1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


)Үлкен ми шеңберінің артерияларының (Вилизиев шеңбері) түзілуі



бет122/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
67)Үлкен ми шеңберінің артерияларының (Вилизиев шеңбері) түзілуі

Бас – ми қан айналысы екі артериялық жүйе: ішкі ұйқы (аа.сarotis internes) және омыртқа артериясымен (а.vertebralis) қамтамасыз етіледі. Ішкі ұйқы артериясы – жалпы ұйқы артериясының тармағы, ол сол жақта – тікелей аортадан (қолқадан), ал оң жақта – оң бұғана асты артериясынан шығады. Аталмыш артерия бас сүйек қуысына үлкен шүйде тесігі арқылы кіріп, одан түрік ершігінің және көру нервтері қиылысының екі жағынан шығады. Ішкі ұйқы артериясының тікелей жалғасы – орталық ми артериясы мидың төбе, маңдай және самай бөліктерінің арасында сильвиев қыртысы бойымен жүреді. Ішкі ұйқы артериясы ми астында алға қарай тік бұрыш жасап, алдыңғы ми артериясына ұласады. Екі алдыңғы ми артериясы алдыңғы біріктіруші артерия (а.соmmunicans anterior) арқылы анастомоз жасайды. Екі артериялық жүйенің (каротидтік пен вертебралдық) байланысы Виллизиев артериялық шеңбері арқылы іске асады. Виллизиев шеңбері: негізгі артерия, артқы ми артериясы, артқы біріктіруші, ішкі ұйқы, алдыңғы ми, алдыңғы біріктіруші артериядан пайда болады. Виллизиев шеңберлерінің тармақтары ми ішіне кірмей, оның сыртына жайылады да, тік бұрыш жасап шығатын көптеген жіңішке бұтақшаларға біртіндеп бөлінеді. Олар үлкен жартышарлар сыртында қан ағымының біркелкі таралуын қамтамасыз етіп, ми қыртысын қан тамырлармен қамтуға қолайлы жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет