Kipeбepic (vestibulum) кіреберіс айдаршығымен екі - арткы-эллипс және алдынғы- дөңгелек (сфералык) ұңғылға бөлінген сопақша пішінді қуыс. Біріншісінде жарғақты лабиринттің сопақша калташасы, ал екіншісінде дөңгелек (сфералык) қалташа орналасады. Эллипстік ұнғылға артынан жартылай дөңгелекті өзектердін 5 тесігі ашылады.
Жартылай дөңгелекті өзектер (саnаlеs semicirculares)перпендикулярлы жазықтықтардаорналасқан. Алдыңғы жартылай дөңгелекті өзек (canalis semicircularis anterior) фронталды жазықтыққа жақын вертикалды жатады. Артқы жартылай дөңгелекті өзек (canalis semicircularis posterior) сагиталды жазықтықта жатады. Латералды жартылай дөңгелекті өзек (canalis semicircularis lateralis) горизонталды орналасқан. Жартылай дөңгелекті өзектер доға тәрізді иілген және әркайсының 2 ұшы болады сүйекті аяқшалары.