1 Кәсіпорынның амортизациялық сатясаты, негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетудің мәні және талдауы



Дата25.05.2023
өлшемі54,44 Kb.
#97010
Байланысты:
Сапарбек Несібелі


Мазмұны



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1 Кәсіпорынның амортизациялық сатясаты, негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетудің мәні және талдауы
1.1 Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері
1.2 Кәсіпорын үшін амортизациялық саясатты таңдаудың мәні және міндеттері
1.3 «Гауһар» ЖШС ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы

2 Есептеу бөлімі


2.1
2.2
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3
4

4


4

9
15


19
19



І Кіріспе


Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.


Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. 
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. 

ІІ Негізгі бөлім


1 Кәсіпорынның амортизациялық сатясаты, негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетудің мәні және талдауы
1.1 Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері

Амортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.Ол елдегі экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің маңызды тетігі ретінде қызмет етеді. Ен алдымен амортизациялық саясат негізгі өндірістік қорлардың жаңару процесіне, ғылыми техникалық прогресстің қарқындауына, инвестициялық қызметке әсер етеді, кейін осы арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді.


Экономикалық әдебиеттердің көздерін талдау көрсеткендей, ғалым экономистердің арасында амортизациялық саясат мәнін макроэкономикалық және микроэкономикалық денгейде тұтас жүйе ретінде түсінуде бірдей көзқарас, тұрғы жоқ. Экономиканың ғылыми техникалық прогресін анықтайтын салалар үшін, мемлекет жедел амортизацияны белгілейді, ол қолданатын енбек құралдарын тез істен шығаруға, оларды неғұрлым жетілген түрлерімен алмастыруға мүмкіндік береді.Оларды енгізу өз алдына физикалық жағынан әлі тозбаған құрал жабдықтарды істен шығарғаннан гөрі тиімді болады .Бұл жаңа техника өндірушілерді жаңа модельдерді өндіріп, шығаруға ынталандырады.
Сатып алушы сатып алынған техниканың жоғары өнімділігі және аз енбек сыйымдылығы сияқты жоғары параметрлері есебінен ұтады.Бірақ оның жағымсыз жағы да бар: істен шыққан техника, оның негізінде сұранысы бар өнім өндіретін кәсіпорындарға сатылуы мүмкін.
Бұл схеманы іске асыру үшін белгілі бір шарттар қажет. Біріншіден машина жасау кешені өндіріс құралдарына сұранысты қанағаттандыру керек. Екіншіден жаңа техниканың тұтынушылық сапасының өсу қарқыны амортизация қарқынын озу керек. Бағалау бойынша жаңа құрал жабдық алмастырылатын жабдықтан 40-50% жоғары, әрі күшті болуы керек.Бұл шектен төмен болса ,реновацияның ешқандай мағынасы болмайды: жұмыс атқарып тұрған станокты дәл сондай станокпен алмастыру үшін оны үш жыл бұрын істен шығарудың қажеттілігі болмайды. Амортизациялық саясат бұл - шаруашылық субъектілердің дамуына қолайлы шарттар туғызу, ғылыми техникалық прогрессті жеделдету және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыру мақсатымен, амортизацияланатын мүліктің жай және кенейтілген ұдайы өндіріс саласында мемлекеттің іске асыратын ғылыми негізделген және мақсатты шаралар жүйесі. Уақытқа байланысты өндіріс процесіне қатысатын негізгі құралдар,уақыт өте келе жойыла бастады,яғни физикалық,техникалық күшке байланысты,өздерінің қызметін экономикалық факторға байланысты жойып жібереді.
Тозу –бұл физикалық,моральдық процестің жойылуы.Негізгі құралдардың екі жойылу түрі болады:физикалық және моральдық.Негізгі қордың қолданыстағы процесінде жүзеге асатын физикалық тозу мен негізгі қордың бастапқы тұтынушылық құнының бірте бірте жоғалуы.Негізгі қордың физикалық тозуы олардың сапасына байланысты болады,оның техникалық дамуын (материалдық түрі, сапасы, құрылыстың сапасы) технологиялық процестің ерекшелігі,уақытқа байланысты қозғалысы (жылдық жұмыс күшінің сапасы,тәулік ауысым,тәулік жұмыс сағаты) негізгі қордың сыртқы шарттарын қорғау, негізгі қордың сапасына қарау және оған қызметтер көрсету,негізгі қордың қарым –қатынасы эәне квалификациялық жұмысқа байланысты болады. Негізгі қордың физикалық тозуы элементі бірдей болады. Негізгі қордың тозуын толық және біріңғай айырмашылығы бар.Негізгі қорға толық тозу кезінде жойылады және жаңаларымен ауыстыруға әсер етеді.Негізгі қордың ескірген маңызды бөлігі өндірісте яғги,ұлттық шаруашылық өнеркәсібінің жойылуына акеледі.Біріншіден,салымдардың көбейуін талап етіп,ескірген құрылғыларды,капитал ремонт жасап,жұмыстың жағдайын жақсарту. Екіншіден,жаңа техниканы қолданылуына мүмкіншілігі болмаса да,ескірген өндірісті толық пайдалануын қадағалау. Осыған байланысты өнімнің көлемі мен қызметтері азаяды. Моральдық тозу –қондырғылардың қысқаруына,машина бағасының төмендеуіне өндіріске шығындар болып табылады.(бірінші түрдегі моральдық тозу) қорытындысында,прогрессивті және экономикасы эффективті машиналар мен қондырғылар осы екінші жаңа енгізудің моральдық тозудың түріне жатады.Моральдық тозу әсерінен негізгі қорлар техникалық және экономикасы тиімді түрі жағдайында артта қалып қояды.
- Моральдық тозудың бірінші түрі-машына бағасының жойылуы физикалық тозумен сәйкеспеуі,осы машиналарды дайындап, қорытындысында, жаңа қызметтерді пайдаланып арзандату болып табылады. Моральдық тозудың бұл түрі, осындай машина жасаудың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты шақырады. Осы қызмет көрсету уақытының өнімді дайындау бағасының төмендеуіне құрылғылардың жалғауына байланысты физикалық тозу емес,техникалық прогресі,еңбек өндірісінің өсуі,жаңа негізгі құралдардың өндірілуіне байланысты болады.Моральдық тозудың бірінші түрі негізгі құралдың бағасының талабы өзгерілмейді,жаңа маннаның құрылымы өзгерілмейді және өндірістік құралдар да солай болып қалады,тек қана негізгі құралдардың бағасы өзгереді.
Моральдық тозудың екінші түрі –ол машиналардың қолма–қол қозғалысының,құрал жабдықтардың,өндіріс қуатының қысқаруына байланысты болады. Қазіргі заман талабына сәйкес мерзім өтілген құрылғыларды есептен шығару өте күрделі. Өтілім шығарылған қондырғылардың ’’жаңа оперативті түрлері кәсіпорындарда пайда болуы ең қызмет көрсету түрлері,жедел турде экономикалық айырбасталуы негізгі қор бойынша физикалық тозу дейік.Ескірген қондырғылардың өз уақытында,жаңа техникалық қондырғылармен ауыстырылмауынан олардан шығатын өнімдердің әрі қымбат,әрі төмен сортты өнім шығарылады
Амортизациялық саясат ғылыми техникалық, инвестициялық, қаржы несиелік саясаттармен тығыз байланысты, бірақ олардың барлығы да мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөліктері болып табылады.
Амортизациялық саясат мақсаты – ғылыми техникалық прогрессті жеделдету, инвестициялық қызметті белсендендіру, айналымнан тыс активтердің ұдайы өндіріс және жаңару процестері үшін шаруашылық субъектілерге қолайлы шарттар, жағдайлар жасау. Амортизациялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, ол өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық экономиканы көтеруге бағытталады.
Амортизациялық саясат келесі бағыттар бойынша міндеттерді шешуге бағытталуы керек:
Ғылыми техникалық прогрессті дамыту;
Негізгі капиталдың жаңару процесін жеделдету және елдің ұлттық байлығын аттыру;
Мүліктің пайдалы қолдану мерзімін оңтайландыру;
Жай және кенейтілген ұдайы өндіріс процесі үшін құралдар жинақтау;
Негізгі өндірістік қорларды объективті бағалау және қайта бағалау үшін шарттар жасау.
Амортизациялық саясатты жасаған кезде мемлекет келесі принциптерді ұстануы керек:
Негізгі қорларды қайта бағалауды іске асырудың өз уақыттылығы және дұрыстығы, әсіресе инфляция шарттарында;
Негізгі қорлардың жай және кенейтілген ұдайы өндіріс поцесін амортизациялық аударымдар есебінен қамтамасыз ету;
Барлық меншіктегі және ұйымдық құқықтық фопмадағы кәсіпорындарда амортизациялық аударымдардың қолданылуының мақсатты сипатын қамтамасыз ету;
Барлық кәсіпорындардың жедел амортизация саясатын өткізу мүмкіндігі;
Негізгі қорлардың өз уақытында жаңаруын ынталандыру және ғылыми техникалық прогерессті жеделдету;
Амортизациялық саясатты өткізу облысында кәсіпорындарға үлкен құқықта беру.
Амортизациялық саясаттың мәні, мақсаттары және міндеттерінен шыға отырып, амортизациялық саясат әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды роль атқарады деген нәтиже жасауға болады.
Тиімді амортизациялық саясатты өткізе отырып, мемлекет келесі міндеттердің шешілуіне ықпалын тигізеді:
Ғылыми техникалық прогресс қарқынының жеделдеуі;
Елдің ұлттық байлығын арттыру;
Негізгі қорлардың сапалық жағдайын жақсарту;
Инвестициялық қызметті жандандыру;
Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Ұлттық экономиканы дамыту.
Қазіргі кезде мемлекет амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолданылу мерзімін қысқату, сонымен қатар амортизациялық аударымдарды есептеудің жаңа тиімді механизмдерін қолдану бағытында, халықаралық стандарттарға негізделген жаңа амортизациялық саясат өткізуде.
Амортизациялық саясаттың негізгі элементтері:
Амортизациялық саясаттың инвестициялық және инновациялық саясаттармен тығыз байланысы. Амортизациялық аударымдар -инвестицияларды қаржыландыру көздерінің бірі және амортизацияланатын активтердің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Амортизациялық аударымдардың мөлшері елдегі инвестициялық қызметті анықтайды. Амортизациялық аударымдар мен жалпы инвестициялар арасындағы қатынас экономиканың даму қарқынын сипаттайды. Егер жалпы инвестициялар амортизациялық аударымдардан көп болса, экономика жағдайы көтеріледі. Бұл жағдайда тек негізгі капиталдың ұдайы өндірісі қамтамасыз етіліп ғана қоймай, қаржыландырудың басқа көздері есебінен, әсіресе пайда есебінен оның өсімі қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы үшін өндірістің төмендеуі тән болды, амортизациялық аударымдар айналым құралдарын қаржыландыруға жұмсалды, нәтижесінде өндірістік қорлардың ескіруіне әкелді. Қазіргі кезде амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың жай ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алмайды. Инвестициялау бағыттары инвестициялық ресурстардың қалыптасуына әсер етеді. Осыған байланысты амортизациялық аударымдарды ен алдымен инновацияларды енгізуге бағыттау керек, себебі нарықтық қатынастар шарттарында бәсекелестік күшейеді, технологиялық инновацияларды игеру нәтижесінде негізгі қорларға көп шығын жұмсамай ақ енбек өнімділігін, өнім сапасын көтеруге болады.
Амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолдану мерзімін экономикалық жағынан өндеу. Пайдалы қызмет мерзімі - компания активтерін қолданудың күтілетін (есептік) мерзімі немесе активтерді қолдана отырып, компания өндіретін бұйым саны. Сонымен бірге активтерді эксплуатациялаудан алынатын тиімділікті максимизациялауға кері әсер тигізетін бірнеше факторлар бар. Сондықтан активтің пайдалы қызмет мерзімін анықтаған кезде жоғарда аталған стандартқа сәйкес келесі факторлар есепке алынады:
активті қолданудың күтілетін көлемі, ол қуаттылық немесе активтің физикалық өнімділігі бойынша бағаланады;
өндірістік факторлардан тәуелді ,күтілетін физикалық тозу.Ол мынадай факторлардан тәуелді: берілген активті қолданатын смена саны, компаниядағы жөндеу және қызмет көрсету бағдарламасы,жұмыс жасамаған кезде активті сақтау шарттары.
өндірістік процесті жетілдіру немесе өзгерту, нарықта берілген өнімге сұраныс көлемінің өзгеруі нәтижесіндегі рухани тозу.
активті қолдануға заңды немесе басқа да шектеулер (мысалы аренда мерзімі).
Амортизациялық аударымдарды есептеудің тиімді механизмін іске асыру. Қазіргі нормативті актілерге сәйкес мемлекет амортизациялық аударымдарды есептеудің бірнеше механизмін қарастырады.Оларға келесі жатады:
сызықтық әдіс;
жеделдетілген (сызықтық емес) әдіс. (төмендетілген коэффициенттерді қолдану, жоғарылатылған коэффициенттерді қолдану, амортизациялық аударымдарды есептеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану (шағын кәсіпорындар үшін), жеделдетілген амортизацияны қолдануға шектеулі сипаттағы шаралар қолдану). Қолдануға рұқсаты бар механизмдер негізінде әрбір шаруашылық субъект кәсіпорын дамуының нақты мақсаттары мен міндеттерінен шыға отырып, оңтайлы вариант таңдайды.
Функционалды қолданылуына сәйкес амортизациялық аударымдардың қолданылуын қамтамасыз ететін шарттар жасау.Соңғы бірнеше жыл барысында қазақстандық нарықтағы инвестициялардың ұсынысы, оларға деген қажеттіліктерді қанағаттандырмайды, сондықтан бәсекеге қабілетті отандық техникалық базаны құру үшін қосымша ресурстар тарту қажет.Осыған байланысты қазіргі кезде негізгі капиталдың массалық жаңару мүмкіндігі болмайды, әсіресе меншікті инвестициялық ресурстар есебінен.Сыртқы көздерден ресурстар тарту қажет.Қалыптасқан жағдайларда айналымнан тыс активтердің ұдайы өндірісін қаржыландырудың жалғыз, әрі тұрақты көзі – амортизациялық аударымдар. Ол үшін мемлекет амортизациялық аударымдардың олардың функционалды мақсатына сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар жасау керек.
Амортизацияланатын мүліктің жаңаруын жеделдетуді салықтық жағынан ынталандыру.Жеделдетілген амортизация механизмін инвестицияларды және жаңа техниканы енгізуді ынталандыру мақсатын көздейтін , салық женілдіктерінің өзіндік формасы ретінде қарастыруға болады.
Амортизациялық саясатты өндеу және іске асыру поцестерін әдістемелік басқару. Амортизациялық саясатты әдістемелік басқару нормативті актілер пакетін дайындау,персоналды оқыту бойынша шаралар өткізу, сәйкес бағытта тәжірибе алмасу, амортизациялық аударымдар есептеудің жаңа әдістерін, ережелерін енгізу процестерін басқару, есепке алу, есептеме дайындау,құжаттарды өз уақытында жеткізу және басқа да шаралар. Амортизациялық саясатты әдістемелік басқару басқарудың барлық денгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс: республикалық және жергілікті, себебі амортизациялық саясаттың тиімділігі бұл процеске қатысатын қатысушылардың қабылдайтын басқару шешімдерінің сапасынан тәуелді болады.
Амортизациялық саясатты іске асыруды бақылау және мониторинг. Мониторинг –амортизациялық саясат саласында ,оның іске асуын бақылау және болжау мақсатымен жүргізілетін бақылау қызметі.Мониторинг келесілерді қамтиды : белгілі бір форма бойынша мәліметтер алу, соңғы мәліметтерді жинақтау және дайындау, амортизациялық аударымдарды есептеу механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру,оладың қолданылуының мақсаттылығын қамтамасыз ету, олардың рационалды қолданылуын бақылау. Мониторинг көмегімен алынатын ақпарат инвестиция көлемін бағалауға, кәсіпорынның ағымдық шаруашылық қызметін және кәсіпорын стратегиясын бағалауға, амортизациялық саясат механизмінің сапасын және оның даму перспективасын бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің амортизациялық саясатының нәтижелерін бағалау. Мониторинг процесінің нәтижесінде алынған ақпарат негізінде тиімділік тұрғысынан амортизациялық саясаттың нәтижелілігі бағаланады. Амортизациялық саясаттың тиімділік көрсеткіштері ретінде мыналарды алуға болады:
негізгі қорларды енгізу және олардың істен шығу қарқынының қатынасы;
негізгі қорлардың тозу дәрежесі;
амортизациялық аударымдарды функционалды қолданылуына сай қолдану;
негізгі қорларды орташа жасы;
айналымнан тыс активтер құрылымында материалды емес активтердің үлесі;
жеке өнім түрлерін өндіру бойынша өндірістік қуаттылықтың қолданылу дәрежесі;
негізгі өндірістік қорлардың құрылымында олардың белсенді бөлігінің үлесі;
амортизацияланатын мүлікті қолдануды жақсарту есебінен табыстың өсімі.
Амортизациялық саясаттың , оның механизмдерінің тиімділігін, оның даму перспективаларын бағалау, негізгі капиталға инвестицияларды іске асыратын кәсіпорындар үшін де, республикалық, аймақтық, жергілікті денгейде экономикалық процестерді реттеп отыратын басқару органдары үшін де маңызды болып табылады.

