1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Ортаңғы мидың төбесінің табақшасын



бет124/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143
Ортаңғы мидың төбесінің табақшасын (lаminа tесtі) үлкен ми сыңарларымен жабылып жатқан, ортаңғы мидың артқы бөлімін құрайды. Төбенің табақшасы екі жоғарғы және төменгі төбешіктерден (colliculi superiores et colliculi inferiores) тұрады. Жоғарғы төбешік арасында аралық мидың өсіндісі - томпақ без (glandula pinealis) болады. Әрбір төбешіктің сыртқы беті талшықтардың шоғырына ауысады, оны төбешіктердің сабы деп атайды. Жоғарғы төбешіктің сабы (brachium colliculi superioris) латералды сүйелді денеге ауысады. Төменгі төбешіктің сабы (brachium colliculi inferioris) медиалды сүйелді денені құрайды. Сүйелді денелерді аралық миға жатқызады.

Ішкі құрылысы.

Ортаңғы ми қуысын ұзындығы шамамен 2см болатын тар өзек – ортаңғы мидың су құбыры (aqueductus mesencephali) түзеді. Бұл өзек – эпендимамен жабылған және өзара мидың IV және ІІІ қарыншаларын байланыстырады. Ортаңғы мидың 3 бөлі болады: ортаңғы мидың жамылғысы (tectum mesencephali), ми аяқшасының дорсалды бөлігі - ортаңғы мидың төбесi (tegmentum mesencephali) және вентралды бөлігі (crus cerebri). Олардың арасындағы шекара қара зат (substantia nigra) болып табылады. Ми аяқшасының вентралды бөлігі бойлық эфферентті жолдардан тұратын ақ заттан түзілген. Ортаңғы мидың жамылғысын және төбесін ақ заттан басқа сұр заттың ядролары да түзеді. Жамылғының ақ заты эфферентті (қызыл ядролы-жұлын жолынан, жамылғы-жұлын жолынан), сонымен бірге афферентті (спиналды, медиалды, тригеминалды және латералды ілмектен) өткізгіш жолдардан, сонымен бірге тісті-қызыл ядролы және алдыңғы жұлын-мишық жолдарынан тұрады. Ортаңғы мидың төбесінің сұр жоғарғы және төменгі төмпешіктердің ядролары құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет