Кезбе жүйкенің 4 бөлімін ажыратады: бас, мойын, кеуде, құрсақ:
Кезбе жүйкенін бас бөлімінін тармактары: Ми кабығының жүйке тармағы (ramus теnіngeus) сезімтал, жоғарғы түйінінен басталып, мойындырык тесік арқылы өтіп, мидың қатты қабығына барады.
Құлақ тармағы (ramus auricularis) сезімтал, бұл жүйкенін сабағы ішкі мойындырық тамырын жоғарғы жуашығы түйінінің алдыңғы латералды бетімен жүре отырып, самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің өзекшесіне барады. Осы өзекше арқылы өтіп, ол сыртқы есту жолын және құлақ қалқанын жүйкелендіреді.