1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
1-жүргізуші:Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
1 жүргізуші: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
1-жүргізуші:Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық,
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың,
Әнмен шашу шашайық!
Ән:Отан (Аиза,Жанайым,Дина) Аиза,Ералы,Дина,Азамат,Нұралы,Расул,Мейрам,Айым ,Айбол
І жүргізуші: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
І-жүргізуші:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
І-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз? Дұрыс айтасың Айару ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. Ән:Алғашқы ұстазым Азамат,Нұралы
Әли,Жанайым,Б.Айару,Санат
Ән:Бастауышпен қоштасу
Көрініс:Жасартқыш тоқпақ
: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет,тарих,биалогия,алгебра,физика,химия,т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі,математика,дүниетану,орыс тілі пәндерін зер салып,оқып,үйрендік
Ералы,Дина,Ж.Айару,Данияр,Еркеғали
Ән:Шаршама ұста(Дина Аиза,жанайым)
Би:Вальс
1-жүргізуші Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Айсәуле,Еркеғали
Ән:Әке Турарова Айсауле
1-жүргізуші:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Нәзерке,Данияр 1-жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөзкезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары:Гүлжамилә Ермекбаевнаға беріледі
Ән:Қимай тұрмын Еркеғали,Данияр
1 жүргізуші
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды. Бірге Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.