1.2 Кәсіпорын үшін амортизациялық саясатты таңдаудың мәні және міндеттері


Ұйымның амортизациялық саясатын - негізгі операциялық капиталды басқарудың жалпы саясатының құрамдас бөлігі ретінде, меншікті инвестициялық ресурстардың қалыптасуының саясатының бөлігі ретінде,операциялық айналым активтерін басқару саясатының құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.


Ұйымның амортизациялық саясатының міндеттері:
Амортизацияланатын мүлікті бағалау және қайта бағалау.
Амортизациялық аударымдарды дұрыс есептеу үшін амортизацияланатын мүлікті бағалау және қайта бағалау маңызды орын алады. Негізгі қорлар бухгалтерлік есепке алғашқы құны бойынша алынады,мұның өзі шетелдік стандарттардың негізгі талаптарына сай келеді. Сондықтан кәсіпорын айналымнан тыс активтердің объектілерін ала отырып, олардың құнының қалыптасу ерекшеліктерін есепке алу керек. Алғашқы құны бойынша негізгі қорларды есепке алу қалпына келтіру құнынан ерекшеленеді (әсіресе инфляцияның жоғары қарқынында) және есептелген амортизациялық аударымдар суммасы негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне шығындарды жаппайды.Бұл шарттарда оларды қайта бағалау қажеттілігі туындайды.
Жоспарлы экономика шарттарында негізгі қорлардың қайта бағалануы он жылда бір рет жүргізілген болатын, нарықтық қатынастарға өту,шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруі, инфляция қарқынына байланысты қайта бағалау жиі жүргізіледі. Негізгі қорларды қайта бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
индексті әдіс, бұл жағдайда бухгалтерлік баланста көрсетілген негізгі қорлар объектілерінің қалпына келтіру құны ҚР –ның Госкомстат белгілеген коэффициентке көбейтіледі.
тікелей есептеу әдісі, бұл жағдайда негізгі қорларды қайта бағалау,ұқсас объектілердің баға денгейіне негізделген, эксперттік нәтиже негізінде жүргізіледі. Негізгі қорларды қайта бағалауға нарықтық көзқарас тұрғысынан , негізгі қорлардың нақты құнын есептеуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарда қарастырылған әдістерді қолдануды қарастырады.
2. Негізгі қорлардың және материалды емес активтердің пайдалы қолдану мерзімін анықтау. Қазақстан экономикасында амортизациялық топтарға кіретін негізгі қорлардың классификаторын қолданбастын бұрын ,негізгі қорлар объектілерін қолданудың пайдалы мерзімдері айтарлықтай болатын, олар шетелдік стандарттардан 3-4 есе асып кететін. Мысалы биік ғимараттардың пайдалы қолдану мерзімі 250 жыл, көп қабатты ғимараттар – 100 жыл, темір бетонды көпірлер– 100 жыл, қолмен басқарылатын металл кесуші станоктар – 20 жыл, цемент өндірісінде қолданылатын пештер– 20 жыл, орташа класс автокөліктері -9 жыл.
Эксплуатациялаудың халықаралық нормаларына бағытталған, 2002 жылдан бастап өткізіліп жатқан амортизациялық саясат объектілердің пайдалы қолдану мерзімін бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік беріп, амортизацияны есептеудің халықаралық тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.
"Амортизациялық топтарға кіретін негізгі қорларды топтастыру" туралы ҚР –сы Үкіметінің қаулысына сәйкес ,салық салу мақсатына енгізілгенберілген топтама бухгалтерлік есеп мақсаттарына да қолданыла алады.Бухгалтерлік есепте бұл топтаманы қолдану негізгі қорлардың пайдалы қолдану мерзімін анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі қорлардың пайдалы қолдану мерзімі келесі жағдайларға байланысты анықталады:
күтілетін өнімділік немесе қуаттылыққа сәйкес, берілген объектіні қолданудың күтілетін мерзімі:
эксплуатация тәртібі (смена саны) ,табиғи шарттар, агрессивті орта әсері, жөндеу өткізу жүйесі және басқа да жағдайлардан тәуелді күтілетін физикалық тозу;
объектіні қолданудың нормативті – құқықтық және басқа да шектеулері.
3. Амортизация есептеудің әдістерін таңдау және негіздеу. Шетелдік тәжірибеде амортизациялық аударымдарды есептеудің көптеген әдістері қолданылады. Прогрессивті (жеделдетілген) және дигрессивті амортизацияның оншақты арнай әдістері белгілі. Өнеркәсіптік дамыған елдерде амортизацияны есептеудің әдістерінен мыналарды атап көрсетуге болады:
- алғашқы құннан сызықтық амортизация;
- нарықтық құннан сызықтық амортизация;
- объектіні пайдалану денгейіне сәйкес амортизация;
- анықталған базалық шаманы алып тастағаннан кейінгі амортизация;
- қалдық құнды алып тастағаннан кейінгі амортизация;
- төтенше амортизация;
-күрделі проценттерді қолдануға негізделген амортизация әдісі;
- функционалды амортизация әдісі;
-пропорционалды рентабельділік әдісі.
Амортизацияны есептеу әдістерінің кең тізімі тек жекелеген елдердің ұлттық ерекшеліктерін емес , сонымен қатар белгілі бір кәсіпорындардың қызмет етуінің жеке шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстандық заңдар амортизацияның қолданылатын спектрін шектейді, сонымен бірге заңмен рұқсат етілген амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері де толық мөлшерде қолданылмайды.
4. Амортизациялық аударымдардың мақсатты қолданылуын қамтамасыз ету. Амортизациялық аударымдар өнім өндіру және өткізу шығындарының құрамына кіреді, өнім өткізгеннен кейін түсім құрамында ұйымның есептік шотына түседі. Бухгалтерлік есеп шотының жаңа жоспарына сәйкес амортизациялық аударымдар жалпы ақша айналымында жүреді және ақшалай құралдардың жеке қоры ретінде құрылмайды. Нәтижесінде олар функционалды қолданылуымен қатар, басқа да мақсаттарға жұмсалуы мүмкін (мысалы айналым құралдарын қаржыландыруға). Бірақ егер қаржылық жағынан тұрақты ұйымдарда амортизациялық аударымдар қысқа мерзімді кезенде мақсатты емес қолданылса, кризистік жағдайларда амортизациялық аударымдар меншікті айналым құралдарының тапшылығын қаржыландырудың тұрақты көзіне айналады. Нәтижесінде ұйым негізгі қолардың және басқа амортизацияланатын мүліктің ұдайы өндірісін қаматамасыз ете алмайды. Амортизациялық аударымдардың мақсатты емес қолданылуының негізгі себебі қаржылық ресурстардың жетіспеушілігімен қатар, амортизациялық аударымдар бұл меншікті құралдар, сондықтан көпшілік пікір бойынша ол тегін болып саналады. Осыған байланысты қаржылық ресурстарда қажеттілік туындаған жағдайда бұл қаржыландыру көзі бірінші орында тұрады.
5. Амортизацияланатын мүліктің шектен тыс физикалық және рухани тозуын болдырмау.Негізгі қорлардың физикалық тозуы – негізгі қорлардың материалды тозуы, эксплуатация немесе қызмет етпеу, табиғи күш әсерінің,төтенше жағдайлар (жер сілікінісі, су тасқыны, өрт және т.б.) әсерінің нәтижесінде негізгі қорлардың өзінің табиғи қасиеттерін (физикалық,химиялық,биологиялық) және құнын жоғалтуы.Физикалық тозу негізгі қорларды жарамсыздыққа әкеледі, нәтижесінде оларды жаңа қорларға ауыстыру қажеттілігі туындайды.Физикалық тозудың абсолютті көлемі жинақталған амортизациялық аударымдар суммасымен бейнеленеді.
Рухани тозу – қызмет етіп тұрған негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің арзандауымен немесе негізгі қорлардың жаңа жетілген түрлерін өндіру, енгізуге байланысты негізгі қорлардың өз құнын жоғалтуы.
Кәсіпорында амортизацияланатын мүліктің шектен тыс физикалық және рухани тозуын болдырмаудың, алдын алудың негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:
-жаңа техника мен технологияны енгізу;
- негізгі қорларды енгізу қарқынының олардың істен шығу қарқынынан озуы;
- негізгі қорларды жөндеу-эксплуатациялық қызметті жетілдіру;
-рухани тозуға ұшырау дәрежесінен тәуелді активтердің пайдалы қолдану мерзімін дифференциациялау.
6. Айналымнан тыс активтердің жаңаруының қажетті көлемін анықтау.
Әрбір ұйым өндіріс процесін қажетті санда және сәйкес сападағы негізгі қорлармен қамтамасыз етуге бағытталған, анық ұдайы өндірістік саясат өткізеді.Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің сандық сипаттамасы толық алғашқы құн бойынша негізгі қорлардың балансында бейнеленеді.Оны келесі түрде көрсетуге болады:
Фк=Фн+ Фв-Фл (1)
Мұндағы
Фк - жыл соңына негізгі қорлардың құны;
Фн- жыл басына негізгі қорлардың құны;
Фв-жыл ішінде енгізілетін негізгі қорлар құны;
Фл - жыл ішінде жойылатын негізгі қорлар құны;
Жай ұдайы өндіріс шарттарында іске қосылатын негізгі қорлар құны, физикалық және рухани тозу себебінен істен шығарылған негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлар құнын қамтиды.Осылайша, бұл жағдайда іске қосылған негізгі қорлар құны сәйкес кезендегі есептелген амортизациялық аударымдар суммасына сәйкес келеді.Сәйкесінше жойылатын негізгі қорлар құны физикалық және рухани тозу себебінен істен шыққан объектілер құнын қамтиды. Кенейтілген ұдайы өндірісте, амортизациялық аударымдармен қатар, негізгі қорларды сатып алуға басқа да көздер қолданылуы мүмкін: таза пайда, неселік ресурстар, займдар және т.б. Сондықтан іске енгізілетін негізгі қорлар құрамында өнім өндірісін кенейтуге арналған негізгі қорлар да кіреді.Жай ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорлар қажеттілігін келесі формула бойынша анықтауға болады:
Фвп= Фф+Фм (2)
Мұндағы,
Фвп - жай ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорларды жаңартудың жалпы қажеттілігі.
Фф - физикалық тозу себебінен істен шыққан негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлардың алғашқы (қалпына келтіру) құны.
Фм- рухани тозу себебінен істен шыққан негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлардың алғашқы (қалпына келтіру) құны.
Кенейтілген ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорлар қажеттілігін келесі формула бойынша есептеуге болады:
Фвр= Фф+Фм +Фув (3)
Мұндағы,
Фвр- кенейтілген ұдайы өндіріс шарттарында негізгі қорларды жаңартудың жалпы қажеттілігі.
Фф - физикалық тозу себебінен істен шыққан негізгі қорларды алмастыруға жіберілетін негізгі қорлардың алғашқы (қалпына келтіру) құны.
Фув -өнімнің кенейтілген өндірісін қамтамасыз ету үшін қосымша іске қосылатын негізгі қорлардың алғашқы құны.
7. Негізгі қорлар ұдайы өндірісінің ен тиімді формаларын тандау.Ұйымның амортизациялық саясатын жасауда ен маңызды сәт, негізгі қорлардың ұдайы өндірісі іске асатын форманы таңдай білу, себебі одан жобаларды іске асыру тиімділігі тәуелді болады. Негізгі өндірістік қорлардың ұдайы өндірісінің ен тиімді формалары: техникалық қайта қаруландыру, өндірісті реконструкциялау және модернизациялау. Бұл жаңа құрылысқа қарағанда неғұрлым аз капитал салымдарын қажет етеді.
8. Негізгі қорлардың түрлік, технологиялық, жастық құрылымын жетілдіру.Мұндай жетілдіру күрделі салымдардың технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымының өзгеруіне байланысты. Күрделі салымдардың технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымын жетілдіру келесі позитивті өзгерістер тудырады:
- күрделі құрылыстың жалпы цикл ұзақтығының қысқаруы;
- үлестік капитал салымдарының төмендеуі;
- объектіні уақытынан бұрын іске қосу және қосымша өнім өндіру, пайда табу.
Амортизация әдістері жүйесінде маңызды рөл оның айыбын атқарады. Сызықтық (бірқалыпты) және сызықтық (жедел): іс жүзінде тозу екі әдісі бар. Сызықтық әдісі, жыл сайынғы амортизация сомасы жыл ішінде біркелкі есептелген және негізгі құралдардың бастапқы құны негізінде айқындалады.
Амортизация аударымдарын есептеу келесі қадамдарға сәйкес жүзеге асырылады:
активтерді бөлу
бірдей амортизация ставкасын және олардың құнының анықтау ие топтар үшін жоспарлау кезеңнің басында;
тобында тіркелген активтердің орташа жылдық құнының есебі;
ескере осы қаражатты пайдалану туралы нақты жағдайлар дүкенде немесе кәсіпорында жұмыс көрсетуі түзету факторларды ескере отырып, ақша қаражатын құнын орташа жылдық қарқынын көбейту арқылы амортизация сомасын айқындау;
амортизацияны есептеу барлық амортизацияланатын тiркелген активтер бойынша жоспарлау жылға тозу жалпы сомасы анықталады.
Тозу құнын айқындау сызықтық әдісі тіркелген активтер бірыңғай физикалық және моральдық тозу бағытталған. Бұл болжам физикалық нашарлауына қатысты өте заңды болып табылады. Ғылым, технология, біркелкі дамыған өндірістік технологиясы. Амортизация ережелер көзделген, жеделдетілген гөрі бірыңғай ставкалар бойынша болып жатқан көпшілік жағдайда негізгі активтердің тозуы. Бірыңғай амортизация белсенді ескіру әсеріне ұшыраған жабдықтарды тез ауыстыру үшін қажетті ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз етпейді. Сондықтан, компания оған ескіруі жағдайда қолданыстағы тіркелген активтерді ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін амортизацияны бар болуы қажет. Бірыңғай амортизация тәсілі өнімдеріне бағаның жыл сайын тіркелген активтердің құнын бірдей үлесін қамтиды деп болжайды. Құнының беру бөлігі оңайлатылған формулалар (тарату құнын қоспағанда) арқылы анықтауға болады:
OP= * N (В)/100% FP - құны бөлігі ауыстырылды;
OР – амортизациялық мөлшерлеме (%);
Амортизацияның бірыңғай әдісінін негізгі артықшылықтары болып табылады:
• батып бара жатқан қорына жарналар алған бірізділігін;
• өндірістік шығындарды амортизацияны бөлу тұрақтылық пен барабарлық;
• қарапайымдылығы мен есептеу дәлдігі жоғары.
Ескере салыстырмалық төзімділік құн бірнеше факторларға:
• Біріншіден, бірыңғай әдісі тарату құнының өмірінің соңына арқылы 0 тең болады деп болжайды (осы тарату құны, әдетте, металл бағасы анықталады, іске асыру құны және тіркелген активтерді өндіру тозған қамтиды );
• Екіншіден, бұл әдіс барлық қызмет ету мерзімі негізгі құралдардың амортизациясын біркелкі қамтамасыз етеді. Бірақ өмір бойы тұрып, ақаулық және бір ауысымда толық жүктеу, яғни бар нақты өндірістік жабдық тозуы біркелкі және өндіруге арналған активтерді тіркелген, сондай – ақ біркелкі ауыстырылды.
Бірыңғай әдістің тағы бір кемшілігі – негізгі қорлардың моральдық тозу қарау жоқтығы. Оның жетекші нормативтік амортизациялық кезең соңына дейін ескірген жабдықтарды кәдеге жарату, мына формула бойынша анықталады, оның мәні:
H=(Fo + Pn) - - H Fl,
Н – тiркелген активтер амортизациясы мерзім өткенге дейін лақтыруға;
Fo – қалдық құны;
PL – осы тіркелген активтерді жоюға байланысты шығындар;
FL - тіркелген активтердің қалдық құны.
Толық амортизацияланған емес тіркелген активтерді тарату шығындары қызметінің нәтижелері көрсетіледі. Жылдамдығы (сызықтық емес) амортизация әдісін азайып қалдық әдісі жылдық амортизация сомасы қалдық құны негізінде жыл сайын есептеліп табылатындығында.
7
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. 
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (тозу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл әдісте амортизациялық соманы аудару үшін:
- қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)
- Қазақстан Респупбликасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңды- лығының нормасынан аспауы тиіс.
1.3 «Гауһар» ЖШС ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы

«Гауһар» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік қызметтің төрт бағытын таңдап, толық қуатында (бір ауысымда) жұмыс істейді:


- балалар киімін тігу
- Үйге арналған тауарларды тігу
- арнайы киім тігу
- туризм және демалыс үшін тауарлар тігу.
Кәсіпорын өз шикізатынан, сондай-ақ тапсырыс берушілердің шикізатынан түрлі тігін бұйымдарын шығарады. Кәсіпорында 82 адам жұмыс істейді, оның ішінде 67 әйел. Қазіргі уақытта 2 ауысымдық жабдықтың ауысымдылығын арттыру мақсатында жаңа жұмысшылар қабылдануда. Жұмысшылардың орташа жасы - 41 жыл, ИТР-52 жыл. Негізгі өндірістік қорларды жаңарту және жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Өндірістік ғимарат пен шикізат қоймасындағы шатыр ауыстырылды. Жаңа жабдықтар сатып алынды және орнатылды, ең үлкен жетістік - қазандықты газдандыру. Қазір «Гауһар» ЖШС тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық қызметті анықтайтын негізгі құжат - «Гауһар» ЖШС Жарғысы. Жарғыға сәйкес, «Гауһар» ЖШС басқарушы орган-құрылтайшылардың жалпы жиналысы, онда Бас директор сайланады. Өз кезегінде Бас директорға келесі мамандар - құрылымдық бөлімшелердің басшылары есеп береді:
- бас бухгалтер
- экономист
- бас механик
- өндіріс меңгерушісі
- еңбекті қорғау жөніндегі инженер
- ауысым шеберлері
- қоймашылар
- кассир.
«Гауһар» ЖШС 2014 жылы 13 қазанда тіркелді.
Саласы: тігін бұйымдарын өндіру (халықтың тапсырысы бойынша).
Фабрика аумағында:
1) бас ғимарат (тігін цехы, пішу цехы, әкімшілік үй-жай және қосалқы үй-жайлар) 2 қабат, оның ауданы 1632 м2 құрайды;
2) ауданы 148 м2 гараждар;
3) ауданы 111 м2 қоймалар;
4) ауданы 74 м2 шеберханалар;
5) ауданы 108 м2 Қазандық (газ);
6) ауданы 36 м2 өтетін жер.
Аумағы 10349 м2.
Кәсіпорынның дамуы үшін жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Әрбір кәсіпорын жерді пайдалану мақсатында болуы керек. Оның ауданы неғұрлым үлкен болса, кәсіпорынның тиімді өндірісті қамтамасыз ету мүмкіндіктері соғұрлым көп болады, сондықтан жерді пайдалану үшін Сіз оның құрылымы туралы білуіңіз керек.

1 кесте - «Гауһар» ЖШС жер ресурстарының құрамы мен құрылымы



Көрсеткіштер

2011 ж.

2018 ж

2019 ж.

Ауыткуы
(+,-)







м2

%

м2

%

м2

Жалпы жер көлемі
Ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер, оның ішінде
- бас ғимарат
- гараждар
- қоймалар
- шеберханалар
- Қазандық(газ)
- өтпелі

10349

10349
1632


148
111
74
108
36

100

-
85.8


1.5
1.1
7
1.1
3.5

10349

10349
1632


148
111
74
108
36

100

-
85.8


1.5
1.1
7
1.1
3.5

10349

10349
1632


148
111
74
108
36

1-кестенің деректерінен «Гауһар» ЖШС-дағы жалпы жер ауданы 10349 М2 болғанын көруге болады, ол талданып отырған кезеңде өзгерген жоқ, оның ішінде ауылшаруашылық емес жерлер 10349 М2 немесе жалпы жер алаңының 100% - ын құрады және өзгерген жоқ.


Жұмыс берушінің өндіріске тартқан және материалдық ресурстармен (жабдықтармен, шикізатпен, материалдармен және т.б.) өзара іс-қимыл жасайтын еңбек ресурстары өндірістің өте маңызды факторына айналады. Жұмысшылардың еңбегінсіз кәсіпорын өнім шығара алмайды.

2-кесте - «Гауһар» ЖШС -дағы еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымы



Көрсеткіштер

2011 ж.

2018 ж

2019 ж.

Ауыткуы
(+,-)













адам.

%

адам.

%

адам.

%




Барлығы
оның ішінде өндіріс қызметкерлері
оның ішінде:
тұрақты жұмысшылар
оның ішінде
тігінші
операторлар
технологтар
Қызметшілер оның ішінде:
басшылар
мамандар

106

102

80

14
10


17
22
9
10

100

96


75

13
9


16
19
8
9

93

90


68

13
11


19
22
8
9

100

96


73

14
12


20
24
9
10

46

45


33

20
5


7
12
5
7

10

0


98
72
44
11
15
26
11
15

-60

-57

-47

6
-5


-10
-10
-4
-3

2-кестенің деректерін талдай отырып, 2019 жылы барлық қызметкерлер 46 адамды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 60 адамға аз, өндіріс қызметкерлері 57 адамға азайды және есепті жылы 45 адамды, яғни 98% құрады. Тұрақты жұмысшылар 33 адам немесе 72% құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 47 адамға аз, оның ішінде тігіншілер 20 адам - 44 %, бұл 6 адамға көп, операторлар 5 адам - 11%,бұл 5 адамға аз, технологтар 7 адам - 15%,бұл 10 адамға аз. Қызметшілер 2019 жылы 12 адамды немесе 26% құрады,бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10 адамға аз, оның ішінде басшылар 5 адам. - 11%, бұл 4 адамға аз, мамандар 7 адам-15%, бұл 3 адамға аз.


Еңбек ресурстарына тиісті салада қажетті физикалық мәліметтер, Білім және еңбек дағдылары бар ұйымның бөлігі кіреді.
Кәсіпорындардың қажетті еңбек ресурстарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі, оларды ұтымды пайдалану, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемін ұлғайту және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызға ие.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және оларды пайдалану тиімділігі барлық жұмыстардың көлемі мен уақтылығына, жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді пайдалану тиімділігіне және нәтижесінде өндіріс көлеміне, оның өзіндік құнына, пайдасына және басқа да бірқатар экономикалық көрсеткіштерге байланысты.
Қаржылық жағдай дегеніміз-кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру мүмкіндігі. Ол кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, оларды орналастырудың орындылығымен және пайдаланудың тиімділігімен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастармен, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс болуы мүмкін. Кәсіпорынның төлемдерді уақтылы төлеу, өз қызметін қаржыландыру қабілеті оның жақсы қаржылық жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (FSP) оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне байланысты. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті орындалса, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді. Керісінше, өнімді өндіру және сату жоспарын орындамаудың нәтижесінде оның өзіндік құны артады, кірістер мен пайда мөлшері азаяды, нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігі нашарлайды
Тұрақты қаржылық жағдай өз кезегінде өндірістік жоспарларды орындауға және өндіріс қажеттіліктерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Сондықтан, өндірістің ажырамас бөлігі ретінде қаржылық қызмет ақша ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен жұмсалуын қамтамасыз етуге, есеп айырысу тәртібін орындауға, меншікті және қарыз капиталының ұтымды пропорцияларына қол жеткізуге және оны тиімді пайдалануға бағытталған.
Талдаудың басты мақсаты-қаржылық қызметтегі кемшіліктерді уақтылы анықтау және жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігін жақсартудың резервтерін табу.
Өндіріс рентабельділігі-жалпы (баланстық) пайданың негізгі өндірістік және нормаланатын айналым қаражатының орташа жылдық құнына қатынасына тең коэффициент. Оны есептеу үшін мәліметтер бухгалтерлік баланс болып табылады. Немесе сатылған өнімнің өзіндік құнының (өндірістік шығындардың) әрбір рубліне келетін пайданың шамасын білдіреді.
Коэффициентті есептеудің жалпы формуласы:
Өндірістің рентабельділігі = * 100%.
Сату рентабельділігі-бұл ұйым кірісінің қанша бөлігі пайда болатындығын көрсететін ұйымның қаржылық тиімділігінің көрсеткіші. Сонымен қатар, есептеудегі қаржылық нәтиже ретінде осы көрсеткіштің әртүрлі вариацияларының болуын анықтайтын әртүрлі пайда көрсеткіштерін қолдануға болады.
Сату рентабельділігі = * 100%.
Осы көрсеткішті есептеу үшін қажетті барлық деректер пайда мен шығындар туралы есептен алынады. Сатудың рентабельділік коэффициенті компанияның әрбір тапқан рубльдегі кірісін көрсетеді және сатылымның өсуін тежейтін шектеулі нарық жағдайында айналым деректерін дұрыс түсіндіру үшін де, экономикалық болжамдар үшін де пайдалы болуы мүмкін.

2 Есептеу бөлімі


2.1

Қорытынды


Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.


Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Қазіргі кезде негізгі қорлардың жаңарту процесі машиналардың және құрал-жабдықтардың бағасы қымбаттауына байланысты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Құрал-жабдықтарды ауыстыруға және жаңа технологияларды құруға көп ақша мөлшері қажет. Кәсіпорынның өзінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан бұл жерде инвесторлардың көмегісіз қиынға соғады. Кәсіпорында болашақта шығындарды бақылайтын оперативті басқару жүйесін құру және кәсіпорында толықтай бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін көтеруге үлкен әсерін тигізетін бағдарламасын жасап шығару жоспарда.
Жалпы алғанда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін көтеру келесі бағыттарды кірістіреді:
Өндірістік процестердің автоматизациясы;
Құрал-жабдықтардың модернизациясы және оларды ауыстыру;
Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және т.с.с.
Барлық берілген бағыттар кәсіпорынды дамыту жоспарында қарастырылады. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 3-4 жылдан кейін кәсіпорынның бір қалыпты өзінің дамуы қамтамасыз етіледі және әр түрлі тұрақсыз сыртқы факторлар кәсіпорынға айтарлықтай әсерін тигізбейді.

Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Абдильдина Л. И., Абдильдин С. С. Экономика предприятия. Алматы. 2014

  2. Әлімбетов Қ. Ә., Мейірбеков А. Қ. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2019

  3. Булатов А. С. Экономика. Москва. 2014

  4. Экономика предприятия под ред. Горфинкеля Б. Я., Швандара Б. А. Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2016

  5. Жолдасбаева Г. Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы –Алматы: Экономика, 2015

  6. Русак Н.А. Основы финансового анализа. Мн: Меркаванне, 2015

  7. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности промышленных предприятий. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 2014

  8. Сейітқазиева А. М., Бекназарова А. Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы,- Алматы 2016

  9. Экономика предприятия под ред. В.М. Семенова, - М., 2015

  10. Статистикалық есептеме, форма 11 «Кәсіпорын негізгі қорларының қозғалысы және бар болуы» 2014

  11. Грузинов В.П. Экономика предприятия – М.:Юнити – 2014

  12. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия – 2019

  13. Раицкий К.А. Экономика предприятия. – Москва. 2016

  14. Экономика предприятия.Учебник для вузов. Под ред Н.А.Сафронова- М. Юрист- 2018

  15. Экономика предприятия. Учебник под ред. проф. О.И.Волкова, В.К. Скляренко – М.: Инфра 2018

  16. Экономика предприятия. Учебник по ред М Швайтцера- М.:Инфра 2014

  17. Жиделева В.В.,Коптейн Ю.Н. Экономика предприятия.Учебное пособие- М.:Инфра 2015

  18. Зайцев Н.Л. Экономика организации.- М.,2019




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет