Швецияныңқылмыстық кодексі балаларды жыныстық қол сұғушылықтан қорғауға көп көңіл бөледі. Мысалы«он бес жастан он сегіз жасқа дейінгі адамды мәжбүрлеу, ар-ожданына тиісу немесе басқа да заңсыз ықпал ету жолымен сексуалдық сиппаттағы іс-қимыл жасауға немесе оған қатысуға немесе өзге де жағдайларда порнографиялық көріністерді өндіру элементін құрайтын іс-қимылға итермелейтін адамға қатысты неғұрлым қатаң жаза белгілейді».
Кәмелетке толмаған адамды жыныстық пайдалану деп заң он бес жасқа толмаған баламен жыныстық акт жасауды түсінеді. Тіпті,он бес жасқа толмаған балаға қатысты сексуалдық қанаушылық белгілері болмаған жағдайда да«сексуалдық сипаттағы жанасқаны» үшін тиісті жаза көзделеді.
Испанияныңқылмыстық кодексі жыныстық агрессия үшін жауапкершілікті көздейді,«ауыз қуысы немесе анальдік ену жолымен физикалық жыныстық актіден тұрады...». Аталған әрекеттер үшін жазаны ауырлататын мән-жайлардың ішінде оның жасын ескере отырып, құрбанның ерекше дәрменсіздігі көрсетіледі (180-бап).
Эстонияныңқылмыстық кодексінде екі дербес құрам бөлінеді: «жас бабалармен жыныстық қатынас» (145-бап) және «жас балалармен жыныстық құштарлықты қанағаттандыру»(146-бап). Ұлыбританияда 2003 жылғы жыныстық қылмыстар туралы заң бойынша 13 жасқа дейінгі балаға қатысты жыныстық акт және «жыныстық қол сұғушылыққа» байланысты өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін өмір бойы қамауға алу қарастырылған.
Осылайша, әлемнің барлық елдерінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін қосымшасыз санкция – бас бостандығынан айыру көзделген.
Жалпы, Бүгін Еуроодақ елдерінде педофилдерді жазалауды қатаңдату бойынша процестер жүріп жатыр. Еуропада мұндай қылмыстар үшін кемінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық жаза баланы интернетте оған сенімге кіру, содан кейін жыныстық қанағаттандыру үшін пайдалану мақсатында ұстап тұру немесе ұстап қалу үшін де енгізілді.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Еуропа елдерінде балалардың 10-нан 20% - ға дейінгі пайызы сол немесе өзге тәсілмен жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған (интернет желісі арқылы).
Осыған байланысты, Францияның тәжірибесінде қылмыстық іс-әрекетке тарту мақсатында, оның ішінде белгісіз адамдар тобына жолданған хабарламаларды тарату кезінде телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, кәмелетке толмағандармен байланысқа түскен адамдардың қылмыстық жауаптылығы көзделген.
Молдованыңқылмыстық кодексінде де осындай норма бекітілген, онда ұсыныс, сендіру, айла-шарғы жасау, қорқыту, пайданы кез келген нысанда, оның ішінде ақпараттық технологиялар немесе электрондық коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылатын, оған қатысты жыныстық құмарлыққа қатысты кез келген қылмыс жасау үшін кәмелетке толмағандармен кездесу ұйымдастыру мақсатында, егер мұндай іс-әрекеттерде осындай кездесуге апаратын нақты іс-әрекеттер жүрсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қудаланады.