Химия және қоршаған ортаның курсы, маңызы мен міндеттері.
Қоршаған ортаға химиялық қосылыстардың тигізетін әсері.
В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера концепциясы. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
1.Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы. Адамдардың көңіл-күйі мен өмір сүруі - қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Адамдарды тамақтандыратын, киіндіретін және оларды энергиямен жабдықтайтын, құрылыс материалдарын беретін – табиғат орта. Азамат, өзін қоршаған табиғи ортаның таза сақталуына, өндіріс қалдықтары мен сарқынды сулармен ластанбауына мүдделі. Сондықтан, табиғи ортаны зерттейтін ілім саласының қажеттілігі де өте зор.
Жаратылыс құбылыстарының ықпалымен, азаматтың іс-әрекетінің, тіршілігінің салдарынан қоршаған табиғи ортаның өзгеру заңдылықтарын қарастырып, оған тәуелді және байланысты заттар мен құбылыстарды анықтайтын жаратылыстану ғылымының бір бөлігі - экология тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты. «Экология» терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель, ғылымға бірінші болып енгізді. Латын тілінде «ойкос» - үй, тұрақ, мекен, ал «логос»- ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни сөзбе-сөз аударғанда, тіршілік мекені туралы ғылым. Аталған ұғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі: экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан оның қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Қолайлы қолданыс үшін, ұзақ мерзімге дейін экология-қоршаған ортаның экологиясы деп аталып келді.
Көптеген ғалымдар экологияның анықтамаларын беріп, оның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсетуге тырысты. 1920 жылы американ ғалымы Ф. Клементс - экологияны бірге өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым деп есептесе, 1930 жылы Ұлыбритания ғалымы Ч.Элтон - экологияның негізгі міндеті - түрлердің популяциясы мен олардың санының динамикасын зерттеу деп ұғындырды.
1955 жылы Киевте өткен Экологиялық конференциясында, экология ғылымы-түрлердің популяция санының өзгеруі мен өзара әрекеттесуші түр топтарының биоценоздардың дамуы процестеріне байланысты, организмдер мен қоршаған ортаның өзара байланысының өзгеріске ұшырауын зерттеуі тиіс деп революция қабылдады.
1958 жылы К.Фридерикс, экологияны- табиғи комплекстердің мүшесі ретінде, ол тіршілік иелері туралы ғылым деп түсінді. Й.Карпентер (1962ж.) экологияны қауымдастықтар туралы ғылым десе, американ ғалымы Х.Б.Одум (1963ж.), экологияны табиғи құбылыстарды энергетикалық тұрғыдан зерттеумен сипатталатын, табиғаттың құрылымы туралы ғылым деп атады.
Алайда, неғұрлым дәл және қысқа анықтама беруде, ғалымдар бір-бірімен жарыса отырып, бұл ғылымға толық анықтаманы өз заманында Э.Геккельдің (1869 жылы) бергенін естен шығарып алды: Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны органикалық және органикалық емес ортамен әсіресе, оның тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қаталдық, жаулық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда, экология; Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп, барлық күрделі қарым-қатынастарды зерттеу болып табылады.
Экология ғылымының зерттеу объектілері мен міндеттері туралы келтірілген анықтамалардың кезінде морфология мен физиология ғылымдарына ерекше бағышталуы түсінікті де. Екеуі де бір пәнді зерттейтін физиолог пен экологтың өз пәндерін түсінудегі айырмашылығын, 1930ж. Плантефоль жақсы анықтап берді: физиолог жасанды ортаға әкеліп орналастырылған организмдерді зерттейді де, алынған жеке-жеке деректерді синтездейді. Эколог болса, организмді үнемі өзгеріп, тұратын күштер әсер ететін табиғи ортада зерттейді. Қазіргі кезде, әсіресе, биологиялық пәндер бойынша эволюциялық принцип жетекші орын алған сәттерде, экологияның міндеттері нақтылануы тиіс.