24. Ми жартышарларының беттері және жүлгелері мен кыртыстарын
айтып беріңіз.
Ми жартышарының латеральді бетінің жүлгелері мен қатпарлары.
Мандай үлесін төбе үлесінен терең орталық жүлге, sulcus centralis, бөліп тұрады. Ол ми сыңарының медиалді бетінен басталып, жоғарғы-бүйір бетке өтеді. Орталық жүлгеге параллель орталықалды қатпары, gyrus рrесеntrаliѕ, жатады, бірақ ол ми сыңарының медиалді бетіне жетпейді. Оны алдынан орталықалды жүлге, sulcus рrесеntrаliѕ, ал артынан-орталық жүлге, ѕulcus centralis, қоршайды. Жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелері, sulcus frontales superior et inferior,орталықалды жүлгеден алға бағытталып маңдай үлесін жоғарғы маңдай үлесіне, gyrus frontalis superior, ол жоғарғы маңдай жүлгесінің үстінде жатып, ми сыңарының медиалді бетіне дейін жетеді; ортаңғы маңдай үлесіне, gyrus frontalis media, оны жоғарғы және ортаңғы маңдай жүлгелері шектейді; оның алдыңғы бөлімінде жоғарғы және төменгі бөліктердi, pars superior et pars inferior ажыратады.
Латералді жүлге, sulcus lateralis (сильвий, BNA), самай үлесін маңдай және төбе үлестерінен бөліп тұратын мидың ең терең жүлгесі.
Ол ми сыңарының латералді бетіне жоғарыдан төмен және алға бағытталады.
Латералді жүлге тереңінде ұңғыл – мидың латералді шұңқыры, fossa lateralis cerebri (немесе латералді ұңғыл, vallecula lateralis), орналасады. Оның қабырғасы аралшықтың сыртқы беті. Мидың латералді жүлгесінен жоғары
ұсақ жүлгелер, тармақтары атауымен тармақталады; олардың ішіндегі ең тұрақтысы жоғарылаған тармақ, ramus ascendens, және алдыңғы тармақ,
Достарыңызбен бөлісу: |