Жоспар: Кіріспе : Әбіш қыры мол ірі дарын



Дата06.01.2022
өлшемі21,3 Kb.
#13253
Байланысты:
Бүгінгі заман ойшылы


«Бүгінгі заман ойшылы»

Жоспар:


  1. Кіріспе : Әбіш — қыры мол ірі дарын.

  2. Негізгі бөлім: Әбіштің жүрекке қонар шығармалары.

  3. Қорытынды: «Бүгінгі заман ойшылы»

Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз.  Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

Мен бұл шығарманы Әбіш Кекілбаевтың өмірінен бастағым келіп тұр , неге десеңіздер ? Бұл сұраққа жауабым : Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы оның өмірімен байланысты деп ойлаймын.



Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысыМаңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жердің тумасы. Кіші жүз шыққан руы Адай .Оның Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға қол басшылық жасаған.Ол белгілі білікті, беделді, дәулетті адам болған. Әбіш Кекілбаевтың әкесі Кекілбай  1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. Анасы баласы туралы бергеен сұхбатынан үзінді:



Кітапты, бұрынғының кітаптарын көпоқитын. Бала болып алысып-жұлысу дегенді, бұрқырап беталды жүру, темекі тарту дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын. Оныншы класты бітіргесін ауылдан да, ауданнан да қызмет ұсынды. Мен оған «былай бол» деп бір ауыз сөз, ақыл айтқан емеспін. Қызметке тұрып, ауылда қалайын деп жатқан жерінде жалғыз немере ағасы «Жас та болсаң, бассың оқы. Қызмет қайда қашады? Алматыға бар» деді. Алматыға да жалғыз кетті. Дәм айдап келген ғой, оқуын бітірген соң, осында қалды.



Айсәле Жұмабайқызы, Ана сұхбатынан 

Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. Мектеп кезінен әдебиетке құштарлығы, құмарлығы, талпынысы болған бала Әбіш осы кезден бастап өзінің шығармашылығына жол ашып, көптеген мараппаттарды өз қанжығасына іле бастайды. Ол өзінің жан-жақтылығымен түскен үлкен оқу орындарында көзге түсе бастап , оны түрлі газет жұмыстарында қызмет жасауға шақыра бастайды. Осыдан біз оны Әбіш — қыры мол ірі дарын деп айта аламыз.

Ә.Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1963  жылы жарық көрді. Одан кейін «Бір шөкім бұлт» (1966, повесть және әңгімелер), «Дала балладалары» (1968, повестер), «Дәуірмен бетпе-бет» (1972, сын мақалалар), «Тырау-тырау тырналар» (1973, жолжазба очерктер), «Бір уыс топырақ» (1974, роман және повестер), «Құс қанаты» (1975), «Баллады степей» (1975, «Молодая гвардия» баспасы), «Последний снег» (1978, повес­тер мен әңгімелер), «Баллады забытых  лет» (1979, романдар, повестер, «Известия» бас­пасы), «Конец легенды» (1979, повестер), «Үркер» (1981, роман), «Елең-алаң» (1984, роман) кітаптары жарық көрді. Жа­зушының бірқатар шығармалары орыс, неміс, болгар, пол­я­к, мажар, чех тілдеріне аударылды. Қаламгердің алғаш жарыққа шыққан шығармасы «Бір шөкім бұлт» болатын. Осы шығармасының өзі оның үлкен сөз зергері екенін көрсеткен-ді. Көп ұзамай, 1967 жылы «Күй» жарық көрді. «Күй» классикалық туынды болатын. Әрине, кезінде оны өз дәрежесінде бағалағандар аз еді. Сол аздың ішінде Г. Бельгер: «Күй» стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты, бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерімен құнды", – деген болатын. 

Одан әрі шығармашылғы алға басып «Ханша дария хикаясы» жарыққа шығарды . Осы еңбегі алдымен орыс, сонсоң басқа тілдерге аударылып жарық көрді. Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі – Ақсақ Темір туралы. Одан соң – «Үркер» романы. Демек, оның шығармаларындағы тарихы тұлғалар – Абыл, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Қарабура әулие, Шотан, Сүйінғара батырлар, Әйтеке би – біздің тарихымыздағы аса көкейкесті мәселелер болғандықтан, оларды кеңінен жіктеуге міндеттіміз. Осы шығармаларына үңілсек Әбіштің – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы екенін білеміз.


Ә.Кекілбаев Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір» романдарын, Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» повесін қазақ тіліне аударды. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын, И.Буниннің бірқатар шығар­маларын тәржімалауға қатысты. В.Шекспирдің «Король Лир», «Ромео мен Джульетта», К.Гоццидің «Турандот ханшайым», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», М.Фриштің «Дон-Жуанның думаны» пьесалары және басқа да шығармалар Ә.Кекілбаевтың аудармасы арқылы республика театрларының репертуарына енді. Бұған дәлел Петропавл қаласынан келген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Әбіш Кекілбайұлының "Махабат мұнарасы" пьесасын ұсынды. Көрсетілім көрерменнің көңілінен шықты. Екінші - Уильям Шекпирдің туындысы "Лир патша" сахналанды. Бұл Әбіш Кекілбаевтың аудармасы. Көрерменге бұл пьесаны театрдың қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік театры сахналанды."Махабат мұнарасы". Сезім мен сергелдеңге толы спектакль. Пьеса желісі әмірші Ақсақ Темір мен оның кіші әйелі арасындағы оқиға төңірегінде өрбиді. Әмірші сүйіктісінің  көңілі өзге біреуге ауған.  Айбатты хан тағдыр тәлкегінің алдында шарасыз күй кешеді. Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша әдемі мұнара тұрғызбақшы болады. Мұнараны салу кезінде жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң, мөлтек сыр ұлы сезімге жалғасады. Әміршінің жарына ынтық болған жігіттің сезімі әшкереленіп, хас шебер дарға асылады. Осындай шығармаларды халықтың алдына сахналауы Әбіш Кекілбаевтың жазушылық өнері тереңде жатқанын түсінеміз.

Ә.Кекілбаев Қазақстанның тәуелсіздігін қалып­тастыру мен бекемдеуге, парламентаризмнің дамуына, халқымыздың бірлігі мен келісіміне қажыр-қайратын жұмсады. Сондай-ақ, қазақ әдебиетін әлемдік  деңгейге көтеруге, Еуразиялық және әлемдік  кеңістіктегі мәде­ниеттер арасындағы өзара байланыс­ты тереңдетуге аянбай еңбек етті. Бүгінгі заман ойшылы саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге, мем­леке­тімізді нығайтуға арнаған, қазақ руханиятының өсіп-өркен­деуіне өлшеусіз үлес қосқан Алаш жұртының ардақтысы Әбіш Кекілбаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталып қалады.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет