1-жүргізуші. Құрметті әдебиет сүйер қауым!



Дата17.10.2023
өлшемі14,1 Kb.
#117058
Байланысты:
Мағжан кеші сценарий


Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицей және Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университетінің іс-тәжірибеден өтуші студенттер бірлестігімен ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара.

1-жүргізуші. Құрметті әдебиет сүйер қауым!


2-жүргізуші. Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін сыныптан тыс сайысымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
2-жүргізуші. Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын-сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес, азапты жолда жүрген ақынға ашықтан-ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді!
1-жүргізуші. Ендеше, ақиық ақындардың бірі, Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныс болайық. (видеоролик, слайд Мағжан өмірі)
2-жүргізуші. Олай болса алаш үкіметінің мүшесі Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші. Ал енді, сайыс қатысушыларымен таныс болайық.
9 сынып оқушысы---------------------------------------
9 сынып оқушысы------------------------------------------
10 сынып оқушысы----------------------------------------
10 сынып оқушысы-----------------------------------------
2-жүргізуші. Қатысушылармен таныстық. Енді әділ-қазы алқаларымен танысып алайық.
Абай атындағы ҚазҰПУ лекторы, аға оқытушы Ибраева Айзат
С.Қожықов атындағы 39 мамандандырылған лицей директоры----------
С.Қожықов атындағы 39 мамандандырылған лицей директорының оқу ісі бойынша орынбасары Қазақбаева Меруерт
1-жүргізуші. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,-
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
2-жүргізуші. Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! – деп Мағжан айтпақшы, қазақ тілі бай, таза тіл.
1-жүргізуші. Алғашқы сайыс Мағжан Жұмабаев өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.
2-жүргізуші. Сайысымыздың шымылдығын ашатын 9 сынып оқушысы ----------------------------------------
1-жүргізуші. Келесі болып, өлең оқитын 10 сынып оқушысы---------------------------------------------
2-жүргізуші. Құрметті әдебиет сүйер қауым, осымен сайысымыздың алғашқы бөлімі аяқталды.
1-жүргізуші. Екінші сайыс. Мағжанға арнау. Оқушылардың жеке шығармашылығынан Мағжанға арнау және мәнерлеп оқу
9 сынып оқушысы -----------------------------------------------------------------------
10 сынып оқушысы-----------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші. Осымен Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Жеңімпаздарді анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.
(Марапаттау рәсімі, жүлделі орындарға сияқылар табыстау)
1 жүргізуші. Мағжан Жұмабаев- қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға.Көркем сөзбен көрікті өлеңдерді әдебиетіміздің әлеміне сыйлаған ерекше жан.
2-жүргізуші. Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше, аман сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет