1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жауабы: Үшінші (lII) қарынша (ventriculus tertius)



бет142/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

Жауабы: Үшінші (lII) қарынша (ventriculus tertius) таламус және гипота-ламустың медиалды беттері арасында тар вертикалды саңылау ретінде көрінеді. Оның алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі және бүйір беттерін ажыратады.
Үшінші (II) қарыншаның алдыңғы қабырғасын соңғы табақша (lamina terminalis),күмбез бағаналары (columna fornicis) және соңғы миға жататын, алдыңғы дәнекер (соттissura anterior) құрайды. Күмбез бағанасы және таламус арасында бүйір қарыншалар мен қарыншаның қуыстарын қосатын, сопақша пішінді жұп қарынша — аралық тесік (foramen interventriculare) болады.
Қарыншаның артқы қабырғасын ми жүгеншелерінің дәнекерлері құрайды. Томпақ дененің негізі аймағында томпақ дене ұңғылы(reccesus pinealis) жатады,дәнекерлер мен жүгеншелерден жоғарырақ томпақ дене үсті ұңғылы (recessus suprapinealis) жатады. Артқы қабырғаның тесігі ортаңғы мидың су құбырына жалғасады.
ІІІ қарыншаның жоғарғы қабырғасы немесе қарынша төбесі сүйелді дене және күмбез астында орналасқан.Ол қарыншаның тамырлы негізі болып табылатын жұқа табақшадан (tela choroidea ventriculi tеrtii) тұрады.

ІІІ қарыншаның төменгі қабырғасын немесе түбін көру қиылысы, сұр төмпе су құйғышымен,емізікті денелер, ми аяқшаларының алдыңғы бөлігі (субталамус) және артқы тесіктелген зат құрайды.


Ш қарыншаның төменгі қабырғасының 2 қалташасы — супраоптикалық ұңғыл (recessus supraopticus) және суқұйғыш ұңғылы (recessus infundibuli) болады.

ІІІ қарыншаның бүйір қабырғаларын таламустың медиалды беттері және гипоталамус түзілістері құрайды.

80.Қол артерияларының:тармақтары,қанмен жабдықтайтын аймақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет