Модульдік бірлік 1 Мемлекет және құқық



бет1/3
Дата11.02.2023
өлшемі21,5 Kb.
#67140
  1   2   3
Байланысты:
11111-лекц


Модульдік бірлік 1 Мемлекет және құқық
Мемлекеттің түсінігі мен белгілері. Мемлекеттің нысандары. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары. Құқықтың қайнар көздері. Мемлекеттің тарихи типтері (үлгілері). Мемлекеттің типологиясы. Мемлекеттің нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік қүрылыстың нысаны, саяси режим).

Құқық негіздері – мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. «Құқық негізі» заң мамандығын алмайтын студенттерге арналған құқық теориясының негізін, Қазақстан Республикасының заң шығарушылығын түсіндіретін жүйелі оқу курсы. Құқық негізінің объектілерінің жүйесін оқу мемлекет және құқық туралы негізгі білімді меңгеру үшін өзіне оқу, монографиялық, арнайы және нормативтік-құқықтық әдебиеттерді біріктіреді. Аталған пәнді оқу әдісі жоғары білім беру концепциясына, негізгі түсініктемелер мен анықтамаларды меңгеру және бекітудің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығына, әлемдік көзқарастар мен құқықтық мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық-саяси және құқық қолдану тәжірибесінен мәліметтер мен мысалдар келтіруге негізделген. «Құқық негіздерін» оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының негізгі түсінігін, қағидаларын, заңдылығын анықтайтын және олардың байланысын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларының негізгі түсініктер мен қағидаларын түсіндіретін мемлекет және құқық негіздері болып табылады. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады. Негіз құқық теориясының, мемлекет теориясының түсінігі және анықтамалары, құқық салаларының құқықтық қалыптарының әр құқық саласында жалпы бөлімінде қарастырылған құқық қалыптарының маңызды мәні, негізгі түсініктерді қамтиды.


Адамның және азаматтың күнделікті өмірде көп кездесетін құқық салаларына: отбасы, еңбек, азаматтық және басқа да құқық қатынастарына көп көңіл бөлінеді. Құқық негіздері Қазақстанның құқық жүйесі және студенттердің әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды рөл атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік-құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді.
Құқық негіздерінің қалыптасуы мен оның жетілдірілуі белгі бір кезеңдерден өтеді. Кеңес дәуірінде барлық мамандықтардың студенттері кеңес құқығын құқық білімдерінің негіздерімен әрекет етіп жүрген мемлекеттік-құқықтық механизмдердің негіздері, заңның қағидалары мен нормативтік-құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары айқындалатын басқа да пәндерді оқыды. Қазіргі жағдайда құқық негіздері құқықтық тәрбиенің қажетті элементі ретінде көрініс табады және Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті көтермелеу үшін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тиімді құрал болып табылады.
Мемлекет – басқару қызметін орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси құқықтық ойда бейнеленуінің нәтижесі бірнеше теорияларға, тұжырымдарға келіп тоғысты. Олар: теологиялық, патерналистік, қоғамдық келісім, озбырлық, диалектикалық-материалистік теориялар. Қорыта келгенде, мемлекет – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым болып табылады. Мемлекетке тән белгілер: жері, белгіленген аумақ шегі, халқы, басқару органдары, құқық және салық жүйелері, рәміздері, егемендігі.
Өзінің бағытына сәйкес өз қызметін белсенді атқаратын, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде әсер ететін дербес бағыт мемлекет қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызмет ішкі және сырқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметі – қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыты. Олардың түрлері: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, қорғаушы, экологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет