Зорлық зомбылыққа ұшыраған балалармен психологтің жүргізетін жұмысы



Дата10.12.2023
өлшемі386,89 Kb.
#135503
Байланысты:
9. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған баламен жұмыс

зорлық зомбылыққа ұшыраған балалармен психологтің жүргізетін жұмысы


Баламен қарым-қатынаста зорлық-зомбылықтың негізгі төрт түрге бөліп көрсетуге болады:
  • Физикалық
  • Жыныстық
  • Психикалық
  • Әлеуметтік


Физикалық зорлық-зомбылық – баланың денсаулығына зақым келетіндей, оның әрі қарай дамуын тежейтіндей немесе өмірін қиятындай қасақана түрде балаға физикалық зиян келтіру. Физикалық зорлық-зомбылыққа, сонымен қатар, баланы наша қолдануға, алкоголь өнімін ішуге, улаушы нәрселерді қолдануға немесе масайтатын «медициналық» препараттарды қолдануға үйрету де жатады.
Жыныстық зорлық-зомбылық – баланы оның рұқсатымен және рұқсатынсыз жыныстық әрекетке тарту, мұнда жезөкшелік пен порнобизнеске итермелеу де кіреді. Баланың жыныстық қатынасқа келісуі оның зорланбаған деп есептеуіне негіз болып саналмайды, себебі бала бұл әрекеттердің жағымсыз салдарларын болжауға қабілетсіз.
Психикалық зорлық-зомбылық балаға мезгіл-мезгілімен, ұзақ уақыт бойы және тұрақты түрде психикалық әсер ету, сонымен қатар баланың жас ерекшеліктеріне сай келмейтін талаптарды қою.
Бұл жағдайлар баланың әрі қарайғы тұлғалық дамуын тежеп, психологиялық комплекстердің қалыптасуына әкеледі.
Әлеуметтік зорлық-зомбылық – баланың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қараусыз қалдырған жағдайда орын алады. Балаға қамқорлық жасамайды және оның негізгі қажеттіліктерін (тамақ, киім, тұрғын үй, білім, медициналық көмек) қанағаттандырмайды. Нәтижесінде баланың эмоционалды жағдайы бұзылып, қалыпты дамуы мен денсаулығына қауіп төнеді.

Баланың зорлық-зомбылыққа тап болғандығын анықтаудың белгілері

  • Физикалық зорлық көрсету. 
  • - дене жарақатын көру (көгеру, шрам, қызарған);

  • агрессивті әрекеттің орын алуы;
  • үйден қашу;
  • жануарларға, қоршаған ортаға қайырымсыз.
  • Жыныстық зорлық-зомбылық
  • – айналадағы өмірге, адамдарға селқос көзқарас;

  • кенет жанасудан қашу (қорқу);
  • сырт келбетіне мән бермеу;
  • күдікпен қарау;
  • өзін үнемі кінәлі сезінеді;
  •  баланың сексуалдық мәселелер немесе іс-әрекеттер туралы ерте кезден және толыққанды білуі, басқа балаларға тиісуі.

Баланың зорлық-зомбылыққа тап болғандығын анықтаудың белгілері

Психикалық зорлық көрсету

Әлеуметтік зорлық-зомбылық

– өтірік айтады;

Психолог алдындағы негізгі үш мақсат

  • Балада болған жағдай туралы нақты әрі анық қабылдауға ықпал ету;
  • Балаға аффект жағдайын жеңу үшін сезімдері мен реакцияларын басқаруға көмектесу;
  • Дағдарысты жеңуге көмектесетін әрекеттік үлгілерді қалыптастыруға көмектесу.

Психологтың жұмыс алгоритмі

  • Баламен контакт орнату
  • Баланың жас ерекшеліктерін ескеру
  • Балада болған жағдай туралы нақты әрі анық қабылдауға ықпал ету
  • Белсенді тыңдалым тәсілдерін қолдану
  • Балаға қолдау көрсетіңіз, дағдарысты жеңуге көмектесетін әрекеттік үлгілерді қалыптастыруға көмектесу

Жұмыста қолданылатын әдістер мен жаттығулар

  • Арт-терапия
  • Релаксация
  • Ойын терапиясы
  • Когнитивті-әрекеттік терапия (баланың әрекетіне әсер ететін ойлар мен сезімдерін түсінуге көмектесу)
  • Проекция (ойыншықты таңдап, сол туралы айтып бер)
  • Оқиға айтып бер
  • Ертегі құрастыр
  • Ертегі-тест «Піл»
  • Ертегі-тест «Қорқыныш» Луиза Дюсс


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет