1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары



бет39/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
55. Биосфераның құрылымы
Биосфера — тірі организмдер жайлаған Жер шары қабатының бөлігі, яғни атмосфера, гидросфера және литосфераның бөлігі. Биосфера (грекше bios — өмір, sphaira — шар, сфера) өмір сүруші ағзалармен бірге планетаның тірі затын құрушы, Жердің күрделі сыртқы қауашағы. Бұл адамды қоршаған табиғи ортаның негізгі компоненті, ең бір маңызды жер геосферасы.
«Биосфера» терминін ғылымға бірінші рет 1875 жылы енгізген австриялық геолог Э. Зюсс. Ол биосфераны Жер бетіндегі жұқа өмір пленкасы деп түсіндірген. Өмір сүру үшін біздің планетамызда биосфераның рөлі мен маңыздылығы сонша, тіпті XX ғасырдың үштен бірінші бөлігінде жаратылыстануда жаңа іргелі ғылыми бағыт — биосфера туралы ілім пайда болды, ал оның іргетасын қалаушы — орыстың ұлы ғалымы В. И. Вернадский.
Жер мен оны қоршаған орта Күн жүйесінің заңдылықпен дамуы нәтижесінде қалыптасқан. Шамамен 4,7 млрд жыл бұрын Күн жүйесінен шашыраған газ-тозаң тәріздес заттан Жер планетасы түзілді. Басқа планеталар тәрізді электромагниттік сәуле түріндегі энергияны Жер Күннен алады. Күн жылуы көптеген геологиялық үдерістердің дамуы үшін керек, Жер климатын негізгі құрушының біреуі. Зор жылу тасқыны Жердің тереңінен таралады.
Жаңа мәліметтер бойынша Жер массасы 6-1021 т, көлемі -1,083-1012км3, бетінің ауданы — 510,2 млн км2. Мөлшері шектеулі, олай болса, біздің планетамыздың табиғи ресурсы да шектеулі.
Біздің планета құрлысы біртекті емес және центрлес (геосфера) сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады. Ішкі бөлікке — ядро, мантия, ал сыртқыға — литосфера (жер қыртысы), гидросфера, атмосфера және Жердің күрделі қауашағы — биосфера жатады.
Биосфера — биіктігі 25-30 км (озон қабатына дейін) атмосфераның бөлігі, барлық гидросфера және тереңдігі шамамен 3 км дейінгі литосфераның жоғары бөлігі кіретін Жердің сыртқы қауашағы. Бұл бөліктердің ерекшелігі — планетаның тірі затын құрушы тірі ағзалар өмір сүреді. Биосфераның абиотикалық құрамдары — ауа, су және тау жыныстары мен органикалық заттар, яғни биотаның әрекеттесулері топырақ пен шөгінді жыныстардың қалыптасуына себепші болды. Ал В.И. Вернадскийдің айтуынша, соңғыларының іздері бұрынғы географиялық дәуірде өмір сүрген ежелгі биосфера қызметінде қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет