Жасушаларды зерттеу әдістері



бет1/5
Дата15.06.2023
өлшемі299,24 Kb.
#101681
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 ДӘРІС ЖАСУШАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


ЖАСУШАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ


Жасушалар мен ұлпаларға цитологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізу барысында әртүрлі микроскоптар қолданылады. Оның екі түрі бар: жарық сәулелі және электрондық. Жарық сәулелі микроскопты қолданғанда объектіге сәулені түсіру үшін сәулелер шоғыры қолданылса, электрондық микроскопта - электрондар шоғыры қолданылады. Жарық сәулелі микроскоппен зерттеу 2 бөлінеді: стандартты жарық сәулелі микроскоптау және жарық сәулелі микроскоптаудың арнайы әдістері. Екі жағдайда да сәулелер шоғыры микроскоптың конденсоры арқылы өтіп, жинақталып, гистологиялық препарат арқылы өтіп, содан кейін объектив арқылы өтеді. Объективте көрінген гистологиялық препараттың көлемі окуляр арқылы да ұлғайады.
Микроскоптың мүмкіндігін сипаттайтын екі негізгі көрсеткіш:
1. Жалпы ұлғайту мүмкіндігі – микроскопта бейнеленген объектінің жазықтықтағы көлемі мен осы объектінің нақты көлемінің арақатысы. Жарық сәулелі микроскоптың жалпы ұлғайту мүмкіндігі 2500 есе, ал пайдалы ұлғайту мүмкіндігі (гистологиялық объектінің құрылысын анық көру) 1500 еседен аспайды.
2. Анық көрсету мүмкіндігі – объектідегі екі нүктенің ең аз арақашықтықта жеке көрінулері. Микроскоптың объектіні ұлғайтып, анық көрсету мүмкіндігі - маңызды көрсеткіші. Оны мына формула бойынша есептейді: d=/2, d - объектідегі нүктелердің анық жеке көрініс беру қашықтығы, -толқын ұзындығы.
І.3 Жарық сәулелі микроскоппен зерттеу түрлері
1. Жарық сәулесімен стандартты микроскоптау - гистологиялық объектілерге сәулені бағыттап түсіру кезінде, жарық спектірінің көрінетін бөлімі ғана қолданылады. Оның ұзындығы орташа 0,4 мкм, яғни жарық сәулелі микроскоптың анық көрсету мүмкіндігі шамамен 0,2 мкм тең. Сондықтан, жалпы ұлғайту мүмкіндігі 2500 есе (пайдалы үлкейту мүмкіндігі - 1500 есе, 8 сурет).
МБР-I микроскопының негiзгi бөлiктерi: механикалық, оптикалық және жарық түсiргiш. Механикалық бөлiгiне штатив, зат үстелі, тубус, револьвер, макро- және микровинттер жатады. Оптикалық бөлiгi окуляр ( х7, х10, х15) мен обьективтен (х8, х40, х90) тұрады. Жарық түсiргiш бөлiгіне айна, конденсор және диафрагма кіреді (1 сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет