықеттеріне беретін тармақтары –алдыңғы шап нервтері (nervi scrotales
anteriores) ұма терісіне, алдыңғы ерін нервтері (nervi labiales anteriores) үлкен
жыныс еріндерінің терісін нервтендіреді.
Мыкын-шап нерв тармактары:
а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares
б) Терілік тармақтар, rami cutanei.
в) Ұмалық алдыңғы тармақтар, rami scrotales anteriores
Сан-жыныстык нерв, n. genitofemoralis, m. psoas major қалыңдығы арқылы оның
алдыңғы бетіне өтіп, несепағардың артында орналасады және шап аймағына
бағытталады. Нерв бұлшықет қалыңдығында немесе бұлшықеттен шыккан соң екі
тармаққа - сандык тармақ, ramus fem oralis, және жыныстык тармак, ramus genitalis,
бөлінеді.
Жыныстық-сан нерві (nervus genitofemoralis, L1–L2) жыныстық тармағы (ramus
genitalis), ұрық шылбырын және атабез қабықтарын, сан тармағы (ramus femoralis)
санның терісін нервтендіреді.
Санның латералді терілік нерві (nervus cutaneus femoris lateralis, L1–L2) санның латералді бетінің терісін нервтендіреді.