1. Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы



Дата10.02.2022
өлшемі48,41 Kb.
#25196
Байланысты:
Тарих .....


5 тарау .

1.Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбірлі өзгерістер жүзеге асырылды. Барлық жерді мемлекет меншігіне алу, помещиктер жерлерін тәркілеу, жерді шаруаларға тегін беру туралы декрет жарияланды.

Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншігіне айналдыру, қоғамдастыру ісіне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның ішінде халық шаруашылық оргнадары құрылды. Банктер, ірі өнеркәсіп орындары, көлік, т.б. шаруашылықтың шешуші салалары мемлекет меншігіне көшті. Сөйтіп, өдіріс құрал-жабдығына социалдық меншікті орнату, халық шаруашылығын жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі ретінде өркендету, т.б. негіздерінде социалдық экономикалық жүйемі қалыптаса бастады.

СРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі. 1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Ресей «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.

2.Соғыстан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығының жағдайы.

Cоғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістік, ауыл шаруашылық салаларына жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн 365 мың адам, Кеңес Армиясы қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде–қыркүйегінде бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. Республикамызда 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа (1946–1950) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дəрежесіне жетіп, одан едəуір асып түсу міндеті белгіленді. КСРО-ның еуропалық аймақтарында болған қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына үлкен қиыншылықтар əкелді. Республиканың ауыл шаруашылық еңбеккерлері мүмкін болғанынша астықты мол жинап, астық пен мал шаруашылығы өнімдерін мемлекетке көп өткізу үшін аянбай еңбек етті. Жұмыс күшінің жетіспегеніне, ауыл шаруашылық машиналарының көпшілігі соғыс жылдарында қатардан шығып қалғанына қарамастан, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдындағы міндеттемелерін ойдағыдай орындауға тырысты.

1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бұл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы — ауыр өнеркəсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бұл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайын боямалап көрсету салты тарихи шындықка қарсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» əрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінің сақталуы мен шиеленісуі жөніндегі теориялық нұсқау да идеологиялық текетіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халықаралық дəрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы науқан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді. Дегенмен, 1947 жылы желтоқсанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен жəне өнеркəсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азық- түліктің негізгі түрлерінен жəне ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркəсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нəтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді.

3.Мәдени және рухани өмірдегі жетістіктер мен қайшылықтар.

Қазаң төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс деп атайық.Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды.1921 жылды маусымда Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердін көбі мүмкіндігінше саяси – ағарту жұмысына жіберілсін өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтын тілін психологиясын білетін адамдардан мәдени – ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берді. Ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып кеген ұлттық мемлекеттігінен айырылған қазақ еліне,оны аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап қиюы қашқан шаруашылығымен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін әрине, маңызды еді.

Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді.

Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды. Бұқараның көркемдік творчествосын өрістетіп, көркем өнер паздықты дамытуға ат салысты. Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны 300-ге жетті.1929 жылы республикада 494 оқу үйі,74 қызыл отау,11 театр,9 мұражай болды.Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569 кітапхана жұмыс істесе,1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп,қорында 2,5 миллион кітап болды.Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді.Бірақ бұл кітапханалармен оқу үйлері жөнді басқалқасы жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді.Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен болды.Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын.Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта – тілегі мәдени ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты.

Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе жатты. Степная правда ( қазіргі Казахстанская правда)және Еңбекші қазақ,Қазақстан журналы шыға бастады.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында газеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтың, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алыңды және мәдени – ағарту мекемелеріне желісіне,кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды.Газеттер көп жұрт жиналатын жерлерге ілінді,оларды дауыстап оқып беруісі ұйымдастырылды.Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.

1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды,олар сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен,педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді.

Өткен уақыттың бұл ауыр зардабын жоюда жастар неғұрлым күшті белсенділік көрсетті.Олардың инциативасымен 1928 ж. «Мәдени шеру» өткізілді.Кейінірек бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды.

Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы жетпеді,мұғалімдер,оқулықтар,көмекші құралдар,жазу құрал-жабдықтары жетпеді.Ойланылмай жасалған алфавиттік реформалардың жүргізілуі де істі қиындата түсті.20-жж. Аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді.Сөйтіп бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді.

30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты аудандар, колхоздар мен совхоздар пайда болды.1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық дәрежесі 83,6 пайызға жетті. Әріп танымайтын сауатсыздықты толық жоюға Ұлы Отан соғысы кедергі жасады.

1920-1930жжЖ.Аймауытовтың,С.Торайғыровтың,М.Жұмабаетың, А.Байтұрсыновтың, И.Жансүгіровтің, Ш.Құдабердиев-тің, С.Сейфуллиннің Б.Майлиннің шығармалары кеңінен танылды.Әдебиқозғалысты М.О.Әуезовтың,С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың , Т.Жароковтың, Ғ.Ормановтың есімдері байытта түсті.

20-ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Париж бен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шырқады.Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры,республикалық орыс драма театры,қазақтың мемлекеттік опера, қазақтың мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілер және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.

М.Әуезовтың «Абай» роман – эпопеясының бірінші кітабы соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болды.Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» повестін жариялады.

1931 -1940 жылдарда республикада мектептердің саны мейлінше зор қарқынмен дамыды. 1930 жылы 14 тамызда Жаппай міндетті бастауыш білім беру,1931 жылы 5 қыркүйекте Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасы мен тәртібі туралы сондай-ақ, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасымен құрылысы туралы қаулы-қарарлар қабылданып, олар халық ағарту ісінің және мектептердің барынша тез дамуына оң ықпалын тигізді.Мектеп жүйесін тәртіптеу жөнінде шаралар жүзеге асыру нәтижесінде бұрынан болып келген 2 және 3 жылдық оқу орындары 4 жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылды.

1930 жылы бастауыш мектеп жасындағы баланың 22 пайызы мектепке тартылса, 1937 жылы олардың 36 пайызы оқыды. Мектеп жасындағы балаларды оқуға тартуға, әсіресе қыз балаларды оқытуға айрықша қамқорлық жасалды. Мектептің тез қарқынмен дамуы мұғалім, ұстаз кадрларды көптеп даярлауды қажет етті. 1940 жылы мұғалімдерді Қазақтың Мемлекеттік Университетімен 13 педагогикалық институттарында, 23 педагогикалық училищелерінде даярлайтын болды. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуына кеңес өкіметі құрылғаннан бастап айрықша көңіл бөлінді.1920-1940 жылдар аралығындағы мамандар даярлау ісіндегі жетістіктер Қазақстанның мәдени бейнесін мүлде өзгертті.

Қазақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің өркендеуі.

Қазақстанда ғылымның дамуы халық өнерінің театр, музыкалық мәдениеттің өркендеуімен тағдырлас болды. Олардың қай- қайсысы да Кеңес өкіметі жылдарында кең өріс алып, халықтың ақыл – санасынан орын теуіп, бұрын көбінесе Еуропа мен Азияның халқы мол қалыптасқан қалаларында ғана болып келген бұл өнерқазақ жеріне де кеңінен жайыла бастады.

30-жылдары Қазқстанның әдебиеті мен өнерінде біраз өзгерістер,елеулі оқиғалар болды.1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі болып,онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетінің М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлин,,М.Әуезов,Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектер тобының бар екені көрінді. Келесі жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдыцң туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті.1936 жылы республика еңбекшілері С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20жылдығын мерекеледі.

4.Тың игерудің экологиялық және әлеуметтік-демографиялық зардаптары.

1 – 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады.

Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды.

Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды.

Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

5.Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы.

1954 жылы орталыққа Н.С. Хрущев билікке келген тұста, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны барысында Қазақстанның билік басындағы кадрлары өрескел түрде алмастырылды: он жыл ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж. Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі П.

Пономаренко тағайындалды. 1955-1957 жж. Л.И. Брежнев П.

Пономаренконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (19571960 жж.), Д.А. Қонаев (1960-1962 жж.), И. Юсупов (1962-1964 жж.) болды. Бұл басшылардың көбі қазақ тарихы мен оның ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптарға алып келді.

1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның XX съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. Съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында «Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою» жөнінде қаулы қабылданып, елде бірқатар демократиялық өзгерістер басталды: кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті; қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар адамдардың ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5 456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е. Бекмаханов, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов елге оралды. К. Бекхожин, С. Мұқанов, С. Кеңесбаев сияқты көрнекті мәдениет қайраткерлері партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйенің тамыры жойылмай қалды. Кінәсіз сотталған адамдардың көбі әлі де түрмелерде қалды. Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталды. Орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте қауіпті болды. Тарихи шындықтар ақтаңдақ күйінде қала берді. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. Алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Жалпы айтқанда, «жылымық» кезіндегі қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді.

Н.С. Хрущев республиканың бүкіл қоғамдық саяси өміріне тікелей араласты: Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Теміртаудағы саяси толқу ұлт саясатына байланысты емес, тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.

1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX съезінің ұйғарымымен Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есеге арттыру міндетін қойды. Осыған орай, 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Бірақ, жаңадан игерілген тың жерлер 60-шы жылдардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын. Осының салдарынан әрбір гектардан жоспарланған 14-15 ц астық орнына 1954-1958 жылдары 7,4 ц жиналса, 19611964 жылдары – 6,1 ц, ал 1964 жылы – 3,1 ц ғана астық алынды. Тіпті осы кезден бастап КСРО АҚШ, Канада, Аргентина, Франция сияқты елдерден астық сатып алуға мәжбүр болды.

Тың игеру науқаны кезінде рухани саясаттың да үлкен зияны болды: Қазақ халқы тың игеруге ынталандырылған жоқ; қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттер мен баспасөздің саны күрт төмендеп кетті; 3 мыңнан астам елді мекеннің тарихи аттары өзгертіліп, ұлттық сананың өшуіне нұқсан келтірілді; Орасан үлкен аймақта жер жырту оқиғасы орны толмас экологиялық апаттарға, дәстүрлі мал жайылымының қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің бет қыртысына (гомусы) нұқсан келіп, 18 млн. га. Астам жер эррозияға ұшырады.

Тың игеру жылдарының осы кезеңдерінде Қазақстанның солтүстік облыстарында мемлекетке қолайлы совхоз ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Сөйтіп, 1958 жылдын ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдыра бастады.

Тың игерудің алғашқы кезеңінде өзге республикалардан орталыққа қолайлы 640 мың адам көшіріліп әкелінді. Нәтижесінде тың игеру жылдары Қазақстанға 2 млн адам сырттан әкеліп қоныстандырылды. Осылайша қазақтар 1959 жылғы санақта тарихи отанында азшылыққа айналу үрдісінің төменгі мөлшеріне жетіп, 29,7% пайызды құрады.

6.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық полигоны.

Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.

Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Семей ядролық полигоны. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.

Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама.

Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Ядролық сынақтар.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.


  • Арал

Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді.

Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағыдыры – адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу.

7.Мәдениет пен ғылым.

Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.

8.Ұлттық саясатты жүргізудегі орталықтың әділетсіз шешімдердің күшеюі. Целиноград оқиғасы.

Целиноград наразылығы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.

Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.

Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.

Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.

Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті

6 тарау.


1.Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі.

Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі

Жоспар


  1. Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М. С. Горбачевтің реформасы.



  1. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы.



  1. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі: тәуелсіздік алу.

А)Д.А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы бірінші хатшысы лауазымындағы қызметі.

Б)1986 жылғы Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы желтоқсан оқиғалары және олардың шынайы себептері.

В) Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация.

Г) 1991 жылғы тамыз оқиғасы.

Реформа

М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрлармен , өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумында М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту , өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды

Реформа

Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М. С. Горбачевтің реформасы.

Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды көздеді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Әлеуметтік-экономикалық даму

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.

Бірінші кезең

Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар

Екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді

Екінші кезең

Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.

Үшінші кезең

Д.А. Қонаевтың қызметі

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Д.А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы бірінші хатшысы лауазымындағы қызметі.

Д.А. Қонаев кезіндегі өзгерістер

Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңін 1955–1986 жылдармен есептейміз. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсті. Елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салынды. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.

Желтоқсан оқиғасы, сипаты, себебі

Желтоқсан көтерілісі

Д.А Қонаев 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары.

86-құйын


17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

Жаңаөзен оқиғасы. Бұл-кеңестік қызыл империяның Қазақстандағы үстемдігінің соңы 1989 жылы Жаңаөзен қаласында болған еді. Оған қатысушылар түгелге жуық Жаңаөзен қаласы мен оның маңындағы ауылдардың қазақ жастары. Горбачевтің қайта құру және демократиялық саясатына алданған қала жастары кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы бас көтерді.

Оқиғаның негізгі себебі- Кеңес өкіметі басшыларының жергілікті халықтың мүддесімен санаспауы еді. Жаңадан іске қосылған мұнай, газ кен орындарының көптігіне қарамастан, жергілікті жастар, әсіресе, әскерден келгендері жұмыссыз жүрген. Ал ашылып жатқан өндіріс орындарына жұмысшылар көбіне басқа республикалардан әкелініп, жұмыс вахталық тәртіп бойынша атқарылып, олар жоғары айлық алған.

Жезқазған оқиғасы

Декларация қабылдау

Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация

1990 жылдың 25-қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің қаулысы бойынша мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Ол Қазақстанды өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныту мүмкіндігін туғызған басты тарихи құжат. Күнтізбеге мемлекеттік мереке ретінде енгізілген айтулы күн 2009-жылдан бері тойланбайды. Дегенмен, 25-қазан қазақстандықтар үшін өз маңыздылығын жоғалтқан емес.

Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған мемлекеттік егемендік туралы декларация 17 бөлімнен тұрған. Оның қабылдануымен егемендікті мәлім ететін жеке территория, азаматтық, мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестігіміз бен мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.

1991 жылғы тамыз оқиғасы

Тамыз оқиғасы

Тамыз төңкерісі – Михаил Горбачевті КСРО-ның президенті лауазымынан алып тастауға және 1991 жылғы 19 тамызда Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет өзі жасаған бағытын өзгертуге әрекет жасау.

Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.

1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.

Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты

2.КСРО –ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.

ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек – 69, Одақта әрбір 10 мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды.

1990 жылы КСРО-ның орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс бодды.

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:


  1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.



  1. Демократияландыру мен жариялылық.



  1. Төрешілдікке қарсы күрес.



  1. Халықтық реформа жүргізу.

5.Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

3.1986 ж. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.

Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 16 – 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1 -ші хатшысы Г.В. Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі Істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын -86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып-жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел топ, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан құрбандарының катарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Желтоқсан көтерілісіне Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) Орталық Комитетінің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Тоталитарлық, отаршыл саясатқа қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде «Желтоқсан. 1986. Алматы» (құрастырғандар – Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы – ел намысы» жинақтары, К.Тәбейдің «Мұзда жанған алау», Т.Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары мен «Желтоқсан» (бас редакторы – Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, «Аллажар» (1991, реж. Т.Теменов), «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді.

4.ТІл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы (1989ж. қыркүйек). Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.

22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды.

Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгеленген болатын.

Қазақ КСР-нің «мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы – 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.[

5.1991ж тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО ыдырауы және ТМД құрылуы.

Тамыз бүлігі – 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. Кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. К-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. К-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. К-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. К-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.

7 тарау.


1.Қазақстанның ұлттық қайта жаңғыруы және демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы.

Демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы.

Қазақстанның ұлттық қайта жаңғыруы және демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы.

Жаһандану үдерісіне Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай «…өзіміз­дің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз».

Қазіргі кезде рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттары біздің кәсіби жұмысымыздың құрамдасы бөлігі болып кетті. Бүгінде университеттер өз академиялық парызын үш бағытта атқаратының меңгерсек, олар: білім, ғылым, тәрбие. Рухани жаңғыруда басым бөлігі осы үш бағытта қамтылған. Осы бағдарламаның басым бағыттарын жүзеге асыруда университеттер белсенді жұмыстар атқарып жатыр. Атап айтқанда қолданбалы және іргелі ғылыми, стартап жобалар, түрлі конкурстар мен зияткерлік олимпиадалар, қайырым­дылық акциялары мен түрлі кездесулер, арнайы конференциялар ұйымдастыру, т.б. көптеген шаралар мазмұндық және тұрпат­тық жағынан рухани жаңғыруға бағыт­талған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы студенттердің ғылыми ізденіс жұмыста­рында, атап айтқанда, дипломдық жұмыс­тар мен магистрлік диссертацияларынан көрініс тауып, студенттік клуб жұмыста­рына арқау болды. Сонымен қатар, рухани жаңғыру бағдарламасының басым бағытта­рының бірі – өсіп келе жатқан ұрпақ бойындағы тарихи сананың қалыптасуына үлкен мән беріліп, назарға алынған.

Рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология тез қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркеуіміз керек. Бір сәт мүлгіп кетсек қарқын дамып жатқан әлемде, бізді күтіп тұрмай біраз жерге алыстап кетеді. Содан соң оған ілесу қиынға түседі. Сондықтан, рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүруі керек.

Демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін оның тұрғындарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны қайта құру мәселесі туды. Бұл бағытта көптеген шаруа атқарылды: экономика, мемлекеттік басқару, сыртқы саясат, ұлттық қорғаныс, табығатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар дайындалды.

Қазақстан толық егемендікке ие болғаннан кейін азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет болу бағытын ұстанды. 1995 жылы қабылданған Республика Конституциясына сәйкес парламенттік – президенттік басқару нысаны таза президенттік нысанға өзгертілді.

Заң шығару билігі институты да өзгерді. Кезінде бірқатар маңызды актілерді (мемлекеттік егемендік туралы Декларация, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң, 1993 жылғы Конституция, меншік туралы, азаматтық туралы және т.б. заңдар) қабыладанған бұрыңғы бір палаталы жоғарғы Кеңес қызмет тұрпаты өзгерген екі палаталы Парламентке орын берді. Олар азамат құқығы мен бостандығын заңды түрде қамтамасыз ету, нарықтық қатынасқа өту, жеке меншік және кәсіпкерлерді қолдау, демократияны дамытуға қатысты жұмысты жалғастырды.

Құқықтық мемлекет болу оңай емес. Ол үшін бірнеше даму кезеңдерін өтіп, мемлекеттік органдардан, жұрттан, лауазымды тұлғалардан күш-жігерді талап етеді. Жемқорлыққа жол бермеу қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның моральді негіздерін жетілдіру қажет. Азаматтардың бойында құқықтық жанартуларды сыйлауды үйрету, қоғамдағы құқықтық қатынас пен заңды байланыстарды құрайтынның бәрін жүзеге асыру шараларын көрсету керек.

Осындай бағытты ұстансақ, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру мінддеттерін жақын арада жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Еліміздің демократиялық сипаты конституциядағы қағидаларға қарап анықталады. Мемлекетті құрудың негіздерінің бірі – мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті органдарды сайлау. Демократиялық мемлекет қызметтерінің басқа бір негізгі қағидасы- мемлекет өміріндегі ең маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі осыған жатады.

Құқықтық мемлекетте заңдар белгілі бір бөлігінің емес, баршасының шынайы еркін білдіреді, онда заң үстемдік етеді. Ең жоғарғы лауазымды тұлғадан бастап қатардағы азаматқа дейін – барлық адам заңдардың барша халықтың мүддесі үшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайтынын, адамдардың оқуы үшін, отбасы құру үшін, жұмыс істеуі үшін, өздері таңдаған іспен шұғыладну үшін, лайықты өмір үшін пайда табуы мақстатында, өздерін ерікті сезінуі үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін қажет болатын қоғамдық тәртіп белгілейтін түсінулер қажет. Азаматтардың өзідері бұзылған құқықтарын қорғауға үйренулері керек. Ол үшін соттар обьективті болуы керек, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну керек.

Құқықтық мемелекеттің негізгі белгісі, ол адам өміріндегі заңның жоғарлылығы, үстемділігі болып табылады. Адам және қоғам өмірінің маңызды сәттері заң арқыл шешілуі керек.

Мемлекет атап кеткендей құқықтық жүйенің болуымен және оның шынайы жұмыс істеуімен ғана құқықтық мемлекет болып есептелмейді. Мемлекеттік құқықтың түрінің деңгейі толықтай демократиялық, прогрессивті және гомунистік құқықтық ойлардан тұратын халықаралық құқық тұрғысында өзін қалай ұстай алатындығымен анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің мемлекетіміздің әлеуметтік базасы – бүкіл халықтық, барша тұрғындар.

Осылайша, әлеуметтік – экономикалық жағынан да халық (әлдебір тап емес) қоғамның жалғыз әлеуметтік субьектісі болып табылады.

Сондықтанда қалыптасып келе жатқан мемлекеттік үлкен сенімділікпен әлеуметтік мемлекет деп атауға болады. Тағы бір дәлел- конституцияның халықаралық құқығының жалпыға ортақ нормаларында көрсетілген жалпы адамзаттың құндылықтарға бағытталуы.

Мемлекеттік құрылым жағынан Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтың бірліктерден тұратын унитарлық мемлекет болып табылады.

Қазақстан Республикасының Унитарлық құрылымы оның аумағының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің біртұтас заңаманың және азаматтықтың бастамасы болып табылатын бірқатар принциптерге негізделеді. Олар:

Бір азматтық

Мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі

Заңнама жүйесінің бірлігі

Қазастан Республикасының аумақтың және мемлекеттің біртұтастығы

Елімізде басқарудың республикалық нысаны белгіленген. Осы басқарудың нысаның таңдау үшін келесі конституциялық қағидалар заңды негіз ретінде болады: парламентариум халықтың мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде қарастырылуы; мемлекеттік биліктің үш тармаққа (заң шығарушы, атқарушы және сот) бөлінуі; халық қабылдаған конституцияның үстемдігі мен жоғары заңы күші.

Басқарудың республикалық формасы жайғана халықтың еркіне негізделмейді. Ол мемлекеттік органдарға азаматтардың құқығы мен бостандығын, заңды мүдделерін қорғауға олардың мүдделерін мемлекет мүдделерімен үйлестіруге бағыт – бағдар береді.

Бұл ретте адам құқығы мен бостандығының мемлекеттік мүдделерден басымдылығы қамтамассыз етеді. Мемлекет конституциясы тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде адамның, азаматтың құқығы мен бостандығын шектей алмайды.

2.«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болып табылады.

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.

ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.

Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.

Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.

Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.

Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.

Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.

Жетінші тарау – Қорытынды ережелер

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, (Преамбула - Ата заңдағы және басқа да құжаттардағы кіріспе бөлім ), 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау және басқалар.

1991жылы 16 казанда « Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР президентін сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда»Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін бекіту туралы қабылдаған заңы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасып, дамуы мен нығаюына қосқан айрықша үлесін мойындау болып танылды.

3.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. Әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

Қазақстанның ішкі саясаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады:

1.Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар:

Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді.

Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды.

Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.

Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген.

4.Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. 1995 ж. Конституция.



Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет